Бәріңе! Шақырту! Ашылу!

Құрметті, блогшылар! Бұрыннан жоспарланып жүрген жобамыздың (Блогшылар құрылтайына қатысқандар біледі) пилотты нұсқасы дайын болып қалды. Жоба деп отырғанымыз kinostan.kz сайты. Бүгін жұмадан сенбіге қараған 8 сағаттық түнді порталдың тех.жұмыстары мен аударма жұмыстарына арнауға тура келіп тұр. Өйткені сенбі күні, яғни ертең, яғни 11 маусымды сайттың ресми ашылған күні деп жариялағымыз келеді. Сол орайда, сайтпен кеңірек таныстыру үшін блогшыларды, журналистерді шақырамыз. Баспасөз-маслихаты дейін десек беделді БАҚ өкілдеріне ресми шақырту жіберген жоқпыз, және жар сала жариялауға үміттерді ақтай алмай қаламыз ба деп қорқып отырмыз. Жәй ашылу салтанаты дейін десек, салтанатты ештеңе жасамаймыз. Жәй ғана сайтты таныстыру, көрсету, қызығушылық ояту, сұрақтарға жауап беру және серіктестер мен кино саласында жаза білетін көмекшілерді іздеу.

Өтетін уақыты: 11 маусым 2011 жыл, сағат 14-00.
Өтетін жері: Алматы қ., Қазыбек би к-сі (бұрынғы Советская), 50, 3 қабат, 100 офис;
Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, жолдың үстіңгі жағында, «СОХО» мейрамханасының, «Банк Центр Кредит»-тің қарсысындағы үш қабатты ғимарат.

Сонымен, келіңдер, күтеміз.
Сәлеммен: @qisyq, @patick
және @blackbeard, @e_zhalgas, @Erbol

P.S. Келетіндеріңізді жазбаша түрде растап, kinostan.kz@gmail.com поштасына хат жолдасаңыздар өте жақсы болар еді. Бұл өте маңызды.
Бөлісу:

30 пікір

omarbirat
 Өміршең бір сайт болуына тілектеспін!
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 16:38
asaubota
ох шешессс! бірінші рет энтузиастық бір жобаның ашылуы болайын деп тұр.
AKY
Иә, қолдасаңыздар да, қолдамасаңыздар да дегендей
AKY
Құтты болсын! Мықты сайт болсын)
Gulistan
Патик, құтты болсын! Еһһ, Алматыда болғанда барар ем!
alisha
Пәттің қолға алған ісі сәтті болсын дейміз!
Zilola
Қуаныштымын, құттықтаймын!
Бесеуіңе  жолдаймын
patick
келмейсің ба?
Zilola
өкінішке орай бара алмаймын
Қуанышыма орай бауырымның қуанышын бөлісуге бұйыртса ертең кетемін Жамбылыма
Zilola
мен үйге бармай, сендерге баратын болдым  (қарсы болмасаңдар)
Erbol
Бесеу болғанда негізгі жоба авторлары, иелері мына мырзалар @qisyq, @patick. Қалғанымыз волантер, көмекшілер. Қисық пен Пәтіктің жанкештілігің арқасында дүниеге келіп жатқан сайт құтты болсын.Дамуына бәріміз де үлес қосамыз деп ойлаймын.
Zilola
паселуйымды қайтарып беріңдер, баратын болдым
madlen
Жарайсың, керекинфо қыздарының атынан сен болатын болдың!
madlen
Ертең сағат 15:00ге дейін жұмыста боламын
Arhun
Бұл сайттың болашағы бар секілді…
balzaminka
Талаптарыңызға нұр жаусын, Сіздерге де, біздерге де берері мол болсын!
VKM
сембистер, сайттарыңыз құтты болсын!
Arnur
Астанадамын, сол себепті бара алмаймын. Киноқұмарлардың бірі ретінде осындай сайттың ашылып жатқанына қуаныштымын. Ресейлік «Кинопойск» сайтына жиі жүгінемін. Болашақта, «Киностан» да сондай тартымды сайтқа айналсын.
«Киностан» деген аты тамаша екен. Әрі бірден түсінікті, әрі қарапайым…
Altygradus
құтты болсын жігіттер. Жоба сәтті жылжып кетсін
Gamk
Ооо, тағы бір қазақша сайттың ашылғанымен барлықтарыңызды құттықтаймын! Іші қызыққа толсын!
Ojdan
Жоба деп отырғанымыз kinostan.kz сайты.
Осындай сайттар көп болсын!Құдай қаласа сайттарыңа жиі кіреттін қолданушы боламын(Фильм көргенді ұнатамын).
timurrr
Айда, жылда бір кино қарағым келген кезде не қарарымды білмей, ақыр соңында интернетті ақтарып-ақтарып ұйықтап қалатын едім. Қадамдарыңызға гүл бітсін. Игілікті іс болсын деп тілеймін, жігіттер!
meirzhan
Бастамаларыңа сәттілік!
Zilola
көп адам келеді ме екен?
patick
келмейсіңдер ма, түктібаймайдтар, күтіп отырмыз
VKM
Телефонмен хабарлассаңыз келем дегендермен,1000 км отырған бізді қызықтырмай
satibaldi
Ал қазір қандай керемет сайт болды. Ризамын осы сайтқа. Дачым болмаса да айтайын.
punk
кино туралы қазақ тілінде бірдеңе оқи алатыным қуантады мені, сәттілік жігіттер