Қыз бен жігіт айтысы
Қыз бен жігіт айтысын қыздырайық,
Балықты өз майына қуырғандай @Оразәлі Досбосынов
Сағынып айдай сұлу @alisha -ны
Май астында қабырғам майысады
Мен шақырам бұл жерге ғашығымды
Қисық пен АКҮ және сайысады
Балықты өз майына қуырғандай @Оразәлі Досбосынов
Сағынып айдай сұлу @alisha -ны
Май астында қабырғам майысады
Мен шақырам бұл жерге ғашығымды
Қисық пен АКҮ және сайысады
«Сол жақта Қарағандыдан келген ақын — Әбіләкім!»
Онымен айтысайын деп отырған Атыраудан келген ақын — Алиша!
Жүрсін сахына жаққа қарап тұр. Ал айтыскер ақындар шықпай жатыр.
Қыз бен жігіт айтысы қызық қандай!
Көрермен боп, қолпаштап отырайық,
Қызу айтыс шымылдығы ашылғандай!
Көрерменнің көңілі басылғандай,
Айтыскерлер қазақилық жасап алып,
Жүрсіннің қып-қызыл боп ұялғаны-ай.
Айтыс тоқтап қалды деп жабықпасын.
Қасиетті жұма күнге шегерілді,
Айтыскерлер оған дейін демін алсын.
Бірақ елге қайта оралды, ағайын.
Енді, ағалар әпкелермен айтыссын,
Ал, мен болсам осы жерден тоқтайын.
Ертең жұма – бір мейрам мұсылманға,
Сұрамайық Аллаһтан тек қысылғанда.
Уа, жамағат! Дұға тілеп, құлшылық қыл,
Береді Аллаһ жалбарынып сұрағанға.
Пайдалы іске уақытты бөлмек едім…
Онымен сері жігіт көрінбеді
Түрегеп төрден орын бермек едім…
Айтыса алмай қор болдың ба аузың толып
Алиша бұл күнді мен де күтіп жүрдім
Бастайын сізге қарай енді жорық
Қағида ғой бұл да бір ұстанатын қазағым.
Өмір барда, өлім бар, тіршіліктің заңы ғой,
Бергей дейміз қайырын Жаратқан осы қазаның.
Аман шығар қосағың, бауыр етің — балаң да.
Елден хабар болсын бір, жаңалықтан айта отыр,
Нендей жақсы хабар бар мекен еткен қалаңда?
Домбыраңның құлағын
бұрадың екен неше кун
Әбіләкіммен айтыса алмай
жыладың екен неше түн
Дайынсың ба әліш қыз?
Мен біз едім тесетін
алдаспан едім кесетін
Тамыры терең еменмін
кессең қайта өсетін!
бірде жауын, бірде ыстық
келіншектердің жасындай
жыласа бір күн басылмай
келіншектей тағыда
таң атқанша өртейтін
от құшағы басылмай
Жасаураған жанарды
Жұбатпай ма пана боп…
Жыласа бір күн басылмай
Жанында демек аға жоқ,
Жанашыр болар ері жоқ,
Жан бар ма, қалқам, шері жоқ?
Қайда еліңнің ерлері…
Саған да Әбіл дауа жоқ!
Келіншек не деп жылайды?
Қасына бір түн қонсаңыз
Тағы бір түн деп сұрайды
Сол түні егер қалмасаң
Жастыққа жасын бұлайды
Сен — біз болсаң, мен сенің қайрағыңмын,
Жанып ұғар төркінін ойдағыңның,
Сен дағы емен болсаң терең енген,
Мен — сенің жапырағың бойдағы мың.
Бізімді қайрауға сен келіп пе едің?
Олай болса қарсылықсыз берілейін
Алиша, мен өзіңе ерік бердім)))
Сөзден астар іздеме, өтінемін.
Сіз-біз десіп жасайық әдемі айтыс,
Тілеуім осы ғана, Әбіл, менің.