Бақұл бол!
Бұл жазбаны өмірімде алғаш және соңғы рет көрген бауырым Бағауаддинге арнаймын.
Мен оны алғаш рет көрдім және соңғы рет. Одан кейін оның бетін қара топырақ жапты, өзім сол қара топырақпен оны жерлестім. Бұл өткен жексенбі күні болып еді. Ауылда едім. Қаладан хабарласып әке-шешемнің жекжаты болып жүрген Абдулуахид деген кісінің баласы қайтыс болды депті. Бірден жолға шығып кеттік…
Түсінікті болуы үшін басынан айтайын. Жамбыл өңірінде өткен ғасырда шейх Зүннүн деген кісі болған екен. Сол кісі менің атаммен жақсы қарым қатынаста болыпты. Ол кісі туралы талай аңыз бар. Бірі өзенді теріс ағызған десе, енді бірі басқа кереметтерін айтады. Өз басым оларға сенбесем де айта кеткенді жөн көрдім. Сол кісінің баласы Абдулуахид қары, ғалым кісі. Ол кісіні жұрт Қарекең атап кеткен. Сол Қаракеңмен біздің үйдегілер таныс, біліс.
Қарекеңді бұрын атын естігенім болмаса түрін көрмеппін. Өзімше сақал мұрты қауғадай, үлкен кісі қылып елестеттім. Қайтыс болған кіші баласы екен. Шымкентте машинамен авария болыпты. Ол жігіттің есімі Бағауаддин, жасы небәрі 17-де екенін естігенде денем дір ете қалды…
Таразға жеттік. Үйіне жақындадық. Жай уақытта далыйып жататын Жамбыл даңғылы машинаға толы. Мына басы Пушкиннен басталып, ана басы Ленинге дейін жетіп тұр. Жолдың ортасынла ГАЙ-лер жүр. Шынымды айтсам жас жеткіншектің өліміне осынша жанның жиналуы мені таң қалдырды. Оған қоса бұл жақта Таразда жүрмеген машиналар жүр.
Түстік. Мен де түстім. Қолымда дәсорамал. Өзгелердің артынан жүгірдім. Жағалай тұрған елдермен құшақтасып өттім. Бұл менің қазаға үшінші рет келуім еді…
Ортада боздақтың ұстазы уағыз айтып тұр. Көзінде жас. Қарекең қай кіс деп қасымдағылардан сұрадым. Ешкім мардымды жауап қата алмады.
Сәлден соң жаназа намазы оқылды. Жаназаға келген жұрт даладай болған есіктің алдына сыймай сыртқа дейін созылды…
Жаназадан кейін жерлеуге, Тектұрмасқа беттедік. Жүріп келеміз. Тектұрмасқа бет алған машиналарда есеп жоқ. Біз айналма жол арқылы кетіп қалыппыз. Ауыл ма, әлде қалаға кіре ме, әйтеуіп жер үйлердің қасынан өттік. Кейбірі ақталмаған. Кей жерлерде жаппа тамдар көрінеді. Ал, анадай жерден айбарлы, сәнделген қорымдар тұр. Тірі жан лашықта тұрады, өлілер хан сарайында. Парадокс. Кей жерлерде «Бәйтерекке» ұқсас ескерткіштер бар…
Келдік. Жапа тармағай машинадан түсіп жерлейтін жерге жүріп кеттік. Айнала ырғын машина, адам. Кемінде мыңнан аса адам болған шығар. Кімдер жоқ дейсің. Тараздың аты шыққан бұзықтары, блатнойлары, дінде жүрген мен деген жігіттер, әкімшіліктік адамдары, тіпті Астанадан президент әкімшілігінің апарат жетекшісінің орынбасары келіпті. Сол жерде барып мен Қарекеңнің беделінің қандай екенін түсіндім. Бірақ, ол кісіні әлі көрмеп едім.
Жұртшылық жабыла боздақты көрге салды. Сырттан бақылап тұрған мен өзімді сол жігіттің орнында елестетіп көрдім. Қорқынышты. Бірақ, әйтеуір бір күні сонда баратының анық. "Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?" Тірі кезіңде тіршілігіңді жасамасаң өлген соң саған ешкім жәрдем бере алмайтынын анық ұғындым.
Жерлеп болған соң бір кісі «Мүлік» сүресін оқыды. Ортада отырған, үнсіз егілген жан Қарекең екен. Ол кісі тіпті мен елестеткенге келмейді. Жасы қырық бесте. Сақал-мұрты жоқ. Жақында ғана қырыныпты.
Жерлеуден соң АЮ мейрамханасында қонақасы берілді. Ас батпады. Қонақасыны ұйымдастырғандар Қарекеңнің жолдастары екен. Өз үйінде қазан көтерілген жоқ! Әркім өздерінің тілі жеткенше көңіл айтуға тырысты. Бірақ, ең соңында сөйлеген Қарекеңнің өз сөзін барлығы ұйып тыңдады.
"… Аллаһ, өзі бергенін өзі қайтып алды. Оған қарсы шығуға бола ма екен? Ұлды берген кезде қуанып, қайта алған кезде қапалансақ біздікі дұрыс бола ма? Біз Аллаһқа шексіз мадақтар айтуға тиіспіз..." Көзінде жас, дауысы бірқалыпты. Мында отырған біздің көзден жас кетті. Неткен шыдамдылық, неткен сабыр десеңші?!
Үйге келдік. Көңілсізбін. Керекке кіріп аздап көңіл көтергендей болдым. Агент те мазалайды. Бірақ қайта-қайта сол жас жігіттің көрге кіргендегі бейнесе мен әкесінің сабыры көз алдымда көлбеңдеп тұр.
«Бақұл бол, бауырым, Бағауаддин! Мен сені өмірімде алғаш және соңғы рет көрдім. Жаның кеудеңнен ұшып кеткен болса да сен маған үлкен сабақ бердің. Жаның жанатта болсын! Сен бізден ертерек кеттің. Иншаллаһ! бізді сол жақтан күтіп аларсың. Бірақ біздің қай жаққа баратынымыз белгісіз».

Алла жар болсын баршамызға!
((((((((((((((((((((((((((((((((((((((
Қазаға қатысқан адамдар саған ұқсап өмір мен өлім жайлы ой түйіп, әркім осылай айта алмайды. Санаулы адам ғана өмірді шын қадірлей бастайды. Қалғандары қайғырып, жылап сықтағанымен, өзінің де өзгенің де өмірінің бағаламайды, қадірін түсінбейді, көппен бірге адас деп бұрынғы сол күйбең тіршілігін жалғастырып, ақыретті ойламай өмір сүре береді, өкінішке орай…