«ҚазНеттің жаназасы-2» немесе Қуырдақтың көкесін Гуглді сойғанда көресің!


«ҚазНеттің жаназасы» атты мақаламда еліміздегі .kz доменіне қатысты жаңа заңның негативті тұстары туралы жазған болатынмын. Көп күттірмеді. Өздеріңіз куә боп жатқандай, бүгіннен бастап google.kz өз доменін google.com-ге редирект (басқа жаққа сілтеп жіберу) жасады. Сондай-ақ, енді сіз қандай да бір ақпаратты іздегенде бұрынғыдай «Қазақстан аумағынан іздеу» дегенді таппайсыз. Себеп сол, .kz доменін алған сайттың барлығы физикалық түрде Қазақстандағы хостерлерге орналасуы міндетті. Дәл осы заңғы қатысты міндеттеме-үшбу хат Гуглшілерге де жетіпті. Өздерінің ресейдегі ресми блогында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Іздеу инфрақұрылымының аға вице-президенті Билл Каран былай деді:
Интернеттің негізгі қасиеті сол – кімде ғаламторға шығуға мүмкіндік болса, соған кіммен де болса қарым-қатынас жасау мүмкіндігін береді. Интернет – ол қандай да бір мемлекеттің шекарасына бағынышты емес. Сол себептен де инновация мен сөз бостандығына, белгілі бір дәрежеде сауда-саттықтың дамуына бұдан 20-30 жыл бұрын тіпті мүмкін болмаған жағдайды тудырды.

Алайда, өздерінің әрекеттерінің нәтижесі қарапайым халық пен мемлекеттің экономикасына қалай әсер ететініне мән бермейтін кейбір елдер Интернет-кеңістікке шекара қоюға тырысып бағуда.

Осыдан бір ай бұрын Қазақ желілік ақпарат орталығы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің .kz домендердің барлығы физикалық түрде Қазақстан аумағындағы серверлерге орналасқан болуы шарт екендігі туралы заңмен таныстырды.

Бұл — google.kz арқылы енгізілген іздеу операцияларын түгелдей Қазақстандағы серверлерге жіберу деген сөз. (Дәл қазір біздің жүйеміз келіп түскен ақпарат сұранысын автоматты түрде ең жақын маңдағы доменде өңдей береді. Яғни, біздің жұмысымыз қандай да болсын географиялық аймаққа не белгілі бір мемлекеттің шекарасына тәуелді емес).

Біздің алдымызға өте күрделі мәселе көлденеңінен қойылды: Интернет-кеңістікке шектеу қою — тұтынушылардың ақпарат іздеу әрекетіне кедергі жасап қана қоймай дербес мәліметтердің қорғанысы мен сөз бостандығына да ықпалы тиетін мәселелерді көтеріп отыр.

Егер біз амалдың жоқтығынан www.google.kz сайтындағы іздеу жұмыстарын тек Қазақстанда орналасқан жергілікті серверлерде өңдейтін болсақ, онда Интернеттің фрагменттелуіне, яғни бөлшектенуіне себепкер болатын едік.

Осы жайттарды ескере отырып, google.kz сайтына келген пайдаланушыларды қазақ тіліндегі www.google.com сайтына кері бағыттауға мәжбүр болдық. Өкінішке қарай, бұл шешім қазақстандық қолданушылардың іздеу жұмыстары сапасының төмендеуіне алып келеді. Себебі, іздеу нәтижесі жергілікті спецификацияға [менің түсінігім бойынша қазақ әріптерін айтып отыр — timurrr] сай өңделмейтін болады.

Еркін Интернеттің дамуына айтарлықтай кедергі жасау мен қызмет сапасының төмендеуі секілді екі жолдың бірін таңдауға мәжбүр ететін осындай шаралар бірінші кезекте тұтынушыларға зор әсерін тигізеді.
Біз осы мәселеге орай Үкімет пен басқа да мүдделі тараптарды еркін Интернетті дамыту шараларында бас қосып, бірлесе жұмыс атқаруға шақырамыз. Бұл өз кезегінде қатардағы пайдаланушыға өз септігін тигізіп, жергілікті эконмиканың дамуына және жалпы әлемдегі инновацияның жандануына әсер ететіні сөзсіз.

Дәл осы мәселе бойынша, осы жылдың наурыз айында, Алматы қаласында өткен блоггерлер басқосуында сөз еткен едім. Бірақ ол кезде нақты шаралар қолға алынбағандықтан біз оның әсерін сезінбеген де едік. Нәтижесін енді көріп жатырмыз. Біздің жоғарғы жақтағы шенеуніктер орын алып отырған оқиғаға жіті көз тастап, дер кезінде мән бермесе, жағдайдың одан әрмен ушығуы мүмкін. Ал yandex.ru болса бұл жағдайға қуанбаса, өкпе білдіре қоймайтыны анық. Демек, Қазақстан үшін mail.ru мен yandex.kz дәуірі туды деген сөз. Бұл не? Өткен ғасырға кері қайту ма әлде?..

ПыСы: Қош келдің орыс оккупациясы!

1-Қосымша: Мына жерде біздің аса құрметті бауырларымыз өз пікірлерін басқаша білдіріпті.
Бөлісу:

26 пікір

qisyq
Назад в будущее…
asaubota
мен де жаңа осыны жазып едім, сен түсініктілеу етіп жазыпсың.
timurrr
Рахмет! Алайда, мен сізден бұрын жазып болып, қаламымды суытып отырғам...))
asaubota
мен көрмей қалыппын, соны айтып отырмын ғой.
patick
жақсы таласпаңдар енді, екеуіңдікі де жақсы
timurrr
Jumysta otyryp asygyp-usigip jazgam. Sol sebepti audarma jasaganda magynalyk oreskel kateler jiberippin. Uige bargasyn jondermin, inshallah. Azirshe keshirimmen karai turynyzdar
izbasar
gmail.com неге істемейді білмейсіңбе?
omarbirat
Менде істеп тұр. mail.google.com деп кіріп көрші
konvict
Гугл.кзның көмегіне көп жүгіне қоймаппын.
timurrr
бірінші рет естуім мұндай адамды
konvict
менің айтқым келгені гугл.комды пайдаланушы едім
izbasar
Мәсаған, қазақтық іздеу серверлері барма дұрыс жұмыс жасайтын.
timurrr
қазақтық дұрыс!!! іздеу серверлері жоқ
omarbirat
Кешеден бері Гугл Хром қуып жатыр. Бұрын іздеген нәрсемді адрес жолына тере беруші едім. Қазір өйтсең, google.com ашылады. Іздеген сөзіңді сол жердегі іздеу жолына тереді екенсің. Басқа браузерлерден айырмашылығы қалмаса, Хромды Нақу ақынның құрметіне орнаттым ба деп отырған енді, сол.
timurrr
гуглкызыны комға редирект жасағанда айырылған қалыпкүйіміз (хехе) сол…
asaubota
Хром маған өте ыңғайсыз, Файрфоксшымын мен.
qisyq
Хром ғана емес, менде Опера да сөйтіп тұр.
timurrr
Басқа не қиындық көріватсыңдар, амиголар?
asaubota
күніне кірушілердің 70-75 % іздеу жүйелерінен кіретін бір сайтым бар еді, соның статистикасы күрт түсіп кетті.
Пікір түзетілген: 9 маусым 2011, 17:03
timurrr
Айтпақшы, солай. Қазақ Интернетінің СЕО-сы құрдымға кету қаупі бар. Сенің ол сайтың қазір жобамен 10-шы не 20-шы бетте жатқан болар?)
qisyq
@omarbirat, мұнда бір қызық тәсіл ұсыныпты Қазақстан бойынша іздеу жүйесін орнатуға қатысты. Сосын мына пікір бар екен, екеуі бір ме, меңгере алмадым.