Теміртаулықтар қазақ мектебіне қарсы!

Теміртау қаласында қазақ тілді мектептерге күн өткен сайын, сұраныс артып келеді. Қалада 17 орыс мектебі бар, олардың көбісі толық емес. Яғни оқушылары жетіспейді. Сонда да сыныптарды ұстап отыр. Қазақтарға қазақ мектептері жетпегендіктен, балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр! Ал ата-аналар балаларын қазақ мектептеріне бергілері келеді. Қазақ мектептері болса сан жағынан аз болғандықтан, ол ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз ете алмауда. Өз үйінің маңынан мектеп таба алмай қиналған қазақтардың көп екендігін ескерген жергілікті әкімшілік екі орыс тілінде білім беретін №9 және №16 мектептерді қазақ мектебіне ауыстыру туралы шешім шығарды. Осы мектептердің ұстаздары мен оқушыларына басқа мектептерде орын табылғанына қарамастан, кейбіреулер «қиямет» орнағандай шу шығарып, қарсылық білдіруде. Сонда осы күнге дейін қаншама қазақ баласы мәжбүр орыс мектебінде оқығанда үндемеді ғой. Құқым бұзылды демеді ғой. Орыстардың ойынша оларда құқық бар бізде қазақтарда құқық жоқ сияқты сезінетіндігін көрсетіп тұр ма қалай? Бұл орыстардың шовинистігін көрсететеді. Бұл мемлекеттік тілді мойындамау деген сөз, мемлекеттігімізді, Қазақстанды мойындамау деген сөз. Қазақ мектебі көбеймей, қазақтар Қазақ елінің орыс тілді мектептерінде оқуға мәжбүр.
Бөлісу:

23 пікір

Onlasyn
Бұл мемлекеттік тілді мойындамау деген сөз, мемлекеттігімізді, Қазақстанды мойындамау деген сөз.
Қазақтар өздері мойындап алсыншы бірінші
saken
бар қазақтың атынан сөйлеуді қою керек қой!
meirzhan
жарайды, жартысы мойындамайды дейік
Janasil
Ал орысша оқуға мәжбүр болған балалардың ата аналары осы уақытқа дейін үн шығармаған ба сонда. Өзімізге де обал жоқ қой!!!
boztorgai
тәуелсіздіктің алғашқы жылдары алматыда осындай жағдай болып еді ғо
Abilakim
Азаттықтағы www.azattyq.org/content/kazakhstan_temirtau_kazakh_language_school/24214407.html мақаланың тонын айналдырып жіберіпсіз)))) Сілтеме қоя салсаңыз болар еді, толығырақ дегендей…
satibaldi
Өкінішке орай, осындай өң айналдырып беретін малдар қаптап кетті. Мысалы сен айтпағанда, мен шынымен солай деп ойлап қалар едім. Халықты атыстырып қойып, өзі ірі соғыс теоретигінің тонын киіп алып отырғысы келетін пяншіктер. Аттан салып жүріп, өзі артта қалып қоятын кәмәндірлер осылардан шығад.
meirzhan
«Орыс мектептерін жаппаңдар» деушілердің дені қазақтар шығар, құдай біледі. Өз тілімізді өзіміз сыйламасақ, кім сыйлайды?!
Аралас мектеп қылған дұрыс болушы еді. Көш жүре түзеледі.
Altygradus
Аралас мектеп қылған дұрыс болушы еді. Көш жүре түзеледі.
иә солай істеген дұрыс болар ед. Кейін сұранысқа қарай реттеледі
meirzhan
Бір депутат ағамыз: «Смешанный мектептің балалары помешанный болады» — деп бір "қатырған" болатын.
Altygradus
менің ауылда оқыған мектебім сондай аралас болатын, менің кластастарыммен қатарлас класс соңғысы болды ғой дейм, немесе одан кейін тағы бір жыл ғана болды ғой дейм орыс класстары, қазір жоқ. Соншама айқай шу шығармай ақ бітіруге болатын шаруаны, кейде біздің басшылар да қызық.
meirzhan
Кейбір 100 пайыз қазақтар тұратын ауылдар бар, сол ауылдарда аралас мектептер қазір де бар. Таза қазақи ауылда орысша оқиды. За то білім мен тәртіп жақсырақ дейді бұнда. Сенікі қай ауыл еді?
Altygradus
біздің ауылда бұрын немістер көп тұрған, кейін бәрі кетті ғой. Бізбен қатарласып орысша оқығандар қазақтар бәрі. Сандары аз болды бітірер кезде, мектептен кетіп қалғасын турасы есімде жоқ. бірақ 4 класс оқығанда көп бала ауысқан әйтеуір қазақ классына, біздің классқа бір топ боп көшіп келгені бар еді
VKM
Біз жақта да сол соғыс… 3 мектепте бала толы,2 смен оқиды. Ал 36 мектеп өте үлкен, орыс мектебі, толық емес. Соларды былтыр ауыстырмақ болған, айқай-шу шықты. Келесі жылы бәрібір ауысады дегенді естіп,қуандық. Менің 2 бауырым түстен кейін оқиды, ыңғайсыз солай(((
meirzhan
Ох, жазаланса екен, қатал жазаланса екен.
Zilola
Кезінде әпкелерім орыс классында оқып жүріп, ол класстарды жапқан соң қазақ класына ауысып қиналғаны бар еді.
Орыс мектебі бізден алыстау болған соң әке-шешем қазақша оқи бер деген. Мысалы олар қазір «не там не тут» болып қалған.
Орысша грамматиканы жақсы білгенімен, қазақшадан шорқақтау. Орысша керемет сөйлемесе де, қазақшаны да оңдырмайды.
Сосын бір әпкем «н» мен "ң", "ү" мен "ұ" әріптерін қатты шатастырады. Кейде бірдеңе жазып отырса сұрайды, «с хвостиком или нет» деп.
VKM
Ой, Мақпал, сол с хвостикоммен мен қанша қиналдым десеңші… Біздің Айдока да орыс грамматикасынан нашар, жаңа-жаңа дұрысталып келеді. Қазақшадан орысшаға өткеннің последствиесі.Мен басында оның жіберген қателерін көріп, шок болғанда, папам айтты: қорықпа,үйреніп кетеді,қатесін дұрыстай бер деп)))
Zilola
мектеп, басшылық, ата-аналарды қоя беріп. Балаларды ойласам, соларға обал екен. Дүбәрә болып қалады да просты.
konvict
Менің ойымша ше копи пасттан құтылатын заман келді.
saken
дұрыс қой, бірақ ол үшін ең алдымен Теміртаудан бір адам Керекке тіркелуі керек. Сосын ол өз көзімен көргенін паст қылуы керек.
chimaq
elderingiz tynysh bolsyn,qazaqtar algha basa bersin… (ana surettegi jazu ne maghyna .ne dep tur, rahymet...)
Altygradus
«біздің мектебімізді қалдырыңыздар» деп жатыр
e_zhalgas
аралас мектептері түркістанда да көп еді, таза орыс мектептерін есептемегенде. біз 7-8 класқа ауысқанда олар жаппай жабылып, араластары қазақылана бастады. сол кезде қазақ кластарына орыстілді мектептерден оқушылар ауыса бастады, біздің класта да екі қыз болатын. "ң" мен "ә" әріптерін дұрыс айта алмайтын  олар приколдың эпицентрі еді бірақ ))))

ал теміртаулықтар қазақ мектебіне емес, толық орыс тілді мектепті толық қазақшаға ауыстырғанына, балаларының басқа, алысырақ жерге, барып оқуына қарсы шығар  мен солай түсіндім