БҰТ-қа арнау (бірыңғай ұлттық тест)

Иә, заман өзгерді
ҰБТ-ны көз көрді
Телміртті баланы
Тілектес көздерді

Біреулер жылады
Біреулер қуанды
Біреулер жуады
Ал, біреулер…
жіпке ілініп тұрады

Түсе алмай таңдаған салаға
Не дейін жылаған балаға?
Обалы жеткіншек гүлдердің
Ан жақта отырған апа мен ағаға!
Бөлісу:

14 пікір

izbasar
Ан жақта отырған апа мен ағаға!
— Олар обал сауап дегенді білеме?
Beytanis
Дайындалған адамға БҰТ дейсің бе, ҰБТ дейсің бе, зор мүмкіндік! Талай адам адал 80-90 ұпайымен оқуға түскен, түсіп жатыр, түсе береді!
Abilakim
Мәселе, сол тестінің толық білім деңгейін дәл бере алмауында. Баланың білімін анықтаудың әйелдердің жүктілігін анықтаудан да қиын екенін кім білген…
Beytanis
ҰБТ-ның бір плюсы мектеп бітіру емтиханы мен ЖОО-ына емтихан тапсыру бірге! Бұрынғыдай 5 емтихан мектепте бөлек-бөлек, 5 емтихан ЖОО-да бөлек-бөлек емес, ауылда оқитындарға, жалпы жақсы оқитындарға мүмкіндік. Толық білім деңгейі жайлы әңгіме тереңге кетеді, айта берсек. Тоқ етері, ҰБТ жақсы бір лотерея!
omarbirat
Не деген қырсық қысқартылған атау еді өзі ))) Орысшасы мен қазақшасындағы сөздердің орындары сәтсіз шығады ))
Бірыңғай ұлттық тестілеу десе БҰТ болады, орысшасы Единое национальное тестирование — ЕНТ.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) дегенді орысшаласа, Национальное единое тестирование, яғни НЕТ болып шығады ))
izbasar
БҰТ бала білімі емес, ата-ана қалтасын тексереді. Ата-аналар мұғалімдерді сатып алады.
balzaminka
ҰБТ-БҰТтың өзгелерінен ерекшелігі жоқ, қай кезде де қалта қағылған, даже кеңес одағында да
izbasar
Не істеу керек?
balzaminka
білім алу керек
izbasar
Ақшаң болса қалтаңда ҰБТ-ға қарай талтаңданың кейпін 100 пайыз киіп алдық па деп тұрмын то.
izbasar
Алдыңғы жылы республика бойынша 75 пайыз, былтыр 85 пайыз сапа болған еді биыл ???..
Beytanis
Ата-аналар мұғалімдерді сатып алады.

Қате пікір. Ата-аналар балаларының дайындығы үшін ақы төлейді десең дұрыс болар.
timurrr
Мадиссссс! Мағынасы да, табықыры да керемет! Бұл әрине, ҰБТ емес БҰТ болатын…