999 немесе Есірткіні жеңген жігіт жайында

"Үш тоғыздық" фильмін көріп, көңілім құлазып сала берді. Фильмнің сапасынан емес, алған әсерден.

Фильм есірткіге тәуелділік жайында. Суреттемесі былай дейді: Фильмде 9 негізгі кейіпкер, өмір жайында 9 цитата. Метис есімді рэппер есірткеге тәуелділіктен құтыла алды, бірақ есесіне сүйген қызы сол үшін өмірін құрбан етті. Линда есімді нашақорды көрген Метис, оның өмірін құтқаруға бел байлайды...

Американдық драма стилінде түсіруге тырысқан секілді режиссер Марина Кунарова. Көңіл босатар көріністері де жетерлік. Жиіркеніш туғызатын қойылымдарын көргенде, шынымен де есірткінің ең лас нәрсе екенін бар жан-тәніңмен түсінесің. Түсініп қана қоймай, өзгелерге де солай деп айтқың келеді, жеткізгің келеді. Адамдардың қаніпезер пиғылына, шынымен де біздің қоғамның бір-біріне пофигистік көзқарасына тәнті боласың.

Актерлердің ойынына тағар мінім жоқ. Басты кейіпкер болып ойнайтын «Метисы» тобының ұзын бойлысы — Валерий Задарновскийдің барынша тырысқаны көрініп тұр. Жылай алды экран алдында (қыздар көріңдер ). Сондай-ақ, фильмнен аса танымал актерлерден Максим Акбаровты (Сказ о розовом зайце), Төлепберген Байсақаловты (Тюльпан, Трубадур, Бақсы, т.б.) көре аламыз.

Бұл режиссер қыздың еңбегін алғаш көріп отырмын. Жалпы, өзіндік бір қолтаңбасы бар немесе стиль қалыптастыруға талпынып жүр деп ойлаймын. Басқа да туындылары болса, салыстырып көру қажет екен. Негізінен, жаман емес.

Экшн-көріністер мен әдемі трюктер фильмнің сюжетіне етене кіріп, үйлесім таба алды деп 90 пайызға айтуға болатын сияқты. Десек те, ол сәттерді жай қосымша деп қарастыра аламын. Өйткені, ол әдемі трюктерсіз-ақ фильмге жақсы баға бере алар едім.

Ең ұнаған көрінісі — соңында екі көліктің қарама-қарсы соқтығысуы болды. Әрине, компьютерлік графика шығар, бірақ өте әдемі де әсерлі шығыпты. Операторлары мен компьютерлік әрлеушілерінің кәсібилігіне риза болдым.

Диалогтардан жасандылық көре алмадым. Ең бастысы осы ғой — әйтеуір адамдар арасында байланыс бар. Белгілі бір мөлшерде. Артық та емес, кем де емес. Нәтижесінде, бір емес, бірнеше рет қайталап көруге тұрарлық әсерлі драма пайда болды. Қуанышты сәттерінен көрі, қайғылы, ауыр қойылымдары көп болса да, көрерменнің есінде жақсы жағынан көпке дейін сақталады деген сенімдемін.

Баға: 8/10.

P.S. Он-лайн көргісі келетін адамға жекеден сілтемесін жібере аламын.
Бөлісу:

13 пікір

Gastarbaiter
Төмендегі видеоны жүйкесі нашар адам қарамағаны жөн. Бірақ есірткінің қаншалықты лас, қаншалықты зұлым екенін білгіңіз келсе. Есірткінің «дәмін» «бір көрсем қалай болар екен» деген ойларың болса міндетті түрде қараңыз.
Жалпы бұл видеоны әрбір мектепте көрсету керек деп ойлаймын.

konvict
Лібәд, құсуға кеттім
omarbirat
Осылай, нақ.
Gastarbaiter
" Ххехе, да ладно, попробуй на раз ниче не случится" дегеннің ақыры осылай болады.
«Сауап өздеріне» дейін десем, өзіме жақын адамдар бар сол тақырыпта опат болған. Білместікпен кіретіндер бар, Алматыда қолы, аяғы шолақ жас қайыр тілеушілер көп. Барлығы шетінен «соғыс құрбандары» деген табличкамен отырад. Бірақ көбісі осындай бәледен болуы да мүмкін.
nurjanbay
 
кесілген аяғының татуировкасы бар екен
blackbeard
Бұл коаксил атты есірткі тектес нәрсе. Есіркі жоқ кезде осымен адамдар өздерінің құмарларын басуға тырысады. Негізінен коаксилды қабылдаған соң шамамен үш ай ішінде коаксил салынған дене мүшелері шіри бастайды!
Simona
мынау адам болмайды ғой түбі.
Қанша уақыт жүрген созып осындай нәтижеге әкелу үшін!?

Бір деректі фильм көргем немісше Орта Азия туралы. Онда түрмеден шыққан еркектер туралы. Бәрі наркотик қабылдаған, ине арқылы СПИД жұқтырған. Бәрі қазақ пен қырғыз жігіттер.
Arnur
Алла сақтасын… Адам деген малдан хуже екен.
bazuka
Бұл киноны ондық балл бойынша тоғыз баллмен бағалар едім.