ҰБТ+ҰҚК
Сонымен кешеден бастап елімізде ҰБТ басталды. 11 жылғы білімің үш ақ әріпке тәуелді болды деген сыңайлы твитті кеше оқып едім (Асхаттың жазбасы ғой деймін). Расында тестілеу оқушылардың нақты білімінің көрсеткіші ма? Жоқ.
суретттің қожайындары
Себебі өз басым алгебрадан қақпаймын. Сондықтан ҰБТда алгебрадан барлық сұрақтардың жауабын А нұсқасымен белгіледім. Осылайша, 6 балл жинадым — үшке жетеді…
Менің айтпағым жалпы ҰБТ-ның «прогибке» алу емес, сол шараның ұйымдастыру барысы жайлы ой толғау. Сонымен таңғы сағат 7:30, Талдықорған қаласы, І. жансүгіров атындағы ЖМУ. Орыстар осындайда «яблоку не где упсть» дер еді, мен қазақпын сондықтан ине шаншар жер жоқ деп суреттеймін. Оқушылар, ата-аналар, мектеп директорлары, мұғалімдер, облыстық және қалалық білім басқармасының қызметкерлері, ДЧС, 103, 101, 102, ҰҚК, «Жолики» (жол полициясы), әкімшілік қызметкерлері, вообщем барлығы жиналған. Оқушылар толқып тұрғандарын ата-аналарынан жасырып, олар да дәл солай әлек болып тұр. Атмосфера стресске толы. Осылай толқып тұрған оқушылар ішке кіре берісте өмірінде тұңғыш рет ҰҚК қызметкерлерімен бетпе-бет көріседі. Тінту деген масқара екен. әуелі кейбіреулер іш киімнің ішін тінтіп әлек. 5 минутта болмай жиналған шпорлар біт төбе болып жиналып та қалды. Соткалар өз алдына бір төбе. Детектор тиқылдаса бітті, шмон басталады…
Осы шмонды ҰҚКнен басқа жүргізетін адам табылмады ма?! Ұлттық Қауіпсіздік комитеті деген білдей аты бар қызметкерлер «Face control» жұмысын жасауда. Дұрыс па осы? суреттің қожайындары.
ҰҚК-нің жұмысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету емес пе? Ал біз оларды осындай төмен дәрежеге түсіруіміздің себебі неде? Дәл солай, тінту жүргізуді неге полиция қызметкерлеріне тапсырмасқа? Осылай болсын деген шешім шығарған кім?
суреттің қожайындары
мына суретті қайдан алғанымды ұмытып қалдым.
Тәңірньюстен
ҰҚК-не оқушылардың шопрларымен күрескенше, экстримисттік ұйымдармен, наркотрафикпен, және т.б. оданда маңыздырақ жұмыстармен айланысып, солармен күрескені жарасар еді.

Мен де қолдамаймын. Білімді таразылаудың басқа жолдарын қарауға болады емес пе?!
Тест тапсырғанда 120 сұрақтың 110-ын дұрыс белгілеп, ал 111-ші сұрақты арттағы біреуге көмектесем деп, автоматический қате бояп жіберіп, сол 110 балмен кредитке ғана оқуға түскенімде, Білім және ғылым министрлігіне деген өкпем қара қазандай болған Обидно! Және сол еңбектенгендердің бағы шаппай қап жатады именно
бәрі-бір түсем ғо деген ой болған!
Оқуға бірден түсіп кеттім, за то қызыл диплом