Қызылордам-ай



Бұл Қызылорданың орталық алаңының көрінісі.

Соңғы уақытта көрген қалаларымның ішіндегі шаршағаны, тозғаны менің туған қалам болып тұр өкініштісі. Климаты да, жер жағдайы да ұқсас деген Атыраумен салыстырсам, Атырауға қарасаңыз, көзіңіз тояды. Ұқыпты, тиянақты, таза. Ал, Қызылорда… бір басшысы жоқ, ақша табар ресурстары тағы жоқ елді мекен сияқты.

Ия, жаңадан салынып жатқан объектілер баршылық-ақ. Біздің үйдің өзі сол жаңа мөлтек ауданда орналасқан. Жаңа орталықтың ауданы болмақ дегендері қашаан, алайда неше жыл өтті, әлі сол сөз қалпында. Тұрғындарға жағдай жасалмаған. Кешкілік бой жазып қайтар саябақтар жоқ, болмайды да ғой деймін. Қанша қаражат құртып, канал жүргізді, 2 жыл бұрын ғой деймін. Жағдайы мәз емес ол каналдың. Мешіт бар, оның арам шөп басқан кең ауласы бар. Бой жазып ол жерде кешке жүре де, бас қосып отыра да алмайды екенсің құдай үйі деп. Одан қалды сауда үйі бар. Болды. Орталыққа барып, жүріп қайтпақ болғанда жоғарыдағы көрініс.

Жолдар туралы айтар сөзім жоқ. Бетін әжім басқан 90-дағы қарт кісіні еске түсірсе қайтейін енді. 90 жылдық ғұмырының бет айнасы болған әжімдер ол кісіге жарасады да емес пе?! Ал, әрі кетсе 2 жылдық тарихы бар жолдардың әжімденіп, тоз-тозы шығып жатса не дерсіз-ау мұндайда :(

Жұрт айтады да, қала тұрғындарының жүйкесі тозған, бірнәрсе десең болды, шырт етіп сынуға даяр деп. Жағдай жасалмаған жерде қайдағы жүйкесі оңған жан болсын? Жұмыстан шаршап қайтқанда демалатын жер болмаса, көшеде келе жатқанда көзіңе қуаныш сыйлайтын жер ол болмаса, отбасыңмен салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасалмаса адам жүйкесі азбағанда не жорық? Қалада не көп, кафелер көп-ақ. Құдды бір мешкей қарынға құлдық ұрған сияқты. Адамның рухани азықтануына, өсуіне жағдай жасалмаған.

Сіздің қала жағдайы қалай, құрметті оқырман?
Бөлісу:

46 пікір

madlen
Жаның ашып кетеді екен мына жазбадан соң :(
Шымкент туралы сосын жазайыншы, ойланып, еске түсіріп біраз…
balzaminka
іш ашиды жаман :(
Gastarbaiter
мен бұл қаладан хабарым аз, Қызылорда облысынан болғанымен, көп уақытым өз ауылымда, және Алматыда өтті.
Кішкентай кезімдегі Қызылордамен салыстырғанда қазіргі қала көрінісі тәуірлеген сияқты біршама. Сондықтан ештеңе айта алмаймын.
satvaldo
бiлмейм. өзiме Қызылорда ұнады. Алматыда жүргенiмде жолдас балалар онда тұра алмайсын деп қорқытқан ед. халқы, базар йоҚ, жақсы, қыздары да әдемішең +боевитые бiраз, жiгiттерiнде жоқ мiнездер қыздарында бар :))) кәз сағынып жүрм о жақты…
Zilola
Мен өзімнің Жаңатасым жайлы жазсам жылайтын шығарсыңдар :(
Бұндай сұры, сиқы кеткен қалалар көп. Бәрі барып бір кісіге тіреліп қала берген соң, қойдық ғо :(
Gastarbaiter
Бір кісі сол өзің ғой. Әркім өзіне өзі жағдай жасай білу керек. Көбіне біреуге жалтақтамай, өз жағдайын жасай білген адамның жалобасы да азаяды.
Zilola
Жаңатасқа жолың түсе қалса менің үйіме қонақ болып кетуіңді өтінемін.
Менің үйімнің ауласындағы жағдай қаланы бәрібір көрікті етіп көрсетпейді :(
Ал асфальт төсеп беруге әзір ақшам жоқ, құдай қуат беріп еңбектеніп, байып жатсам жасаймын әрине.
Gastarbaiter
құдай қуат беріп еңбектеніп, байып жатсам жасаймын әрине.
Кандидаттың сайлау алды уәдесіне ұқсап кетті.
Zilola
Мен негізі саясатқа қатысым жоқ, билікке талпынысым да жоқ.
Тек ..., жарайды Жаңатасым-ай деген тақырып жазамын ертең-арғы күні, соны оқығанда түсінерсің
Gastarbaiter
соны оқығанда түсінерсің
Оқымай ақ түсініп отырмын. Просто мәселеге кешенді қарайық дегенім ғой.
balzaminka
Айтпақшы, Жаңатас туралы оқыдым, суреттерін көрдім. Жүрек ауырғанын мойындаймын :(
Gastarbaiter
Айтайын дегенім президент, әкім болмай ақ, өз аулаңды көгалдандырып, кәсіп жасап, демалыс орындарын көбейтуге болатын сияқты, қатты желание болса.
balzaminka
демалыс орындары жөнінде келісем. Алайда, басшылық тарапынан халық жағдайын жасауға талпыныс болу керек шығар. Потребительское мнение болмау керек басшыда.
KILYZAMAN
Гастаның айтқанына 100 пайыз қосыла отырып мына бір
Алайда, басшылық тарапынан…
— сияқты қолдау немесе үкім күту әдетіміз қала беретінінде мойындауымыз керек ау. Дейтұрсақта басшыға басымызды ұсынған құлдық пиғылдан арылу керектігі тағы бар… Басшылардың т*шпаған төбесі болушыма еді?
balzaminka
Қилеке, жергілікті бюджеттен болсын, мемлекеттік бюджеттен болсын ақша бөлінбейді емес, бөлінеді. Оның ішінде, қаланы абаттандыруды бақылайтын органдар бар, оны абаттандыратын кісілер бар, әкімнің орынбасары, қала әкімі, одан қалды президент алдында жауап беретін облыс әкімі бар. Басшы көп болып, қой арам өліп жатыр, осы қынжылтады. Құдайым-ау, егер облысымызда еш өндіріс көзі болмаса екен, кедейміз дейтін. Бірақ, олай емес қой. Мұнай, уран шығып жатыр, алайда біз оны көрмек түгілі сезе де алмаймыз. Байқоңырымыз ол бар, бірақ одан да түсіп жатқан ақша жоқ. Тек экологиямыз, денсаулығымыздың нашарлағаны болмаса. Қаламызға Баймаханов мырза әкім болғанда, қала көркі біраз жақсарған болатын, ал қазіргі әкімге бәрібір сияқты :(((
KILYZAMAN
Баяғыда «народный контроль» деген нәрсе болушы еді...Қазір соны қайта жаңғырту керек шығар, әлде ондай нәрсе бар, бірақ мүшелері аналармен(абаттандырушылармаен) ішектес(құлқындас) болып кеттіме?
balzaminka
білмейді екенмін және көрмеген де екенмін :)
Erkekyz
Көктемде ғой деймін, Жетісайды өзіңіз көріп кеттіңіз. Негізі бұрынғыға қарағанда қала жақсы болып қалған. Менің ауылым Жетісайдың жанында. Басқа ауылдармен салыстырғанда жағдайы әлдеқайда жақсы. Өкініштісі сол ауылдан көшіп жатырмыз. Қимаймын.
balzaminka
ия, Райхан, көрдім. Өзіңе ұнағанын айтқан да болатынмын :))
Жаңа қоныс құтты және берекелі орын болсын!!!
Beytanis
121
balzaminka
апаттан құдай сактасын, Бейтаныс. Тек сол кезде ғана дауыс шығару шарт емес шығар :)
Erkekyz
Рахмет, иншалла солай болғай. :)
Gastarbaiter
Қызылордаға капельное орошениемен болса да неге шынымен талдар еге бермейді екен жан жағына? Аяқсу деген тегін келіп тұр. Жан жағы Дарияның арналары толып жатқан. Тіпті су тасып жатады.
Ең бастысы көк ғой. Алматыда да ең алдымен мен тастан қаланған керемет сереметтері емес, Тауы және көктің көптігі қызықтырады. Ағаштар көп болса, кез келген қала әдемі болады.
balzaminka
елбасшысы айту керек :))
saken
Қызылордаға капельное орошениемен болса да неге шынымен талдар еге бермейді екен жан жағына?
кезінде болған ондай бағдарлама. «Жасыл желек тоқсан бір бәле» деген. Өкінішке орай «науқаншылдық» белең алып, ол еккен бау бақтардың орнында шеңгелде өспей қалды.
saken
Қаланың да, облыстың да өркендеп көркеюіне ең қажетті нәрсе, сол өңірдегі ірі өндіріс ошақтарының болуы ғой. Қызылорда облысы Қазақстандағы бірде бір зауыты болмаса фабрикасы жоқ облысы шығар мен білсем. Бюджетіміз тек Құмкөл мұнайы мен уран кенішіндегі байлықпен ғана толтырылуда сияқты. Әрине әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, мүмкін басқаша боларда ма еді, бірақ онымен бүкіл облыстың әлеуметтік жағдайын жөндей алмайтынымыз белгілі деп ойлаймын.
balzaminka
Сәкен, бізде егін шаруашылығы өте жақсы. Мал шаруашылығы супер болмаса да, әйтеуір жоқтан жақсы. Балық шаруашылығы ше? Тұз, кварц өндіру ше?
Еш өндірісі жоқ, алайда саудамен де дамып отырған қалалар бар. Ол үшін әрбір саудадан салық алыну керек. Біздер сол элементарно чек те талап етпейміз сауда жасағанда. 1 теңгенің болса да қазнаға түскені өзімізге пайда келтіретінін түсінгенде жағдайымыз оңалатын шығар :))
saken
саудамен дамып отырған, бірақ орналасуы дәл Қызылордадай (көршілері әупірімдеп өмір сүріп отырған мемлекеттер, ешбір мұхит-теңізбен шекарасы жоқ) бір қала бар ма екен?
Ал ауыл шаруашылығының тек жоқтан жақсы деңгейде ғана дамып отырғанын мойындайық енді, әрі ауыл шаруашылығы қай кезде де пайда әкеле алатын салаға жатпайды (әсіресе біздің табиғатпен).
AKA
Ия, әрине қынжылтатын тұстар көөөп… Адамдардың санасына да байланысты сияқты, жаңадан салынған құрылыс объектілерін құртып, қирататындар да кездеседі. Расында да, бюджеттен бөлінген қаржы тиімді жұмсалмайтыны шындық! Қаламның көркейуіне оқуды бітірген соң өз үлесімді қосамын ИншАллаһ!
Janasil
Жақында Түркістанд қаласында болдым.Бармағаныима жылдай болған еді. Қала тура бір көшіп кетейін деп отырған секілді. Жаңа тіршілік нышаны көрінбейді.
AsanQaigy
Талдықорғанда ол жағынан мәселе тумайды. Тек кейде арықтарды тазаламайтындары бар. Су толып, көшеге қоқысты шашып кетеді.
araika
мына суреттер "Қызылордада тал жоқ!" дегенді жоққа шығарып тұрғандай ма? :)
balzaminka
:)
Mansy
balzaminka айтып жатқанын орынды. Бірақ бәрібір не болсада туған калаға жетпейді-ау жетпейді.
Mansy
Түнгі Қызылорда

araika
Бірінші суретті бекер салдыңыз, сәнін бұзып тұр Қорқыттың :) Қалған екеуіне дау жоқ
AKA
Неге? Әдемі-ақ тұр, қыс мезгілінде түсірілсе керек… Керісінше, үшінші сурет артықтау, себебі бұрынғы сурет, қазіргі көрінісі басқа. :)
balzaminka
:) бәйтерек тұр)))
araika
талдардың сыйдиып, бір-біріне жақындаса жеп қоярдай, алыстан араласып тұрғандары ұнамады
balzaminka
Қызылорда жаман дегім келген емес, тек шынайы сын болған да жақсы деген көзқарасымды жасыра алман. Кім білген, қала басшысына да жетіп қала ма деген үміттің бар екенін де айтып өткім бар :)
Mansy
Қала әкімінің баспасөз хатшысына көрсетеміз. Осы мақаланы, мүмкін жетіп қалар
Aramza
Қала дегенненгөрі ПГТ деген келеме деп ойладым
Esmeralda
О, менің папамның туған жері ғой)
balzaminka
сенің ата жұртың десем артық бола ма: :))
Esmeralda
солай айтуға болатын шығар)