Бақ шабама, бап шаба ма? ҰБТ басталды.

Бүгін рәміздер мерекесімен бірге еліміз бойына ҰБТ басталды қазір еліміздің кейбір аумақтарында осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып келіп таудай білім алып талапкерлеріміз ата-анасы мен ұстазының үкілеген үміттерін ақтау үшін бәйгеге түсіп жатыр. Асығы алшысынан түссін деген тілек бізден.
Бөлісу:

26 пікір

sigma
Бақ шабама, бап шабама? ҰБТ басталды.

Соңғы кездері ата-ана шауып жүр ғой
izbasar
Ат көтере алмауы мүмкін.
Aizhantabyn
Барлықтарына сәттілік! Алты жылдың ар жағы болса да, стресс дегені әлі есімде! Ужас еді ғой… (((
serjan
Жалпы тестті көрсем асқазанымда біреу отын сүйреп жүргендей болады.
madlen
Бақ шабама, бап шабама?
Бақ шаба ма, бап шаба ма?
balzaminka
эстафетаны алғанбысың? :)))
serjan
Осы сайтқа корректор болып жұмысқа тұрғансыз ба?
madlen
шыдай алмаймын енді :)))
izbasar
Түзетіп қойдым.
balzaminka
бақ шаба ма-болуы керек еді десем ренішіңізді тудырмаймын ба?)))
AsanQaigy
ҰБТ тақрыбы көп көтеріліп жатыр. Бірақ сөз сөз болып қалып қояды. Бүгін Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-де бірінші толқынның балалары тест тапсырды. БАҚ өкілі болып кірдік. Оқушылар толқып, улап-шулап жүр. тексеру тура қылмыскерлерді тінтігендей болып өтеді. Бір оқушының іш киіміне (прям қолын салып) дейін тексергенін өз көзіммен көрдім. осындай қатты тексеру балаларға кері әсер етеді.
AKY
БАҚ өкілдерінің көзінше сөйткен шығар.
satibaldi
Түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі…
meirzhan
Осы ҰБТ-дағы қарбалас менде негтив туғызады. Бәрінің есіл-дерті білім емес, балл алу. Қандай жолмен болса да…
AKY
Дұрыс қо енді, ҰБТ-да білім алмайды, балл жинайды.
meirzhan
Олар мектепте білім алу емес, балл алуды ойлайды. турлі жолдармен
saken
дейді: ҰБТ болып жатырған ғимаратта, ұялы телефондарды «тұншықтырып» (глушить етіп) тастайтын құрылғылар болады. Бірақ ол құрылғы ТЕЛЕекіні «тұншықтыра» алмайды екен міс. Мектеп бітіруші жамаат жапа тармағай жаңа байланыс номерлерін сатып алуда екен.

дереккөзі белгісіз.
izbasar
Глушитель жай ғана сөз болып қалды ғой. Жақшаның іші үшін.
AsanQaigy
глушитель болмады. Маған қоңыраулар ккеліп тұрды
izbasar
Е, БҰТ-танда қадір қалмады. Бюджеттен гулшак үшін бөлінген қаржы басқа арнаға бұрылып кеткенбе?
Gamk
Иии, тест дегенді оқуға 6 рет тапсырған менен сұраңдар. Көрдік қой талайын.
balzaminka
Өзіме тест тапсырған ұнайды  ҰБТ тапсырмасақ та, оқуға түсерде тест тапсырдық қой. Менімен бірге екі інім де тапсырды, сол кезде тез-тез өзімдікін толтырып тастап 1 інімдікін толтырып болам дегенше 2-ші інім шыдамай өзі толтырып қойған еді, оқуға түсе алмай қалды нәтижесінде , қанша контролер жүрсе де ебін табасың ғо
izbasar
Сен тапсырғанда нағыз тест еді ғой. Қазір тест тапсырады білім тексеру үшін емес, қалта тексеру үшін.