Арнағыштарға арнау

Керегіме жарап тұр ғой «Керегім»
Күннен күнге үлкеюде дерегің
Жұрттың бәрі өлең арнап жатыр ғой
Мен де ендеше осы жолмен желемін

Біреу арнап біреулерге өлеңін
Пайдаланды жастығының желегін
Бір қатын мен бір баламыз бар шақта
Жас қыздарға өлең арнау «не теңім»

Бір біріңе өлең-жырлар арнаңдар
Тек виртта емес, реалда да самғаңдар
Қосылсаңдар өздеріңе жақсы ғой
Ал асаба тойларыңды армандар!
Бөлісу:

9 пікір

Janasil
керемет! Тек астына телефон номеріңді жазып қойсай.
KILYZAMAN
Аранғыштарға арнау
-Арнағыштарға дегің келді ау деймін…
sigma
Мен де, қайта-қайта оқып қойып едім
sammita
Аранғыштарға арнау
арандатқыштарға арналған өлең бе десем:))
Aizhantabyn
жасырын жарнама ма, қалай өзі)))
Abilakim
Байқамай кеткен қате ғой, түзеттім «Арнағыштарға арнау»
Gastarbaiter
Арнағыштарға арнау

Сайт мүшесінің мүшесі © дегендей бопты.
Armanjan
Бір қатын мен бір баламыз бар шақта
өлең әрі қарай жалғасын табу керек
Abilakim
Бір бала мен екі қатын Екі бала бір қатыным бар шақта)))