Бізге бір жыл толды
Әне міне дегенше, AINA мен Gastarbaiter -дің операторлары Альмира мен Асқардың бірге тұрып жатқанына бір жыл толды.
Шыны керек бір жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Маған біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз. Бір жыл сынақ мерзімін жанжалсыз, скандалсыз, ыдыс-аяқ сылдыратпай өткіздік.
Менің ерке мінезім бар, ішпей жемей құтырып кететін, тормоз ұстамай қалатын, қатты сөйлеп қоятын, артық кететін жерлерім бар. Бірақ осы бір жыл некеде, (оған дейінгі бір жылды есепке алмағанда) Альмира маған бір даусын көтеріп, "әй" деген емес. Достарым келгенде, қабақ шытпай, кеш болсын, ерте болсын жақсы қарсы алды. Үнемі жайдары күлкісімен қарсы алып, жылы сөзбен шығарып салып тұрады. Дұрыс емес жерімді әрқашан айғайсыз, сабырлы түрде жеткізе алады. Ондай сабырлыққа әйелдер жылдап жетеді. Бұл әке-шешесінің тәрбиесі мен өзінің түйсігі деп білемін.
Тіпті екеуіміз қыз-жігіт болып жүргенде, мен санаторийде жатқанда, Құдайдың құтты күні бір-екі сағаттан сөйлесетінбіз. Менің 1 жыл сырқат кезімде де, ұзаққа созылған жұмыссыздығымда да, әкемнің өлімінде де менімен бірге қиналған Альмира.
Қиындықта бір-бірімізге демеу болып, қуанғанда бірге шаттандық.
Ол да болса Альмираның ақылдылығынан деп ойлаймын. Алдымызда әлі талай сынақтар бар.
Бұндайды ауызша айтайын десем, әзілге айналдырып, мазақтап, дұрыс сөздің быт-шытын шығаратын жаман әдетім бар. Өмірімнің қиын-қыстау кезінде Альмираға кез болған мен, бүгінде сап-сау, еңгезердей жігітпін, екі езуге бір жұмыс та табылды:), Айанадай қызым бар.
Әлекеңнің арқасында мен де сабырлы болуды, өзімді шолжаңдаған бозжігіт емес, енді ересек бір оттың ағасы сезіне бастағандаймын. Әңгімеміз таусылмайды. Ешқашан Альмирамен оңашада қалғанда, ішім пыспайды. Құдай көп көрмесін дейміз ғой. Айанадай қыз үшін, жалпы осы әлемде бар болғаның үшін рахмет саған Альмира!
5 қауымдастығым аааай:))))
Не дейміз енді, өмірдің соңына дейін осы қалыптан таймаңдар
Талай қырықтан асса да, ақыл кірмеген жеңгейлерімізді көріп жүрмін ғой әйтпесе. Дегенмен ия, Альмираның менен үлкен екенін сен ескертпесең ұмытып қалатындайым бар:)
айтқан «сырға»ларыңа ойым кетыватыр, тағы бір ойым құрдаспен бажа болсам ба? деп қоят:)
керекшіл арландармен, тарландармен «тап-тату бажа» болудан кет әрі емес екен)) Фшт-фшт, жігіттер!
Жарайсың, Гаста! Шынайы жазылыпты, ет-жүректі елжіретіп.
Жарастықты жанұя, 2 жылдықтарыңызда 6 аяқтарыңыз 8 боп отсын!))
Елемей кетудің орнына, одан сайын тақырыпты үрлеп барасыңдар ғой тіпті.
Сенің сөзің де бақыт тілеуден емес, жасын қозғаудан басталған соң, сондай ой туғаны рас, оны жасырмаймын.
Сосын тұрмыс құру жайлы, жалпы қандай жас қолайлы, сол туралы мақала да жазғанмын. koreanfanatik.wordpress.com/2010/10/25/wedding/ Ешкімге өсектеп, ештеме айтқан да емеспін. Ақталғым келмейді, бәрібір бірдеме айтсам, астынан тағы бірдеме іздеп тұрасың. Не ойласаң да өзің біл.
Бар жақсылық пен қуаныштарың ұзағынан болсын құрдас!!!
Сонда ана комментің қандай мағынада??? Апам дегенім — анамнан артық көретін адамым. Мен сол кісінің тәрбиесінде болдым негізі.
Айана енді суперқыз болатын шығар, сендердей гибридтерден туған. Бақытты болыңдар!
Альмира, жаныңның махаббатына мәңгілік бөленіп, сүп-сүйкімді қызыңынң бақытына кенеле бер! Сенімен танысқаныма өте-мөте қуаныштымын!
Сонда Аццсотоноға кетіп қалу керек еді )))))))))))))))))))))))))
1 жылдықта бір баламен отырсыңдар, 25 жылдықта… Құдай көпсінбегей, амиго!
ЗЫ Айна солай.де-дегі Айна ма? *любопытнаябовотырған смайлик
сен бақытысың Гасте, шын, құдай негізі қарап қосады дейді адамдарды! Әр дайым күлкімен өмір сүріңдер! бақыт қастарың да болсын.
Осындай пост арнап бағалап, сыйлап жатсаң… саған да рахмет Гасте.
Түрі сенен аумай қалған кішкентай ляля Айананың қызығын көріңдер! :)
романтика©
Ой, жандарым, БАҚЫТТЫ ОЛЫҢДАР! Алла отбастарыңа береке-бірлік, шаңырақтарыңа шаттық, датархандарыңа ырыс пен молшылық берсін. Балапандарың Айананың артынан еретіндер көп болып, солардық қызық қуанышына бөлене беріңдер. Әмин!
Алла жар болсын, сендерге!!!
Құтты болсын! Расында, АЛЛАм көп көрмесін! Тіл көзден (сенбесең де, сенсең де тілей салайыншы) аман жүріңіздер)))
Қуаныштарың ортаймасын. Жүзге келіп те арадағы пәк сезімдерің сөнбесін!
Супермега жарасымды жұпсыңдар екен)) (бұрын көрмедім же).
Пы.сы Мына көктөбедегі суреттерің күшті екен, тура осыған ұқсас меніңде отбасыммен түскен суретімді саламын жақында бұйыртса :)
Бақытты болыңдар, бірге қартайыңдар, балаларың көп болсын!
ет етке, сорпа беткешаңырақ шайқалмасын, уәделерің бұзылмасын, қуанышты сәттерің таусылмасын!Сұрақ үйленгеннен кейін қанша салмақ қостың?
Балаларың Шиелінің бір ауылын жайласын,
Отбасыңнан береке таймасын.
п.с.: Жұғысты болсын.)
Маған жеке хат арқылы кетіп жатқан қарғыстар анау екі «нашар балаға» тиіп кетпесе екен.
Қойдым, енді өзі келіп тиіспесе, ешкімді кемсітпеймін нақақтан нақақ.