@Altygradus -қа арнадым...

***
Самурайлық берілмеген маған.
Шырамытад жұрт көбіне — сұмырайлық.
Рютаро санның саны ауырып жүр:
Бүгін кешке сооныкіне барайық.
(Хошы болса — батасын да алайық).

***
Сен дегенде — жан бар ма?
Жан бар, ол — Сайто сэнсей;
Ол да өлердей ғашық саған, сенсейш!!!

***
Қорлық екен: 30 000 иероглифтің
«Махаббат» деген сөзді жазуға
Біреуін де танымадым.
Иә, танымадым: Хошимото сан айтпады.
(Ол да саған табынатын).

***
Жүрегім менің Фукусимадай ытқып тұр десем,
Жапондар жаңа метафорама
Сотқа берер ме еді, әлде сені
Қасыма әкеліп берер ме еді?

***
Сөз жоқ: Императорды мен де сыйлайм.
Бірақ мен тек бір уақытта — бір адам ғана сыйлай алам:
Күнде Акихитоны сыйлай берсем — Сені қашан сыйлайм?
Бөлісу:

22 пікір

patick
желкеден атты, нақ ))))))))))))))
AKY
Ептібаймайд)))))))))))))))))))
VKM
Мяя, Муза әжейге обал болды:)))
Onlasyn
«Муза шешейдің шала-жансар денесі тиелген пәуеске орталық мәйітхананың алдына келіп тоқтады» © Гийом Апполиниер, «Транснонген көшесі».
qisyq
Алтыградус, арманың жоқ шығар:)))))))))
alisha
Соны айтам, Саммита екеуің өмірден армансыз өтетін болдыңдар!
balzaminka
Жаке, шпиеннен сыйлыға өткен сенде арман жоқ :)))
zhazular
ойлап ем Сатыбалдыны сөзсіз қалама деп.
мына өлеңі жынды екен, базара нет!
sigma
Дүзграммсыз жазылған өлең екен
madlen
Милое Хоккайдо,
Я тебя Хонсю!
За твое Сикоку
Я тебя Кюсю!
Altygradus
Рютаро санның саны ауырып жүр:
ооой нимагу:))))))
мен жьлядым
VKM
)))))оқыңдар!
Altygradus
уууф еске түсірдің ау:))))) өліватырым:))))
Marco
ит-ай, тағы кетті)))))))))
мынаны оқып отырған алтыградусты елестетіп отырм))))))))
VKM
Ана жолы біреулер оқығылары келгенеді осы шедеврді)))