Жазалайтын болды! Ох, қатал жазалайтын болды!


Ескілік болып кетпей тұрып жариялайын:
Кеше таңертең сағат 10.45 шамасында Алматыдағы Абай мен Фурманов көшелерінің қиылысында №35 маршруттағы автобус пен жол полициясының автокөлігі соқтығысып қалған екен. Батыс бағытында келе жатқан автобус, жол реттеуші полиция қызметкерінің жүруге тыйым салатын сигналын елеместен көшені кесіп өтемін деп, сол кезде солтүстік бағытында (алматыша — төмен қарай) жолдан өтіп бара жатқан жол полициясының машинасын соғып кеткен. Құдай атқанда, зардап шеккендер бар дейді. Біреуі — батальон командирі екен (ал керек болса!).

Енді автобус жүргізушілерінің ішінде тазалау басталатын сияқты. Автобус айдаушыларға тіс қайрап жүргендер онсыз да көп еді.

Суретте — айтылған жол полициясының машинасы. Алынған жері — мынау. Сол сілтеме арқылы өтсеңдер, басқа да суреттер, тіпті көшедегі камераға түсірілген видеосы да бар.Видеоның мына жерге қоятын коды жоқ екен.
Бөлісу:

119 пікір

asaubota


автобус шөпірі гаишниктің қол көтергенін ана полосада келе жатып көрмей қалды ау деймін
omarbirat
Солай болса керек. Не болса да, аптобысшы қораға жақсылап тұрып кірді.
balzaminka
басқа көліктер тоқтап тұрғанда назар салу керек қо болмаса, жылдамдықты бәсеңдетпегенде өзі :(, адам аман болсын ең бастысы
saken
артында келе жатқан автобустан озып кеткісі келгені көрініп тұр. Сондағы ар жағында қалғаны екі-ақ аялдама жер. Сол екі ортада не клиенттен пайда табамын деп ойлады екен?
satibaldi
Айдау керек ептібайымайдтарды, пассажирмен де тәуекелге бара беретін болған осы күні, аттыру керек, әрбір біріншісін!!!
asaubota
ату аз, асу керек, дарға.
Gastarbaiter
Тасынан байлап асып қойып, басынан ату керек.
izbasar
МАЙшникті қайту керек?
Gastarbaiter
Жазалайтын өзің сияқты сұрадың ғой))
izbasar
Комда жатса априсиа жасау керекпе, бер жиберши пышақты бір жола соқырішегін алып тастайық.
meirzhan
тіл мәселесін де айналып өтпеңіз. шұбарланған болса оған да априсиа жасау керек. "Қазақ тілі — 2011" бағдарламасын орнатып жіберу керек
izbasar
Әлбетте тіл бағдарламасын енгізу керек. Априсиа жасағанда қазақша сөйлеместіндердің тіліне қазақша әріптерді егіп тастап, орыс тілді шприспен соырп алу керек.
meirzhan
Иә, бірақ бұл жаза емес, ем болып кетеді.
izbasar
сол тілмен емдеп жібереміз.
meirzhan
міне, ұстаңыз, сектаға қарсы вакцинаны да сала салайық.
izbasar
Қанша түрін қостың дозаға.
meirzhan
әзірге анти-зікірин ғана бар вакцина құрамында. сәл иеговаға қарсы қоспасы да бар. Уахаббизмге қарсы Ахилинді де қостым.
izbasar
менде тек Христиан, аллаға сенбеушілер т.б. ғана лицензиям бар.
meirzhan
Қазір лицензияға, «Дін бостандығы туралы» Заңға қарайтын заман емес, ана жолғы жарылыстар туралы естідіңіз ғой, Хиреке. Наркоздан айықпай тұрғанында салып тастайық.
izbasar
Cен қайжердегі медколеж оқығасың?
meirzhan
Алматыдағы Республикалық Медициналық Колледжді оқығанмын. Секталарға иммунитетім жетеді.
izbasar
Сізді Түркияның Медициналық академиясына жолдамаме жіберейік.
meirzhan
Қарсы емеспін, басеке. урра!
Неге Түркия?
алаң болмаңыздар, Нұршылар мен Гюлленшілерге қарсы вакцинаны салып алғанмын 7 жылға жетеді.
izbasar
Жұқтырып алма. Абай бол Абайша бол. Жолың болсын Мейрімді жан.
meirzhan
Рахмет, ағасы. Тоқымқағарға келіңіз. Жақсы сөз — жарым ырыс. Аузыңызға май, астыңызға тай.
Gastarbaiter
заочниктер кілең:)))
izbasar
Биыл ғана бітіріп келген жас маман ғой. Заошник емес. Алматының колежін бітіпті.
konvict
Нұршылардан не жамандық көріп едің сонша?
konvict
Маған флуд жасатпайтын вакцина салжіверщ
meirzhan
Не білегіңді түр, не шалбарыңды шеш. салжіверейн
konvict
Білегімді түрейін салжівер, шалбарымның ауын ғана шешейін...)))))))))))))
izbasar
Байқа мақтамен бірінші спіртпен сүртіп ал.
konvict
Спіртіңді өзім ақ тауып берем
meirzhan
саған вакцина көмектеспейді. саусақтарыңа ампутация жасау деген вариант қана қалды.
konvict
Жо-жоқ! Маған «ампициллин» салса жетеді.
meirzhan
әй, жүгірмек, дәрігердің күміс уақытын осылай алдың
konvict
Науқасын дүрыс емдей алмайтын біздің дәрігерлер секілді екенсің
meirzhan
нишауа, аман жүрсің ғо блогосферада
konvict
әбілдің, тағы солардың сөзі
meirzhan
әлі кетпегенсің бей, ампутацияға келістің ғой демек
konvict
Маған «ампициллин» салып беруіңді өтініп едім
Gastarbaiter
Әкел жағыңды тос, ампицилинді қайдам, бірақ «амп еткізсем» көмегі тиіп қалар:))
konvict
Қой, кеттім. Ең дұрысы «дротцилин» салдырып келейін
Gastarbaiter
Ең дұрысы «дротцилин» салдырып келейін
Оны күнде салдырып жүрген жоқсың ба?))
konvict
Иса өзі қолдасын! Ампициллин болмай қалғанда болмаса оны пайдаланып көрмеппін
meirzhan
Екінші жағын тосып, бүйірден хукпен соғатын вариант та бар.
meirzhan
Менің сменам бітті, Гаста келді
Gulistan
тура менің папам сияқты айттыңдар…
asaubota
папаңның сүйікті күйеубаласы болар едім. әттең тағдыр бізді қоспады ғой құрдас-ау :)
darabala
Бордюрға аузын ашып қойып, желкеден тебу керек
asaubota
әкелш қолды! бар екен ғой бар, өзіміз сияқты фашист жігіттер!
Gastarbaiter
Киноның желісімен әрі барсаңдар, түрмеде екеуіңді экс-автобус жүргізушілері душта ұстап алып арттан бассжверед. Негір таксист кеп алты шов салад көттеріңе.
madlen
пипец! автобус жүргізушісіне түк те жаным ашымай отыр, неге?
satibaldi
Тасжүректігіңізбен бұрын да көзге түсіп жүр едіңіз, оқасы жоқ.
madlen
оффтоп: әлсізбін деп жаловаться еткендерді одан сайын төмендеткенді жақсы көретінімді қайдан білдіңіз? :))))))))
satibaldi
Роллан Сейсенбаевтың: «Жүректерді сканерлеу: алдыңғыкүні, кеше, бүгін, ертең және арғыкүні» атты шығармасын оқысаңыз, қызыл түсті шұлыққа құмарлығыңызды да қалай біліп қалғанымды түсінесіз.
madlen
осындай кітапты ұсынсаңыз, еріншек екенімді білмейді екенсіз.
nurbergen_makym
Лібә, мен де тасжүрек немқұрайлы шығармын, сірә: не жополарды, не аптобыс жүргізушісін мүсіркеу жоқ.
madlen
№35 маршруттағы автобус
осы маршрутта оңбай құлап қалғанмын баяғыда. Сосын бір құрбым осы автобустан түсіп үлгермей жатып, автобус жүріп кеткен. Жылап келген үйге :(((
saken
анау-мынау емес Фурманов көшесінде осындай нарушение жасап отырғаны.
madlen
маршруттары бір көшенің бойында, соның өзінде сұмдық гонки жасайды жолда.
omarbirat
«Дұрыс болды, шшс» дегеннен басқа ой болмай тұрған сияқты көбісінде :)
Осындай нәрсе әйтеуір бір болуы керек еді, негізі. Көлік қозғалысын тәртіпке шақырмаса болмайтын болып тұр.
asaubota
қашан біреу «енді оның да отбасысы бар, тауып отырған наны ғой» деп жазар екен деп күте-күте шыдамым тауысылып бара жатыр…
madlen
отбасы бар екенін ертерек ойлау керек.
saken
«енді оның да отбасысы бар, тауып отырған наны ғой»
ондай сылтауды ЖолПолшы жайлы да айтуға болады ғой. Сондықтан жазалануы тиіс адам жазалануы керек.
omarbirat
«Лібә, енді байқап жүру керек, мынандай оқиғаларға түсіп қалмай» деген ойлар кетіп жатыр :)
saken
айтпа! қала кішкентай болғанда, жаяу жүргеннен артығы жоқ дер едім.
omarbirat
Жаяу жүрудің де қызықтары жетеді, Сәке.
Дәл осы оқиға болған тұсқа жақын жерде, бір Posche Cayenne жолдан өтіп бара жатқан бір қызды қағып кетіпті. Жүргізуші бірден көмек көрсеткен екен. Сол жердегі жол полицейлеріне келіп, болған оқиғаны айтып, қызды жедел жәрдемге салып жіберген. Өзі менттермен кетіпті. Негізі, қыздың өзі кінәлі-міс. Жаяу адамдар өтуге болмайтын жерден жолды кесіп өтіп кетпекші болған.
omarbirat
Porsche қағып кеткен қыз екі күннен кейін сол ауруханада қайтыс болыпты
Gastarbaiter
Осындай сирек сәттерде ауылда тұратыныма тәубе деймін:))
satibaldi
Қорқыныш ұялап қалд нақ, рикшамен қайтам бүгін үйге. Сұмдық: ана автобус гүрс етіп жарылса, ішіндегі жолаушыларға не болмақ? Ішінде сен, сен және сен де болуың мүмкін енді. Ең сорақысы, оның ішінде мен де болуым мүмкін еді, міне бұл енді кәдімгідей қайғылы болар еді.
asaubota
соны ойлап ана жүргізушіге одан сайын жыным келіп кетті!
VKM
Мен байқағанмын, Алматының жүргізушілері қалай болса солай жүреді,1 аптаға Өскеменнің маищниктерін жіберсе ғой.
Abilakim
Папаң ақша жасап қайтар еді ә))))
VKM
1. Біз жақтың маищниктері пара алмайды
2.Папам тергеуші және бастық)))
satibaldi
Ап-арық шығар а, маилерің?
VKM
:)))біздің үйдің жанында ылғи бір сап-сары сержант тұрады, арық дей алмаймын)))
satibaldi
Сіздер кешкі асқа не жеп жүрсіздер?
VKM
Асқабақ қосылған манты:)))
konvict
Белден кетті)))))))))))))
Erbol
Алматының автобусына таңертең сым-кәстөміңді үтіктеп, жылтырап тұрып мінесің. Түскен соң қарасаң сым-кәстөмің спортивка боп кеткенін байқайсың.
Erbol
Бұ епты байымайттардың аялдамаға келгенде жата тұрайық деп қанды ішетіні бар. Мен конечныйдан отырамын, шығады, ілбіп жүріп алады, сосын аялдамадағы сағат санағыштары бар, солардан жөн сұрап алып, кешігіп бара жатса ал кеп басады, жын қуғандай. Басып, басып алып, біраз жерге жеткенде озып кеттік жата тұрайық деп кондукторы айғайлайды. Аялдамада тұрады бес-он минут. Іші лық толы, сасып кеткен, кондуктор артқа, алдыға деп бұйрық беруден аузы танбайды, орыс кемпірлер заң айтып ойбайлап жатады. Одан сәл жүріп пробаға ілігеді. Онда тұрады, одан шыға сап ойбай уақыт деп басады. Кешегі сондайдың біреуі ғой. Негізі мемлекеттік парк ашылып, сол үшін әкелген 200 автобус дегендер жақсы болды. Кондуктор жоқ, валидаторға саласың ақшаңды, оларда план жоқ, план болмаған соң жүргізуші тек уақытымен жүреді. Іші кең, айғай-шу жоқ, рахат, өзіңді Европа сезінесің.Ал, анау жекеменшік парктердікі жаңағы, соларды көрсем, көз алдыма үндістер елестейді қиқулап шауып жүрген.
Zere
Шынымен өздерін құдай сезінетін сияқты кейде.
Abilakim
Мағауиннің кондуктор жайлы тамаша әңгімесі бар еді…
neoman
Мені де дәл сондай жағдайда автобус соққан еді. Камера жоқ, дәлелдей алмай қанымның қайнағаны-ай. Бірақ ол жағдайда автобус бағдаршамның қызыл жанғанын «байқамай» қалған.

Ал мына жағдайда жолды реттеп тұрған полицейдің де кінәсі бар. Ол барлығының толық тоқтауын күтіп барып, жүруге белгі беру керек еді. Оған да таяқ тиеді енді.
sammita
Мені де дәл сондай жағдайда автобус соққан ед
Камера жоқ, дәлелдей алмай қанымның қайнағаны-ай.
сіз сонда ешбір жарақатсыз ұшып тұрдыңыз ба?
neoman
Артқы есігі мен крылоның мыж-мыжын шығарды. Соққы арт жағына тиген
sammita
Мені де дегенді дұрыс түсінбеппін, қазақшам нашар еД:)
konvict
Ай, Саммита ханым ай. Түске кіріп, шошып оянатын анық сіздің аваңыз ау
saken
жазаланғанда… қандай жаза күтіп тұр деп ойлайсыздар аптобыс жүргізушісін?
машинаның құны аз емес шығар, спецмашина не дегенмен… одан бөлек жүргізуші куәлігі кететін шығар. Адам аман болса шүкіршілік шығар, әйтпесе бас бостандығынан айырылуы да ғажап емес сияқты маған.
omarbirat
Жарақаттанған адам — гәйішник. Жүргізуші бас бостандығынан айырылмаса да, біраз проблеманы өз-өзіне қамтамасыз етіп алды. Жалғыз бұл жүргізушіні емес, барлығына қатты қарайтын шығар енді. Бірінші таяқ басқа жақтардан келген жүргізушілерге тиеді.
Erbol
Гәйішник үшін бөлек заң жоқ шығар.Гәйішініктер жабылып, жүргізушіге кінәнің ауырын артып, хаттама толтырып, сотқа жібереді. Сот жүргізушінің куәлігінен айырады, кінәсіне қарай 1-2 жылға.Бұл егер жарақат алғандар кетіп, болмаса мүгедек болып қалмаса. Егер ондай жағдай болса онда қиындау. Автобустың иесі компанияға да қиындау тиеді. Тексерулер дегендей көбейіп.
omarbirat
Гәйішініктер жабылып, жүргізушіге кінәнің ауырын артып, хаттама толтырып, сотқа жібереді.
Гәйішник екенін осы үшін айтып отырмын ғой. Жай адамдар болса, өзара келісіп, бір шешімін табар еді.
Zilola
осындай жағдай орын алғаны да дұрыс болды, әйтпесе қисық басқан аяқ қисайып бітіп еді уже
omarbirat
Жарақат алған арнайы батальон командирінің орынбасары комада жатыр дейді
asaubota
эхх комбат, комбат… тыныш отырмайсың ба үйде, «жұмыс» істелініп жатыр ғой онсыз да
Erke
Шамасы аптобустагы жигит агасы агентпен сойлесип келе жатса керек!!!
meirzhan
оқиғадан кейін микроблогқа не жазды десейші.
Erbol
Көктен контроль бар ғой бәрібір.Комбат аз же деген белгі шығар.Біреу жақсылап тұрып қарғады ма… Аман -есен жазылып, сапқа тұрсын тілегіміз. Өзіміз сияқты пенде.
izbasar
Мүмкін! Тәубеге келу керек.
boztorgai
бұл майыЧниктерді қойсаңшы
өмірі жау қуып баратқандай сүрнігед та жүред
қарсы полосаға шығып кете жаздадым деп айыппұл төлеткен бір ит
сонан бері соңымнан ілестірмейтін болғам
Gastarbaiter
Дұшпаныңды крокодил жеп қойса, крокодил сенің досың деген қорытынды емес.
asaubota
былай қарасаң жүргізуші де адам ғой және адам өлтірген жоқ ана жерде, гаишник те адам. бірақ каменттерге қарасақ екеуінде аяп жатқан ешкім жоқ. соған қарағанда адами тірліктері емес жұмыстағы тірліктері қоғамға әбден өтіп кеткен ау деймін. жазалаватырқ.
Ottegin
Ана жүргізуші-сорлы, оңдырмайды-ау, ал ЖП-ға келсек, біздің Көкшетауда жол тәртібін бұзбасаң тиіспейді, екі-үш рет штраф төледім, пара беріп көріп едім, алмады, маған «честныйлары» кездескен шығар, ал расында да мен жол ережелерін бұзған болатынмын.
Gastarbaiter
аз ұсынғансың ау
Ottegin
Ол да мүмкін))) Кім біліпті…
omarbirat
Мынадан кейін, құрысын нақ, енді асықпай абайлап жүру керек деп отырмын. Былқ етпегеніміз, қорлықтары әбден өткендіктен шығар. Жополардан қиянат көрмеппін. Бір-ақ рет тоқтатты, қаладан шыққанда күндізгі жарықты қоспағаным үшін. Ал енді аптобысшылардан көресіні жолаушы ретінде де, жүргізуші ретінде талай көрдік. Көшедегі «пілдер жарысынан» зайып ал шықты үжі. Ереже бұзған аптобысшы да, комада жатқан полицей де адам. Мынау енді соларға да, бізге де сабақ болсын. Мұндай бәлелерден ешкім сақтандырылмаған.
Erbol
Жазалау басталды. Бүгін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы № 35 бағытты басқарушы «Экспресс транс» ЖШС-мен келісім-шарт үзілгендігін хабарлады. Енді бұл компания 35 бағыттың иесі емес, сондай-ақ алдағы уақытта бұл ЖШС-мен мүлдем келісім-шартт үзіліп, барлық бағытта қызмет көрсетуге тиым салады, депті менің алдымда жатқан пресс-релизде. Қазір бөлек пост жазам
VKM
охота на ведьм басталды,1 жүргізуші үшін,қанша адам жұмыссыз қалады(