Қазақ футболының тарихы бүлінуде, "Локомотив" "Астана" атанды

Астаналық Локомотив футбол командасы бұдан кейін Астана деп аталатын болды. Бұл туралы сөз шыққан кезде 1-лигада ойнап жүрген Астана футбол клубының жанкүйерлері интернетте шу көтерген еді. Сол сөз кеше ресми түрде расталды. Клуб бұдан кейін Астана деп аталатын болады. Локомотивтің Астанаға негізі қатысы жоқ, алматылық Мегаспорт пен Алма-ата командаларынан құрылған команда еді. Енді келіп соншама жыл тарихы бар бұрынғы Жеңіс, қазіргі Астана командасының атын тартып алып отыр. Қазақ футбол тарихын, жанкүйерлерді сыйламағандық деп санаймын мұны. Астананың жанкүйерлері жаңа Астана командасына қолдау көрсетпейміз деп отыр. Және басқа жанкүйерлерден сайттарында Локомотив командасының атын сол бұрынғыдай Локомотив деп жазуларын өтінуде. Яғни жаңа аттарын мойындамауымыз керек. Сіздерден де соны сұраймын.
Бөлісу:

23 пікір

patick
Кілең умниктер ма пидерация адамдары? Лідә, айына 1 рет бүйректен сирақ шығармаса отыра алмайтын тәрізді.
asaubota
самрұқ қазына демеуші болады екен. ал бұрынғы аттары кімге ұнамай қалғаны кірпіге де түсінікті шығар. тіксін бе историяңды, қалаған атын қойып береді.
saken
Самұрық-Қазына футболды қатты көтергісі келіп жатса, неге "Қайратқа" көмектеспейді екен? Қалай болғанда да қазақ футболының тарихы "Қайратпен" байланысты ғой.
Erbol
Меніңше осының құрамында президенттің немересі то есть жиені (БАҚ-тың бәрі немересі деп жазды) ойнайтын болды емес па. С.Қ демеушілігі мен ат ауыстыру әңгімесі содан,- дейді «көк базардағы» құмалақшылар.http://www.nashaagasha.org/tag/ajsultan-nazarbaev/
Arhun
Бұл жағдай орыс тілді қазақ сусликтеріне жаңа қазақша атаудың ұнамай тұрғаны ғой
Маған /локомотивтің/ орынына қазақша атауды қойса ұнар еді: мен соған дауысымды беремін
Meru
Локомотивтен гөрі Астана аталғаны жақсы емес пе?
patick
себебі жоғарыда аталды ғой, басқа клубтың атын тартып алып отыр, сәйкесінше Астана клубының тарихына нұқсан келеді.
мысалы, бір құрбың келіп сенің атыңмен агенттегі достарыңмен сөйлессе, сен де ашуланар едің ғой?
asaubota
Астана деген команда бар, олар 1-лигада ойнайды. өз тарихы бар команда баяғыдан келе жатқан, соның атын тартып алып отыр. Локомотивтің де Астананың фанаттарына обал, екеуі де жаңа команданы қолдамаймыз деп отыр.
omarbirat
Құрығанда «Елорда» деп па, басқа бір ат қойса болмайтын ба еді?
nurjanbay
2030 ға дейін Қазақстанда «астана» (нур астана мешіті, астана арланс), «бәйтерек», «нұр...» (нұрбанк, нұрғасыр, нұр.кз, нұрмұқасан, нұротан) деген атаулар, мен көше аттары ғана қалатын шығар :)
Abilakim
Петропавл мен Павлодардың мәселесінде осылай бір күнде шеше салмай ма?
Janasil
Оған кө… рі шыдамайды ғой.
saken
1-дивизиондағы «Астананың» күйі не болмақ? Бір атаумен екі команда екі дивизионда ойнай береді ма екен?
Abilakim
Оларға «Бәйтерек» деген атау береді-міс…
asaubota
оларды типа қосып жіберетін шығар. жоғарыдағылардың халықты мал құрлы көретіндерінің бір дәлелі осы ғой. биыл Локомотив чемпион болса таң қалмаймын.
saken
Дұрысы «Астана» командасын 1-дивизионнан тартып шығарып, соны раскрутка жасау болар еді.
Erbol
Чемпион болады.Болғызады.Жиен келген соң, бәрі де болды, деді құмалақты шашып жіберіп…
Abilakim
Қой, мен бармасам болмас @ Мансұр.көшпенділер фильмі
Өзім президент болмай болмас
saken
сен келгеннен кейін, Нұрдың бәрін Айға алмастырудан бастайтын шығарсың.
Abilakim
ол жағын уайымдамаңыз, уақыт төреші)))
saken
Ай-рат чемпион :)))
shota2030
ЛоХтар ЛОХ болып қала бермек қашан да…
Janasil
бірі өліп, бірі қалсын… Атын Астана емес Абылай немесе Нұрсұлтан деп қойсада түк шықпайды, одан қазақ аяқ добы қатты домалап кетпеді. Сол баяғы жартас.