Бір ғана кемшілік

Германияның ертеде өткен бір патшасы бір соғыс кемесін жасатыпты.Ол соғыс кеменің артықшылықтары баршылық екен. Кеме жасалып біткен күні патша арнаулы мамандарды жинап кемеге баға беру жайында кеңеске шақырыпты. Мамандар әр түрлі тұрғыдан талдау жасаған соң патшаға «кемеңіздің көркемділігі көз сүріндіреді, дүниеде бұдан үлкен соғыс кемесі жөқ. Кемедегі зеңбіректердің орналасуы да өте ретті. Жаудың шабуылнан сақтану үшін жасалған қалтқы да өте мықты. Суда жүзу жылдамдыығы да өте тез, әрі орнықты екен, бірақ тек ғана бір кемшілігі кемеңізді суға(теңізге) салдыңыз болды батып кетеді.»депті…
Дүниеде кемшіліксіз адам болмайды, деседе кеме секілді суға батыратын кемшілікті өзгертуге тырыспау, өлімге басын ұсынғанмен бірдей. Бәлкім сен асқан қабілетті болуың мүмкін, бәлкім елден ерек өнерің бар болуы мүмкін. бірақ сенің такаппар мінезің болса, жан біткенді жақтырмайтын болсаң онда сенің сол бір ғана кемшілігің суға батыруы мүмкін.
мейлі сен елден бөлекше жаратылған зерек бол, арманың асқақ болсын, бірақ сенің жалқаулығың болса, сол кемшілігің ақ сені суға батыруы мүмкін.

Сен ерекше ұлтшыл бол, халқыңды жаныңа бала, бірақ сен ұлтың үшін бірер іс істей алмасаң бұл сенің қолыңнан түк келмейтіндігін дәлелдеп бермейме.
бұл тақырыпқа бір ғана ең үлкен кемшіліктеріңіз туралы айта кетулеріңізді сұраймын. Бізде қандай кемшілік ең көп екенін білу үшін жолдап отырмын.
Бөлісу:

34 пікір

Onlasyn
Сержеке, осы сендер неге «о» әрібін "ө" деп жазасыңдар?
serjan
Түзетіп қойдым, бірақ «сендер» дегеніңіз кім екенін айта кетсеңіз.
Onlasyn
Ренжіме (бөлектегенім емес), қазақсофт сайтында да көп мақалада осы «о», "ө" деп жазылады да. Содан сұрадым
serjan
Оны адам жазған емес программа төте жазудан осы қазақстандық жазуға аударады ғой сонда кеткен техникалық қателіктер ғой.
Onlasyn
Әәәә, енді түсіндім.:)
VKM
Мен уақытымды осы интернетте текке өткіземін… сол… еріншек болып барамын(шыным осы
nurjanbay
кездесуге кірмейм десем де кіріп қоя берем. уақытымды алады.
Meru
Қырсықтығым, қоя алмадым, желкемнен қалай тартып қалғанын білмей қаламын))
Zilola
мен де өтте қырсықпын. Бір жағынан болады деген затымды болдырамын, болмайтын затты ақыры болдырмаймын. Қырсықтан гөрі қайтпас шығармын :)))
Сосын бір ұйықтамасам ұйықтамай жүре беремін, бір ұйықтасам өліііііп ұйықтаймын :)
Тегін жұмысты оңдырмаймын, ақылы жұмысты да қатырып жүргенім шамалы, қорытынды: еріншекпін :)
nurjanbay
менің кемшілігім көп. бірақ ең бастысы осы деп айта алмайм. адам өзінің кемшілігін көрмейді (көргісі келмейді). «сенің кемшілігің осы» деп біреу айтқан кезде кемшілігімді түсінсем ғой сол кезде. әй, бірақ, талай айтты ғой кемшіліктерімді. қорытынды шықса қане?
e_zhalgas
мен кемшіліктер кешенін келтіре алатын едім, бірақ, ең маңыздысы кей кездердегі немқұрайдылық. барлық нәрсеге түкіретін кезім болады :) сосын, еріншектік, ол бір басыма жетеді.
edige
Менің бір кемшілігім Асанқайғылыққа салынып өмір бойы барлық нәрседен мән-мағана іздеп, қара жағын алға тарта беретіндерді жақтырмайтынымда
sammita
Сізге Толстой ұнамайды екен ғой:)
edige
Негiзi жаксы жiгiт деп естiгем )))))))))))))
Олесiн дей берсе адам тегiс жерде iшкуса болып олетiн тарiздi…
/Кате iздемендерш. Казакша арiптi кабылдамаган компте едiм. шыгам уже/
sammita
сиз оте сауатсыз жазады екенсиз, уят-ай:)
alisha
Қадалған жерден қан алатын қырсықпын. Бір күні күнде сауда саудайтын дүкеніме барып ем, 60-70 теңге жетпей қалды. Ертең келгенде бере қояйын деп едім, ақыры КЕНТ-4-ді қияқ қылып, қысқартып жіберді. Содан жыным келіп, екінші бармайтын болдым. Жақсы, бір клиентте тұрған не бар дейсің оларға? Дегенмен, адам клиентті сақтай білу керек. Ертең мен сияқты тағы бір қырсық келіп, тауы шағылмасына кім кепіл?

Сосын ұнамайтын адаммен сөйлесе алмаймын. Кейбіреулер ішінен жыны кеп тұрса да, байқатпайды ғой. Ал мен… бұл да айналып келгенде қырсықтық шығар.
edige
Сен ерекше ұлтшыл бол, халқыңды жаныңа бала, бірақ сен ұлтың үшін бірер іс істей алмасаң бұл сенің қолыңнан түк келмейтіндігін дәлелдеп бермейме.
джихадқа бастайтын мақала сияқты…
ushkin
Кейде біліп тұрсам да, басым жетіп тұрса да қате қадам жасайтынымды бірден-бір кемшілігім деп білемін.
alisha
Ұшқын, Кездесуде екеуміз біраз бет сайт жыртысып едік қой))))))))))
ushkin
есімде. :ұялған смайлик:
edige
«Принціп ұстайтын» болғандығым бір жағынан жаман ау.
Мысалы, «Дос» жаңа байланысы шыққан ғой. Бір «жан тәніммен жақтырмайтын танысым» хабарласып мынау менің «контактімді жазып ал» деді. АКтиві бар, билайны бар, оларға Әбілмәжүн актив деген сияқты жазып қойғанмын. Енді Әбілмәжүн Дос деп жазуға көңілім біртүрлі болып кетті… Менде көрінген адамды «Дос» деп кете алмаймын. Кек алушылығым да жаман
Aizhantabyn
көп сөйлеймін, қырсықтығым бар, сосын тура қазір бермесе бір нәрсені (айтқанымды орындамаса), онда кейін алмаймын. Әкемнің аузынан түсіп қалғандаймын. Мінезді айнытпай берген АЛЛАм)) Кекшілмін. Еш уақыт жамандықты ұмытпаймын. Адаммен араласып кетсем де, бәрібір толыққанды кешіріп, ұмытып кете алмаймын. Солай. Бір досым: «Табынсың ғой! Шыда» дегені есімде))))))))))))))))
neoman
Қатыгез емеспін, бірақ есте сақтау қабілетім жақсы десеңізші
boztorgai
басымдағы жағдайға үнемі дауыстап баға беріп жүрем
осы әдетімнен арыла алмадым
satibaldi
Еш кемшілігім жоқ еді, осы мақаланы оқып, талғамсыз деген жаман атқа ие болдым нақтың.
Altygradus
Сосын ұнамайтын адаммен сөйлесе алмаймын. Кейбіреулер ішінен жыны кеп тұрса да, байқатпайды ғой. Ал мен… бұл да айналып келгенде қырсықтық шығар.
тура менде де бар осы қасиет. Ұнайтын ұнамайтын адамдарға деген қатынасым мүлдем бөлек. Негізі кей адамдар бәрімен бірдей қатынас ұстай алады, сондай мінез жетпейді екен маған.
Milzhyng
Сераға, келісемін. Әсіресе соңғы абзацтағы сөздерді ура-патриоттар оқыса екен.
Суға батыратын кемшілігіңмен күреспей, өзіңді өлімге тігу депсіз. нақ айтылған екен.
Менің кемшіліктерім — жалқаулық, уақытты текке өткізу, шешімді ұзақ қабылдау, жеміссіз ойларға берілу, тормозить етіп қалу, жөнсіз қырсығу, әй дейтін қожа бола алмау, мінезім бос.
Gastarbaiter
Маған өзімнің кемшіліктерім ұнайды. Күресейін десем кемшілікпен қоса жақсы қасиеттерім де жоғалып сал болып қаламын:) Сол күйі тұра берсін. Ақыры бір өлім ғой.
Milzhyng
Ағысқа қарсы жүзу туралы айтып тұрсың.
satibaldi
Дұрыс нақ. Жалпы, кемішілктерімен күресіп, жойған адамды көрген жоқпын. Ясминә әже 73-те, әлі күнге дейін:«Осы ашықауыздығым құртатын болды, өмір бойы тілімнен тауып келем, қашан қояр екем?»- дейді. Енді қойғанының мағынасы қалмаған сияқты, Аид амигоға баратын күні мен мұндалап тұрғанда…
serjan
Дұрыс нақ. Жалпы, кемішілктерімен күресіп, жойған адамды көрген жоқпын.
Нағыз керітартпаның сөзі
Arnur
Жыным келген адамға жыным келетінін көрсетпей жүре алмаймын. Мейлі, жұмыста күні бойы қасымда бірге отыратын, кешке пибі ішіп жүрген адам болса да черт екенін, алаяқ екенін, халтурщик екенін айта салуым, сол моментінде наққа жібере салуым түк емес. Ен жаманы, соны оңашада емес, кабинетте отырып бір сәттік қызбалықпен лақ еткізетін кездерім болды. Сондай кезде ол қарсыласып, жекпе-жекке шақырса рахат ко. Адамнын қанын ішіп, үндемей қалады… Қысқасы, қызбалық һәм төзімсіздік менің кемшілігім…