Жұмыс қой сол
Жуырда жарнамалардан «Жергілікті радиоға звукорежиссер керек(инфо). Басты талап: Дербес Компьютерді меңгеруі, музыкалық „слух“, жасы 20-30 аралығында» деген хабарламаны көзім шалып қалды. Жазғы демалысқа жұмыс іздегенге табылған. Былайша талаптарға сай келеді екенмін. Содан кейін звукорежиссер деген қандай мамандық деген сұраққа жауап іздей бастадым. Көз алдыма құлаққалқан киген, компьютердегі музыкалық бағдарламалардық құлағында ойнайтын азамат келді. Бірақ бұл бейне қаншалықты нақты екен. (Жалпы мұнда образбен ойлау қаншалықьы орынды, бұл істі атқара алам ба, соны ойлауым керек еді негізі. Араларыңызда осы мамандық туралы естіген, немесе көзбен көрген, тіпті жұмыс істеп көргендер бар ма екен? Ал, керекшілер, не дейсіңдер… керекті мағлұматпен аз-кем бөлісе отырсаңыздар…
Мысалы, бізде, радиода дыбыс режиссері мен дыбыс операторының функциясы бір. Өйткені, екеуі бір адам. Ал, ТВ-да, дыбыс режиссері контентті әуенмен әрлеуші. Сосын, былай, дыбыс-мыбыс деңгейін тексеред. Сол себепті, жергілікті деген қай жер екеніне байланысты ма дейм, көп нәрсе.
Онша үлкен радио емес енді, қалалық деңгейдегі. Дыбыс деңгейін тексеру деген болса онда техникамен дос болу керек екен ғой онда.
— О сіз биші емессіз ба Қазақрадиода — деп қолтаңба алып тұрады