Сәукелені неліктен сәукеле атаған?
Алдыман Сәукеле жайлы сөз қозғасақ.
«Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.
Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.»деп жазылған malimetter.org сайтында.
Дегенмен оның неліктен сәукеле аталатынын білесіздер ме? Неге Бәукеле емес, неге сәукеле деген ой мазаламады ма бастарыңызды.Менікін мазалап еді бұрынырақта.
Жоғарыда атап өткеніміздей сәукеле ұзатылған қыздың қайын жұртына жеткенше киіп баратын бас киімі. Бұл бас киімді қыз бір-ақ рет киетін болған. Жолдың ұзақтығына байланысты үш күн не бір күн деп кесіп айта алмаймыз)))).Әйтеуір бір-ақ рет киетіні ақиқат. Қыз әкесі бай болса бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған екен. сондықтан да бұл бас киімнің әдемілігі мен қымбаттығын қатар елестете беріңіз. Міне, осындай Сәукелені қолға түсіру мақсатында жол торитынДжони Дептер қарақшылар сол замандарда да бар еді. Ал, келінді күтіп отырған ауылдың балалары қозы көш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп (бұл жерде адам амандығы бірінші орында тұр,қарақшылар пышақ тіреп сәукелені ғана алып кетпеген. Шағын ғана күйеу һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездерде болған деседі) «Сау келеді, сау келеді»-лесіп ауылға қарай шабатын болған деседі.
«Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.
Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.»деп жазылған malimetter.org сайтында.
Дегенмен оның неліктен сәукеле аталатынын білесіздер ме? Неге Бәукеле емес, неге сәукеле деген ой мазаламады ма бастарыңызды.Менікін мазалап еді бұрынырақта.
Жоғарыда атап өткеніміздей сәукеле ұзатылған қыздың қайын жұртына жеткенше киіп баратын бас киімі. Бұл бас киімді қыз бір-ақ рет киетін болған. Жолдың ұзақтығына байланысты үш күн не бір күн деп кесіп айта алмаймыз)))).Әйтеуір бір-ақ рет киетіні ақиқат. Қыз әкесі бай болса бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған екен. сондықтан да бұл бас киімнің әдемілігі мен қымбаттығын қатар елестете беріңіз. Міне, осындай Сәукелені қолға түсіру мақсатында жол торитын
«Сау келеді», «сау келді»
Тамара Асардың сәукелесі ұнайды. Айтпақшы, әр өңірге өзіне тән дейді сәукелесі. )))
@Aizhantabyn, алдымен сен ұзатылатын болдың)
Саған да бір әдддеммііііі сәукеле бұйырсын!
Саған да ең көріктісі бұйырсын.))))