АҚЫРЗАМАН БОЛСА…



Бұ қазаққа бәрі той. Енді ақырзаманды «көппен көрген ұлы той» деп қояды. Бессовестный! Немесе «ақырзаман болса не істер едіңіз» деп сұрайды. Сұрағы дұрыс шығар, енді… кішкене ойландыру үшін қойылған деп қабылдасақ. Ал жазылған пікірлердің пошымы қызық. «Тойып тамақ ішер ем», «ауылға барар ем», «сүйген қызыммен татуласар ем»… соңғысы, голливудтың фильмдеріндегі сценариден ұрланған екені ап-анық немесе жаңа ғана кинотеатрдан келген беті шығар…

Жә, жауаптарына да мән бермей ақ қояйықшы. «Әр кәлләдә бір қиял».

Енді ақырзаман болса не істер едім деп өзіңізге шынымен сұрақ қойып көрсек.

Не істеуіңіз мүмкін? Өткен сенбі – ақырзаманның сенбісі екен деп ел дүрлігіп жатқанда, өз басым диванда жаттым, қара пультты құшақтап. Телефон шыр етті. Бір таныс, «әй, не істейін деп жатсың? Ақырзаман болады дейді бүгін. Өлә, қызық болғалы тұр» деді телефонның ар жағынан сықылықтап. Бәйбішесі екінші қатын ап бергендей мәз. Тырс етпей жаттым да қойдым.

Иә, жаттым. Батырлығымнан емес. Дәрменсіздігімнен. Тойып тамақ ішу түгілі қара су өтпей қалды тамақтан. Ауыл қайда мен қайда? Сүйген қызыммен татуласайын десем, о, кісі де қасымда жатыр, әне –міне айы-күні жақындап. Дәрменсіз мендей. Демек, ақырзаман болса өз басым түк қыла алмайды екем. Бір бейшара пендемін. Жау жоқта желкем күдірейіп, бейбіт күнде өзімше «қара бұлт ысырып» жүрген.

Жалпы өзі ақырзаман болады деп жүргендерге таңым бар. Жоқ, күнін белгілеп жүргендерді айтам. Әйтпесе ақырзаманның әйтеуір бір болары анық. Әлбетте ол күн болады. Алайда ол Алланың қасындағы бір сыр емес пе? Екі аяқты мақұлық қайдан біліпті дәл қай күні болатынын? Кім айтыпты оған?

Сосын оны «көппен көрген» қып немесе голливудтың қияли 2012-сіне ұқсатып жатқандарға таң қалам. Тіпті аяп кетуге тұрарлықтай «понятие», былайша айтқанда.

Ақырзаманды жолындағысын шайқап, өтетін де кететін құйын сияқты түсінетіндер бар. Жеп-жеңіл, оп-оңай. Жеп-жеңіл, оп-оңайдан туады бәрі. Адам баласы көп нәрсені, әсіресе дін мәселесінде өздеріндегі түсінікке жақындатып, ұқсатып алады да, еркіндікке қолы жеткендей риза болып жатады. Ал еркіндік бар жерде арқаны кеңге жаю, әзіл-ысқақ, «әй», «өй» өзінен өзі туа бастайды. Мысалы, Христиандар… Алланы да «баласы бар» деп адамға ұқсатып алған жоқ па? Енді адамға ұқсатқан соң, мына мен Мұратқа, Нұралыға әзілдеген секілді әзіл айта береді де…

«Бог пришел ему, а он его не узнал, потому что Бог только что из бани вышел. Брылся» деген сияқты анекдот сымақтардың «ішек сілені қатырып» жүргені де содан емес пе?

Енді ақырзаманды да өте шығатын құйынға ұқсатқан соң небір әзілдердің тұсауы өзінен өзі кесіліп –ақ жатыр, шіркін. Бәрі сол қалпы, жеп-жеңіл, оп-оңай…

Әй, адамдар, ол күн туралы әзіл айтпақ түгілі, ойлаудың өзі қорқынышты емес пе?

Мүмкін, қорқынышты деп отырған мен, әлемдегі ең су жүрек сорлы шығармын, я болмаса, Ұлы Күнді әжуаға айналдырып жүрген сен ештеңеден қорықпайтын түкті жүрек батырсың!

…Жақсы, егер сен, әйтеуір бір күні жолда машинеңмен келе жатып, оқыста аударылып, мыжылып өлесің десем. Енді сол тақырыпқа, өліміңе арнап әзіл ойлап тапшы… елді күлдіртші. Сосын өзің де күл.

Күлкің келе ме екен?
Бөлісу:

17 пікір

haos
Иә, жаттым. Батырлығымнан емес. Дәрменсіздігімнен. Тойып тамақ ішу түгілі қара су өтпей қалды тамақтан.
Жалпы өзі ақырзаман болады деп жүргендерге таңым бар.
nurjanbay
мен үйленетін күні, 21 майда, ақырзаман болады деп ел дүрлігіп еді.
Abilakim
Басы тоймен арты ақырзаманның болмауын жуумен аяқталды ма?
Aizhantabyn
менімше, әр адамға өз ақырзаманы бар…
Өлген күні сол ақыр заман, жақынынан айырылған күні ақырзаман…
Өткенде қатерлі ісік болуы мүмкін дегенде, маған ақыр заман болған секілді болды (образно айтам). Қазір де бір қиын жағдай болып тұр, мини ақыр заман мен үшін. Ары қарай қалай болады деген сұрақ мазалап…

Бірақ, адамзаттың бәрін келетін ақырзаманды ойлауға қорқынышты. Өзімді өлі боп елестету, туыстарымды өледі деп ойлаудан жеңіл өйткені. АЛЛА сақтасын бізді!
zhazular
@Aizhantabyn сенің басыңа қандай қиыншылық келгенін білмеймін. бірақ сабыр етсең, бәрі жақсы болады. сынақ деп қабылда. саған ақыл үйретейін деп отырғаным жоқ. жәй, достық демеу… :) Алла қаласа, бәрі жақсы болады!
Aizhantabyn
Инш))) АЛЛАға ғана сеніп жүрмін ғой )) рахмет!
a63a1
қыздар үшін қолдарындағы тырнағы сынып қалсада ақырзаман десиш))))
Aizhantabyn
мен тырнақ өсірмейм, бір «мини» ақырзаманға кем…
konvict
Бір күні біреу Қожанасырдан ақырзаман қашан болады деп сұрапты. Сонда Қожа:"Әйелім өлсе — кіші ақырет, өзім өлсем — үлкен ақырет" депті. Яғни, біз өлген кезде біз үшін ақырзаман басталады. Себебі, біз сол күйі кетеміз. Өзіміздің жасаған қателігімізді түзете алмаймыз.
Beytanis
Енді ақырзаман болса не істер едім деп өзіңізге шынымен сұрақ қойып көрсек.


Бола қалса елмен бірге көреміз.
zhazular
ех…
Beytanis
Күғсінбе
zhazular
күрсіну емес… басқаша
Beytanis
Е-Емін-еркін өмір сүрсеңші, анау-мынаумен миыңды қатырып, жүйкеңді жұқартпай. Өмір — сүре білгенге керемет.
zhazular
рахмет! өмір — сүре білгенге керемет…
Maya
Ақырзаманның болатыны хақ, бірақ қашан болатынын тек Алла ғана біледі. Қыбыр азабы, тозақ отынан қарағанда бұл өмірдің қиыншылғы ойыншық болып қалар. Сондықтан тырнақ сынды ақырзаман, оқуға түсе алмадым ақырзаман деп қалжыңдағанша ахирет күніне дайындалайық. Ақырзаманның белгілері көрініп жатыр ғой: қабірлер қала сияқты, ер азаматтар әйелдер сияқты ал әйелдер еркек сияқты, үйлер бір бірімен жарысуда (яғни 50 қабат немесе 100 қабат) т.с.с… Қорқынышты…
Баршаңыздың жүректеріңізге Алла иман берсін!!!