Қоғам болған түрімізді... :))))

Уа, жамағат!

Алматыда ұлаааан асыр той болды!
Құлындаған даусын Құдайға жеткізіп жүріп, Мадлен қыз жұма бұрын жарияға жар сап, кіші құрылтай бастап кеп жіберді Алматының төрінде! Сенбінің кешінен жексенбінің түніне дейін ұласқан бұл құрылтайға әрісі Астанадан админ аға келсе, берісі Қызылордадан аты аңызға айналған Гаста батыр ат басын бұрды! Жалғыз емес, жүзі жарқын жеңгей мен қылығы балдай қызы қосағында!

Құрылтай. 1-күн. Көктөбеден – Жерұйыққа!



Сонымен не керек, гүлге қонар көбелек демекші:))), Алматыны алақанымызға сыйғызамыз деп Көктөбеге тіке тарттық! Аталған жерге уақытында барып алған алғашқы бестік Асқарды тағатсыздана күттік! Шынымды айтсам ше, құдды бір келін түсіргелі отқан ауыл адамдарының күйін кештік. «Ёёё, оның түрін көргендерің бар ма бұрын соңды?», «мен көрмегем», «мен суретінен ғана көргем» — бла, бла, бла… Ощым келді… көрдік, мәәәдес жігіт ағасы екен!
Таныстық, білістік, көз таныстан – сөз қағысқа ұласты әңгіме! «Еее, Мадлен сен бе? Суретіңдегідей екенсің», «ааа, Теріскей сен екенсің ғо», тағы да бла, бла, бла!
Бла, бла айтыла береді, болғанға көшелік. «Fast Coaster-ден джынды адреналин аласың» © деген соң, білек түріне біссмілләләп кірісіп кеттік. Екеу-екеуден шанада шоқшиып ап, төменге құлдиладық… Көзді жұмдық… и аштық… «Мадлен, адреналин қайда?»…
Фотоаппаратымды алғанымды қайтейін, біреу алып қашардай бүйіріме байлап қана жүргенімді кеш байқаппын! (Сол үшін ғо, көбік сөзді көбейтіп отқаным)

Негізі көп жүре алмадық Көктөбеде. Асхат ағаның «кинө көреміз» деген ұсынысына кешігіп бармауды мақсат еткен керекшілер, Көктөбеден Қазақфильмге апыр-топыр аттанып кеттік.
Бізді мұнда Асхат бастаған, Аршат қостаған топ күтіп алды.


@AKY бастаған «Силуэтті өмір салтын» «Көктөбеден — Жерұйыққа» марафонымен біз де жалғадық:)))

Уа, жамағат, қазақ киношаңырағында тағы бір киноның тұсауы кесілді, дәлірегі біздер кестік! Көрермен назарына документалис ретінде жақсы таныс (алайда соңғы шықты деп атын ғана естіген «Махамбеттің қылышы» деген кинокартина да осы кісінікі екенін назарбыңызға!:)) Сламбек Тәуекел ағамыз Лаврентий Сонмен бірігіп түсірген «Жерұйық» фильмін көрсетті.
Жалпы фильм жақсы болды ше негізі. Хабенскийді ертіп жүретін Бекмамбетовтей Сламбек аға да өзінің «любимчигі» Болат Әбділмановты басты рөлге тартыпты. Сонау 1931жылдан бастау алған жер аудару саясатымен Қазақстанға аударылған өзге ұлт өкілдері мен оларды құтты жеріне қонақ еткен қазақ жайлы баяндалды негізі.

Фильмнің "қожайындары" осы екі көке

Кино туралы пікірлерін өзгелер де айта отырсын.
Содан шықтық та «по домам» тайдық үйге!:)))
Пы.Сы. Әп-әжептеуір сызылтып жазып отыр ем, бастық кіріп келмесі бар ма, нақтың! Ощым, пока осыны оқи тұрыңдар, жалғасы бар:))) @Monti, @Balgyrgan, суреттеріңізбен бөлісе отырыңыздар!
Бөлісу:

159 пікір

sammita
ееееу, біздің Админ қаяқта сонда:)))
Кездесу қызықты, әсерлі өткені байқалып тұр бла-блалардан:)
Жалпы күшті жазасың ше, ас үйден шығып, Көктөбедегі кездесумен жалғап жазып тұр жиі.
monti
@Monti суреттеріңізбен бөлісе отырыңыздар!
1 бөлімін іліп қойдым, ертең/бүгін тағы ілермін ;)
www.kerekinfo.kz/blog/3038.html
TERISKEI
@Madlen-ге мың алғыс, рахмет көп-көп!
edige
Кеше үйіне шығарып салдыңдар ма? :)
TERISKEI
ұялыыыыып тұрған Исмайл:)))
edige
Сен ше, сен? — деп кішкене кезімізде ұрсып кететін едік… сондай жауап бере ме деп өзі ұялып тұрған Ісмейіл :)))
Erlan
Жақсы екен, экшн суреттер 2 бөлімде деп ойлаймыз ))
qisyq
Қара әзіл түріндегі хардкор стиліндегі суреттер бар, оларды жарияласақ, біраз адам бізден түңіліп ішіп кетер, а???
TERISKEI
иә, ол суреттерді тек иелеріне ғана жіберуді «жүн» санап отқан жайым баааар…
monti
интригалап тастадыңдар ғо)))

менде ше, компромат суретер бар)))) ажь, оны жекеге салмайтын шығармын, менде қалсын))), кейін керек инфоның 10 жылдығына сыйлаймын)))
qisyq
Жекег жіберші, кейін де сыйлай жатарсың:)
monti
менде 300 шт. сурет бар :)
күні/түні инетте отырып жүктеп отыруға тура келіп тұр)))
qisyq
Бізге келгенде ала келші, өзіме көшіріп алайын. Рахмет, Монти.
sammita
Рахмет, Монти.
Ох, қу, бала:))))
@monti: «айтсаң болды ғо» де енД:)
edige
Нақтар, енді байқап сөйлеңдер маған… — дегендей ой жатыр мағанасында
:))))))))
monti
Едіге)))) аг/ага, сол ғо, жатып/отырып, көрсетіп/көрсетпей түсіріп жүргенім)))
monti
AKY бастаған «Силуэтті өмір салтын» «Көктөбеден — Жерұйыққа» марафонымен біз де жалғадық:)))
шынымен 1 сағат ішінде, жүгіріп келгендеріңе чета сеніңкіремей отырмын, себебі, Аль-Фараби даңғылы тым ұзақ қой :) шын жүгірсеңіздер, өте керемет екен)))
edige
Тек жүгірген марафоншыларға қиын болған жоқ… @blackbeard тек қана жүгірмей суретке де түсіріп жүрді
qisyq
@blackbeard, ия, мухлевать етті.
monti
~)
Едіге бар ғо))) мен сізді былай елестеткем))) үлкен кісі дядя*(ну очм, андай) деп)) ренжімеңіз, жазуларыңызға қарап сондай ой қалыптасты дачы)))) Едіге де келді деген сөзді естіп, залдан танысып үлгермеген адамдарды көзбен шолып шығып, сонда Едіге қайда? деп)))) сіз өмірде мүлде басқа екенсіз)))
қызық, Гастеде өмірде басқа)))
очм танысқаныма қуаныштымын!
edige
Мен де жүздескеніме өте қуаныштымыз. /Тура сол күні 17 ге толған едім ғой :)))) Көңіл сондай/ Кеше «Орталық саябаққа» келеді деп ойлап едім барлығыңызды. Отырып әңгіме дүкенге қосылғандарыңыз жөн еді.
Ескерткіш алдындағы сурет қалай шықты?
monti
өткен туған күніңізбен! :)

орталық саябақта кездесу болды ма? менде тек қыздар контактысы болғандықтан, бәріне смс жаздым, 2-адамнан жауап келді. ито білмейміз деген))

ол сурет жақсы шыққан тек мен сол...))) сосын жариялығым келмеді,
контактыларыңызды жеке салсаңыздар бәріне бірдей салармын ;)
satibaldi
~)
Едіге бар ғо))) мен сізді былай елестеткем))) үлкен кісі дядя*(ну очм, андай) деп)) ренжімеңіз, жазуларыңызға қарап сондай ой қалыптасты дачы)))) Едіге де келді деген сөзді естіп, залдан танысып үлгермеген адамдарды көзбен шолып шығып, сонда Едіге қайда? деп)))) сіз өмірде мүлде басқа екенсіз)))
қызық, Гастеде өмірде басқа)))
очм танысқаныма қуаныштымын!
Бұл кісінің шифрлерінде поляк шифрлеу мектебінің қолтаңбасы болғандықтан, онымен ұзақ хат алмасқан тәжірибелі адам ретінде өз нұсқамды ұсынамын:
Едіге, мен Сізді сақа кісі деп елестеткем. Жазбаларыңызға қарап, егде кісіні шырамытқанмын ғой шамасы. «Едіге келді!» деген хабар тараған кезде, Сізді көрмек болып залды бір шолып шыққаным бар. Шынымен — өмірде басқа екенсіз. Асқар да басқа.
Жалпы, танысқаныма қуаныштымын!
monti
)))) ужас сат, ай лаф ю)))))))
Onlasyn
2011/01/23


?????
TERISKEI
Оңласын, оған көңіл бөлме, техникалық қателік:)))
Erlan
Фотоаппараттың датасын дурыс қоймаған болар!
Zilola
не ғо, андай суерттерімізді тек жекеге жіберіңдерші көп жасағырлар :)
omarbirat
Екінші сурет бұлдырап кеткен сияқты демесе, жақсы екен :)
Aizhantabyn
Jaraisyndar!!!

:)))

Tanystyryp ketinderwi, Saltany, Madlendi, Aikonany bilem, a vot kalgandaryn tanymaim :))))
qisyq
:((((
Aizhantabyn
ой, жаным ау, сен менің туғанымсың ғой)))))))
TERISKEI
Анааау жоғарыдағы 1 сурет: Димаш (Қисық), Теріскей, Садық (Қарасақал), Маржан (Мадлен), Гастаның қызы Аяна, әйелі Айна (Альмира), Асқар (Гаста), Салтанат(Балғырған). Екінші суретте ең арттааа келе жатқан Едіге!
Aizhantabyn
Патик мырзаны ұмытып кеттіңіз))
VKM
тағы да сурет көргім келеді)қандай жақсы осылай кездесіп жүрген.Ендігі жылы оқу бітіргесін, не астаналық, не алматылық керекшілердің ішінде жүремін… Алла жазса
satibaldi
Қазір, қазір… Қазір…
VKM
Қазір, қазір… Қазір…
Тееееееееееееееееееееееззз;)
Daniar-Alan
Ендігі жылы оқу бітіргесін, не астаналық, не алматылық керекшілердің ішінде жүремін

қай жерді таңдадыңыз енД
AKY
Уау, уау, уау! Күшті, көре алмай тойыс қызығып отырМ)))
konvict
Бірінші суретте бәрі құшақтасып келіпті де, қарасақал мен мадлен ғана құшақтаспапты. Неге? Күдік… күдік…
blackbeard
@madlen ді кеше алып қашып кеткенмін:))))
Әй, @TERISKEI Мадленмен түскен отбасылық суретіміз қайда?
konvict
Кетшнақ! @madlen айтпай сенбеймін
blackbeard
Сенбесең @Altygradus тан сұра!
konvict
Беташар жасадыңдар ма? Одан соң… Ай эм сор ріи
Altygradus
Иә солай алыста отырсам да куә боп қалдым енді:)хахаха Айм сорриі:))) шығармайтындарың жоғи:))))
madlen
мен туралы не айтыватсындар деп келдім…
qisyq
Сен @VKM, @VKM деп құңқылдап жүр едің ғой алдында?
konvict
Негізі ше, сақалдыларға сенуге болмайды екен.
Zilola
уахахаха :))))))))))))))
TERISKEI
@VKM-ға тимеңдер ей:)))) Конвикт ВыКыМы демейді, @Qisyq, жаман нәрсе бастамай отыр :))))
qisyq
Ойбай-оу, Алматыға жиналып, типі киноға барған болып, қырылысып жүр едіңдер ғой.
TERISKEI
уот,Қисеке, сол кезде чечілген бәрі:))))
blackbeard

@Konvict уішівөл!!!
Zilola
біреудің дайын баласын тегіііі, өздеріңе жасап алыңдар :)))
TERISKEI
іске сәт, Қарасақал! Гасталардың жолын берсін! :))))))))))
blackbeard
Қыздың жеңгелері қайда өзі? Ай қарап жүр ма? @Zilola, @Altygradus!
Altygradus
жеңге болуға статус не позволяет бізге деуш ед:))))

суретті пикс.кзға салмаңдарЧ, дым көрінбейд:(
blackbeard
Мұны бірінші @TERISKEI Керекинфомен жіберген еді! Содан соң ғой сапасы аздау боп тұрғаны! А то біз бұдан да әдеміміз ғой:)))))
Altygradus
жо мәселе сапада емес, вааще көрінбейд, дым да:)))
Zilola
әуелі @madlen ағасымен таныстырсын да :))))
konvict
Басым айналып қалды, @madlen vs. @manfan? Сөйтсе екеуі де мені наққа жіберген ба?))))))))))))
Altygradus
аузыңды ашып жүрсең сол енді:))))
konvict
Мынау болмағанда көресіні көрер едің.
sammita
тұрысы: ал кесіп ал мықты болсаң:))
blackbeard
:)))) @konvict тің тұрысы: тапсаң кесіп ал:)))
konvict
Машина жіпке асылуға тура келіп тұр
qisyq
Ол ондай мықты емес қой, анау базада, астаудың жанында жуан арқан тұр, соны көрші.
konvict
Онымен асылсам өліп қаламын ғой
VKM
уау, күштісіңдер ғой. Бақытты болыңдар, не дейміз енді)
blackbeard
@VKM, seni @TERISKEI agam sozimen atyp jurgen son, sagan kozimdi kysuga bata almagan edim:)))) sen de bakytty bol:)))
VKM
рахмет… менің қатысымсыз бәрін шешіп қойыпсыңдар ғой:)))
последний шанс деген бар еді жалпы, оны да жоқ қылып)
Zere
Қандай сурет бар мына жерде? Ашылмайды ғой… (((
Zilola
жанұялық архивтен алынған сурет :)
blackbeard
Zere
Ей Богу, ашылмайды.
blackbeard
Altygradus
е бәсе, міне енді ғана жарады. Әйтпесе отыр едік бәріміз любопытная болып:)))
Zere
О, міне! Рахмет! Шынымен нағыз отбасылық сурет сияқты болыпты )))
asaubota
күшті жарасып тұрсыңдар. тек келесіде баланы өзің ұстап тұр. сонда отбасы сияқты болып көрінетін боласыңдар :)
madlen
түүү, болмай қалды :)))
blackbeard
@madlen, @asaubota-ның өзі батасын беріп отыр!!! Енді екеумізде бұдан қашып құтыла алмайтын сияқтымыз:)))
madlen
не болса да, ұсталдық екеуміз :)))
TERISKEI
тәәәк, ан жақта мен, мына жақта інім! Мәссаған! Не деген бақыт! Қане, бәріміз бірге:
«Бұл өмірге лайық семья құрып...» :)))))))))(
blackbeard
«Келеді әне екі жас балық аулап...»
Zilola
Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген…
Асыл жары, жайнаған жасыл бағы
Бағаласа бақытың, сағынсаң қасыңда :)))
qisyq
Қыз қарсы емес болса, болды ғой… @blackbeard, мен Газель тауып қойдым, қашан шығамыз.
edige
Бензінпұл менен :)))))))))
Екі желеу бір сілтеумен барып қайтайын еліме
AKY
сылтау дегіңіз келген болар? © Саммита
sammita
арақты сілтеуді айтып отырған болар:)
edige
«Бір сілтеу» барып кел деп жіберу сияқты мағанада ғой
Сілтеп жібер дегендей…
Саммитаның ойындай болғанда «Тартжер» әсерлілеу болады.
AKY
Ал басжвер ще?))))))
AKY
Бүгіндікке небір ужыстардан ұйықтай алмайтын болдың.
Zilola
@edige дажы татып алмайды, вы чё :)))
edige
Казірде тойларда тек билеуге барып жүрмін. «Ақмаржанға»
:))))))))
19852407
Газелі несс, белсебетпен алып қаш, @blackbeard!
blackbeard
@madlen уже үйде шәй құйып отыр ғо:))))
Zilola
дегенмен пысық бала екенсің :)
blackbeard
Шәй құюға желание жоқ па:)))
Zilola
ой мен шәйді жынды құям ғо :)))
qisyq
Мен деген бұл жерде шылау ма, әлде есімдік пе?
Zilola
уахахах, әрине есімдік, но шылау ретінде де жынд екен :)))
izbasar
sammita айтады сіз 11 шайын жақсы дәмдейді деп.
izbasar
неге 11-дің шайы аты қызық екен уақытқа байланыстыма?
Abilakim
Сендерге әрдайым орын бар
Ақ отау төріне қоныңдар
Ақ тілек батамыз мінекей
Бақытты болыңдар, болыңдар!
konvict
Өзін-өзі асабалыққа жарнама жасап жатыр
Gastarbaiter
уахаха. Бір өтімді әзіл шығады екен ау сенен де:)))
blackbeard
rahmet! toidyn basy ozindiki Abeke:))))
Delhi
шынымен сендердің бардарың шығар деп ойлағам, Себебі 2 жылдай болдыма танысқандарына  
Erkekyz
Қайта-қайта ф5-тібасып зорға ашып алдым. Прям жарасып тұр екеуі. :) Сондай әдемі екеуі де! Ал, Аяна супер! Тьфу-тьфу.))
blackbeard
Қимай жатқан боларсың:)))))
Erkekyz
не бар суретте? көрінбейді.
Zilola
жұп тауып, жолға түскен жастардың суреті :)
blackbeard
Көрінді ма?
edige
Жержаһанда сендердің суреттерің жүр ғой? Моймирді ашсам да
Гугл ашылмай күйдірватыр...:)))))))))))))
Zilola
Ақ қайыңдар төгіліп нұр шашады
Алаңқайды қош иіс гүл басады
Алақанға қондырып ақ сәулесін
Жас жұбайлар, жарасып сырласады
blackbeard
Төөөөөһ:))))
Zilola
Жарнама: тойларда ән айтамын, би де билеймін, ақылы :)
blackbeard
@Abilakim-ге бақталас табылды деп жазбақ болғам:))))
Zilola
Қайдағы бақталас, менімен Әбіләкімді салыстырып, мен деген ол мен, ал Әбіләкім жәй ғана тамада ғо :)))
blackbeard
Әбіләкім, асылып қалды мынадан соң:)))
AKY
Қалдықыз, мені доляңа алш;))) Мен де аздап… нетіп қоятыным бар)))
Zilola
сен нетіп алсаң, кім өнер көрсетеді :)))
AKY
Нетіп дегенім сол аздап "әу" деп, иықты қиқаңдата алам дегенім ғо:))
Zilola
еее, мен деген. Дауысым қарылғанша өзім әу деп, арасында иығымды жұлқып шығыс биін билеп жүрсем, ал Айгеля нетіп алып қуып кетсе, менің тапқан таянғанымды бөлісеміз бе деп қорықтым уже :)))
AKY
Саспа, барі схвачено ғо:)
Gastarbaiter
Сендер жазбаша тамадалықты өлтіреді екенсіңдер:))
Altygradus
сен нетіп алсаң, кім өнер көрсетеді :)))
уахахахаха жаттым
ой қыздааар:)))))
Aizhantabyn
Мадлен екеулерің как брат с сестрой. Общие черты лица дегендей)))

Супер сурет. Еще құшақтап тұрсаң ғой))))))))))))) В рамочку и на камин)))
blackbeard
Shymkenttennbiz goi:))))))))))))))
Zilola
на камин ба, в камин ба деп қайта оқыдым ғо :)))
Altygradus
суреттер керемет, әсіресе марафондарың қатып кеткен:))))) Жақсы үрдіс қалыптастырып жатсыңдар:) Ұйымдастырушы @madlen ге рахмет, сосын бақыт тілеймін:)))))
qisyq
сосын бақыт тілеймін
Кеттің бе, қалқам…
asaubota
@blackbeard Қарасақалды Керекинфоның секс-символы деп атауға толық негіз бар сияқты
blackbeard
Rahmet, rahmet:)))) Белің бұраңдатып, Патик сияқты тұрған Ысмайл!!!
edige
секс-символы
Қанша айтамыз а? қазақша аударып жаөыңдар деп?
шынымен не болады екен аударса… :)))))))))))
blackbeard
Тікелей аударма: Жыныстық қатынас белгісі
Муахаххахаха
edige
ия ия сондайсың сондайсың десең я…
Туырлығыммен аунап түстім :)))))))))))))))
qisyq
"… Осы орайда Садық Шерімбектің отандық IT-салаға сіңірген еңбегін атап өтпесе болмас. Сонау қазақтілді контент жаңа дамып бастаған кезеңде өрімдей жас Қарасақал атты маман өз замандастары арасында «Жыныстық қатынас белгісі» деген атаққа ие болды. Сөз жоқ, бұл оған берілген әділ баға еді..."
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баяндамасынан үзінді, Садық Шерімбектің мерейтойы, 2061 жыл, қыркүйек, Шымкент қаласы.
blackbeard
Scheschesse!!! Өстіп айтса бәле ғұ ә:))))
asaubota
мен жъладм
Zhan
Сол кезде 89 жасқа тақаған Аршат ақсақалдың қызғаныштан іші күйіп, "Қазнетке қосқан еңбегім Қарасақал құрлы еленбегені ме, әнәсс" деп көзіне жас алып, сыртқа шығып кетті.
Сол жиында болған бір журналистің күнделігінен.
edige
Ел орнынан тұрып, ду қол шапалақтарын аямай ұрып "Өте дұрыс берілген баға" деп бір біріне қарасты. Осы орайда мен де ерен еңбегі ескерілгенн замандасымның атағына қызығумен қарадым.
Сол жиында болған жас журналистің күнделігінен.
Altygradus
Тікелей аударма: Жыныстық қатынас белгісі
дегенде еске түсіп жатыр.
Бір құрбым гендерлік саясат туралы диссер жазып жатыр да, сүйтсе жапоншадан аударған көп нәрселерді. Сосын кей жерін орысшаға аударып, одан қазақшаға аударған жерлері бар.СОндағы бір жерінде соотнешение полов (в процентах) деген жері ғой дейм, жыныстық қатынас деп аударып жіберіпті:)))). Мен қазақша жазғанын оқып отырым ғой, мынаусы нес?? деп ұқпайм:)))) Мұндай анекдоттар өмірде болад екен:)))
sammita
Сері, жас пері.
Daniar-Alan
@blackbeard Қарасақалды Керекинфоның секс-символы деп атауға толық негіз бар сияқты

деген админ қарасақалды Куала-лумпурға ссылкаға жіберіпті дейді ел аузындағы аңыз…
Daniar-Alan
Сол кезде 89 жасқа тақаған Аршат ақсақалдың қызғаныштан іші күйіп, "Қазнетке қосқан еңбегім Қарасақал құрлы еленбегені ме, әнәсс" деп көзіне жас алып, сыртқа шығып кетті.
(Жанның күнделігінен).
Gastarbaiter
Ресей, Мәскеу 2150 -жыл.
«победителю в номинации Секссимвол -2150 года вручается фаллический символ в виде чернобородого Садыка Шеримбека звезды интернета эпохи рассвета Казнета!»
Maya
Күлкіден өлтіресіңдер… Балдар бақытты болыңдар дейміндағы!
balzaminka
Уч-ча демекші, керемет бас қосу болған екен, қызғаныштан жарылсам ба екен, а?
qusbegi
Керемет басқосу болған екен