Халық жауларының ұрпақтары...

Ертең сонау қуғын-сүргін жылдарының құрбандарын еске алу күндері. Бұл жылдардың жұрттың жүрегіне салған жарасы жайлы айтқанымызбен салмағын сезіне алмаспыз. Менің әкемнің әкесі (атам) Халық жауының баласы. Әлі күнге есіне алып айтып отырады. Бала кезі қиындықта өтіпті. Әркімнің диірменін тартып күнін көріпті.Жеткілікті білім ала алмаған. Әкесі байдың баласы болған, орысша оқыған көзі ашық азамат болыпты. Темір жол станциясының бастығы болған әкесі жүк пойызы аударылған кезде нақақ кетіп қалған екен. «Байдың баласы әдейі аударды»деген желеумен сотталған екен.Ол кездерде 5-6 жыл дегенді «детский срок» дейді екен. Сол уақытын өтеп келген соң ауылда қызмет атқарған. Соғыс жылдары 10 баласымен аш отырған бір кемпірге өкіметтің бір сиырын сойып беріпті. Сояр кезде сол шешімді шығарғандарына келіскен жандардың бәріне ҚҰРАН ұстатыпты. «Міне, мынау соғысқа үш баласын аттандырған кісі.Балалары мен немерелері аш, шалы өлген.Мына сиырды өлді деп актілейміз, сендер қол қоясыңдар» деген екен. Бірақ бір пидораз сол ант бергендердің біреуі сатып жіберіпті.«Мына, Нұрхан діншіл,құран ұстайды және өкіметтің малын сойды» деп көрсетіп жіберіпті. 16 жылға айдалып кете барған екен. Бірақ "қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер деген" сөз бар ғой. ол жақтан да екі-үш жылдың көлемінде жолын тауып шығып келген екен.
Бөлісу:

3 пікір

izbasar
Е, досымай ондай қырғынды көрмеген қазақ барма? Сол сенің атаңды сатып кеткен кедейдің балалары елді билеп халықты сорып жатқан жоқпа. Солар нағыз қазақтың жауы.
sammita
Ақмолдың АЛЖИР-іне (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) бір жолым түспей қойды, барып көргім келеді. Азапты күндердің естелігі — мұражай туралы тек осы мамырда ғана хабарлардан, мақалалардан ғана естіп жатамыз:((
(44.31 Kb, 300x400)

Хабарландыру: 30 мамырда 14:00 сағ. осы мұражай аумағында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «АЛЖИР-КАРЛАГ» болашақ үшін естелік" автопробегі (автомен жүріп өту) өтеді.
Abilakim
Мен КарЛагтың Спасск түрмесін көргенмін.Астана трассасының бойында «Миллионник» деп аталатын қорым бар. Кезінде шамамен миллион адамды жерлеген деген әңгімелер бар