Досқалиевті соттау керек пе?
Экс – денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің «жемқор» атанып, құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырғалы бірнеше айдың жүзі болды.Оған қарсы қылмыстық іс қозғау, аурухана әңгімесі, оны өтірік ауру болды деген айыптар, сол аурухананың (орталық) басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалу деген мәселелер бәріміздің есімізде. Ақыры не керек, айып тағылған Досқалиев соңғы сегіз айын түрмеде өткізуге мәжбүр болды. Тексерулер, тергеу, ақыры 19 мамырда сот процессі басталған болатын. Бірнеше рет тыңдау өткізіліп, соңғысында (27 мамыр күні) оған сот шешімі шығарылғанша үй қамағында отыруға рұқсат берілді. Тағылған айып бірнешеу. Сот шешімі қашан шығарылатыны белгісіз. Мақұл сот шешім шығарар, айыпты болса жазасын алар, айыпсыз болса аман-есен ортаға оралуына тілектеспіз. Өзіміз сияқты пенде, адам баласы екендігін айтпаған күннің өзінде оның Қазақ медицинасына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қаншама жанның өмірін арашалап қалғандығы, Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қалыптасуына, оның ішінде осы медицинаның дамуына жоғары билік бишігінде жүріп те, дәрігер ретінде де үлес қосты. Оны білетіндер осылай дейді, жалпы халық та тәуелсіздік алғалы бері медицина саласында аты «айғайлап» шығып жүргендердің бірі осы Досқалиев екендігін біледі. Оның істі болуына қатысты халық арасында кландар шайқасының құрбаны, бір кісіге қастандық жасамақшы топтың мүшесі болыпты, соған орай басына бұлт үйіріліпті деген сынды қауесет өріп жүр. Қаржы полициясы тарапынан тағылған қызмет бабын асыра пайдаланды, мемлекет қаржысын жымқырды деген сықылды бірнеше ресми айып бар. Бірақ анық-қанығын ешкім білмейді. Халықтың білетіні билік басындағы бірен-саран болмаса көпшілігінің таза еместігі. Депутат десе ойбуу ол бай ғой, министр болыпты десе ой жейтін жерге барыпты, батады ғой енді деген түсінік, халықтың көңіліне қатаң қағида болып жатталып қалған. Шенеунік десе халықтың көз алдына қарны шыртиып, әрең сөйлейтін, сөзі зіркілдеу адам елестейтіні де бар, кеңестік кезден қалған. Бұл тағы бір тақырыпқа тұздық болар. Айтайын дегенім Досқалиев ненің құрбаны болса да, кімге ұнамай қалса да, тіпті жемқор болып жеп қойса да, жазаны адамгершілік қағидаларна сүйеніп шығару қажет. Иа, заң бар. Заңсыз ештеме болмайды, бұздың ба қылмыскерсің. Бірақ сол үкім шығару кезінде адамның қылмысы мен оған дейінгі ел, мемлекет, халық алдындағы еңбегі сараланса, қылмыстың жүгі мынша, еңбегінің жүгі мынша, әлі де қандай еңбек сіңіре алады соны есептеп жаза берсе. Досқалиев мықты дәрігер сөзсіз. Әлі де талай адамның өмірін арашалап, халыққа қызмет ете алады. Бұл мемлекетке, халыққа пайда ма, пайда. Ол істеген қылмысын, жеп қойған қаржысын осындай еңбекпен қайтарса. Шет елде бұндай қоғамдық жұмыс тәжрибесі барлығы баршамызға белгілі. Ал, соттап, түрмеге тоғытудан өз басым табыс көріп тұрғам жоқ. Бұрын қызмет атқарған, ел алдында жүрген азаматқа (егер жасаса) қылмысын әшкерелеп, жалпақ жұртқа жариялап, қарабет жасаудан соң кешірім болса, екінші қылмыс жасауға беті бара қоймайды. Мемлекетке түзелген адам болып оралуы мүмкін. Сондықтан мен Досқалиевке кешірім беруді, тағы бір білікті маманның темір торда тоғытылмай, дәрігер ретінде адам өміріне арашашы болуды жалғастырғанын қалар едім. Өзі аз-ақ қазақпыз, білікті, білімді азаматтарды бір рет жолдан тайды деп адам санатынан шығара беру, ешкімге пайда емес. Бұл әрине менің жеке ойым. Заңнан асып үкім айтар ойым жоқ. Тек әр нәрсеге адамгершілікпен қарасақ.
Супер ем бар. Бас саусақ пен кіші саусақты бір біріне тидіріп, әлсін басу керек, біраздан ықылық басылады)
шетелде операция жасап ақ милиондап тапқан адам емеспе. айына екіүш операция жасап келсе, оған мына жерден үрлап не керек өзі
Ақтауға, 23-ке келсін. Кустарлы әдіспен ота жасаса, движение онда да бар.
тарих қайталануда ма
Құлекеев сары кісі сияқты еді ғой?
біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы деген ғо