28-29 мамыр- қызыққа толы күндер

Бүгінгі екі күнгі демалысымда қайда барарымды білмей басым дал болды :). Себебі осы күндері Алматы қаласында мәдени шаралар көп ұйымдастырылыпты. Сонымен:

1. 28-29 мамыр күні 28- Панфиловшылар саябағында балаларға арналған «Сладкоежка 2011» атты тәттілер фестивалі болады. Бұл жерде тәттілермен ғана емес, балаларға арналған сурет, спорт, сұрақ-жауап, мастер класстар, дефиле, өлең оқу сияқты шаралары өтеді. Балаларыңызды ертіп барсаңыздар өте қызық болады деген ойламын. Толық ақпар мына жерде.

2. KIMEP- те жас таланттарға арналған Youth ArtCamp болып жатыр. Ол төрт бөлімде болады: Сөз (слово)-әдебиет, Қозғалыс (движение)-театр, Дауыс (звук)-музыка, Жобалау (видение)-сурет салу, кино, архитектура, сурет түсіру. Яғни қандайда бір өнерге қызығушылығыңыз болса онда сізге осында келуге болады.

3. KIMEP- те Мінбер.кз- тің семинары. Блог ашу, журналистерді жаңа медиа технологияларын игеру, БАҚ қатысты заңнамалық актілерді үйрену. Блог ашқыңыз келіп, нақты осы салада айналысқыңыз келсе онда тіркеліп осында келіңіз.

4. Кешкі 19 00 де ескі алаңда ТЕЛЕ 2 жаңа байланыс желісінің Қазақстанға енуіне байланысты Звери тобының концерті болады. Көңіл көтергіңіз келсе осында келіңіз.

5. Мега центрде Fresh Fest Beeline ұйымдастырған жастар фестивалі болады. Ол жерде RinGo, Uniqqe топтары өнер көрсетеді дейді.

6. Блоггерлерді Асхат ағай Қазақфильмге жаңа қазақстандық кино «Жерұйықты» көруге шақырды. Ол енді құпия деп қояйыншы :).

Сонымен демалысты, теледидардың алдында үйде өткізбеңіздер. Демалыстарыңыз сәтті өтсін!
Бөлісу:

9 пікір

madlen
@Aikona, менің де басым қатты, енді міне жұмыстамыын :(
madlen
28 мая 2011 года в Первом Парке Президента Республики Казахстан состоится большой праздник цветов — фестиваль «Алматы — гул кала». В мероприятии могут принять участие все желающие алматинцы, гости столицы, приглашенные гости, а также руководство города.

www.asiadirect.kz/news-28052011.html
Zilola
Мен жұмыста отырмын, әдетіме салып кешігіп келдім, ресми жұмыс күні емес ғо деп өзімді ақтап алатын отмазкім де бар.
Бірақ сағат 16:00-ге дейін кете алмаймын. Жұмыстан соң, тағы бір объектіге бару керек болып тұр.
Не болса да бүгін сендерді көруге барамын, бірақ нешеде екенін әлі білмеймін.
Гүл қалаға қатты барғым келген, бірақ жолым түспей тұр :(
VKM
Алматылықтарға күшті,қайда барамын десе де, не көп баратын жер көп)Менде: не үйде отыру, не нағашы апама барып келу…
madlen
сол үшін бұл Алматы!
VKM
хехе,@madlen, белгілі ғой;)
satibaldi
Жетпей тұрғаны — жас фашистерге арналған MainCampF-2001 семинарлары екен.
Beytanis
қатырасың, хихуха!
AsanQaigy
31 Мамыр келе жатқанын ұиымпаңыздар!!!