Жолын тапсаң бұрыштан да шығуға болады

Алдыңғы күні ғана тірі жүрген бір танысым өз-өзіне қол жұмсапты. Бұрынырақта осылай қайтыс болған кластасым жайлы да жазба жазып ем… ел ішінде суцид көбейді. Суйцидтің көбейгені жайлы айта бергеніміздің өзі дұрыс емес секілді мен үшін...
Менің кеше жатып алып ойлағаным мынау(негізі кезінде өлгім келгенінде мойындай кетейін).Бұған дейін дәл осылай ойламап едім. Өзімнің өліп жатқанымды, туыған -туыстарымның аңырап жылап жүргенін елестеттім.Бір бұрышта ұлым бауырсақ жеп тұр.Үшке толмаған бала нені ұқсын… Мен орнымнан тұрам деп ойлаймын, тұрғым келеді.Тұра алмаймын бірақ.Туыстарымның жүрегі қарс айрыла жылағанын көріп шыдай алмай жатырмын.Өзіме-өзімнің қол жұмсағаныма өкіндім.Бірақ кеш еді…
Менің миыма кірген бұл ойды жүзеге асыру өте қиын.Бұндайға ешкім рұқсат бермейді.Жастай өзін-өзі өлтірген үйдің сол өлім шыққан күннен бастап жерленген сәтіне дейінгі оқиғаларды жылап-сықтағанын,қиналғанын видеоға түсіріп алып дискке шығарып жер-жерлерге таратса… Сонда бәлкім суйцид жасайтындар азаяр ма еді? Немесе елге белгілі емес актерлерді алып шынайы етіп түсіріп алса осындай жағдайды.Ет жүрегіңді езсе ол бейнежазба.Ой салса. Мүмкін азаятын шығар…
ал, ана марқұм кластасымның анасына, ағайындарына ауылға барған сайын амандасамыз. Жылайды бізді көріп.Ешкімнің басына бермесін бұндай қасіретті.
Бөлісу:

23 пікір

satibaldi
@Abilakim, респект!!!
Ahi
Сатеке, сіз аттансаңыз не болады екен бұ инет?!
Abilakim
Ахи ханым мырза, сілтемеңіздің мәнін меңгере алмадым
omarbirat
Әлеуметтік жарнамаға сұранып тұрған сюжет. Бірақ елдің бәрін жылатқысы келіп өле салатын ептібайымайдтар да шықпайтынына кепілдік жоқ бұл қу дүнияда
gunner
Негізі өзіне өзі қол жұмсағандарды газеттерде, телевизорда жаңалықтарда көп жарияламаған дұрыс екен. Ондай жаңалықтардан кейін әдетте өзін өлтіретіндер көбейеді.

Мынандай бір мысал оқығанмын: Көшеде кетіп бара жатып бағдаршамға келген кезде қызыл жанды делік, сіз ереже бойынша күтуіңіз керек, өтіп жатқан машина да жоқ. Сіз ойлайсыз мен өтіп кетсем де болады ғой бәрібір машина өтіп жатқан жоқ деп, бірақ ережені сақтау керек, сол мезетте жаныңызға тағы бір екі пешеход келді де қызылға жүгіріп өтіп кеттеді. Тура осы кезде өтіп кеткен екі пешеход сіздің ереже бұзуыңызға рұқсат бергендей болады да көбіне сіз де ережені бұзасыз да қызылға өтіп кетесіз. Суицид те осыған ұқсас, өзіне өлітіргісі келіп жүргендер өлуге батылы жетпей жүргенде, жаңалықтардан естіген суицид оларға рұқсат бергендей болады.

Мерлин Монро өлгенде өлімнің бір версиясы бойынша суицид деп бағаланған, оның өлімінен кейін америкалықтардың арасында өзіне өзі қол жұмсағандардың саны күрт өскен.

Тағы да бір мысал: бір жылдары хит болып кеткен түріктің «тутамас»(Бу акшам өлурум) әнінен кейін де Түркияда көп адам қайтыс болған екен.
Aizhantabyn
Суицид өзінен өзі пайда болып жатқан жоқ қой. Жасырып жүргеннен кім не ұтады? Өлем дегендердің саны жариялылықтан көбейіп жатырған болса кәне?
Рұқсат бергенде емес мәселе, мәселе қоғамның бір жақтылығында. Ұстаздарға бәрібір (жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицид), мемлекетке бәрібір (болмаса тегін психологиялық анонимді көмек көрсететін орындар, кемінде «горячяя линия» жоқ), бізге бәрібір, өйткені қолдан келер түк жоқ, онсыз ақ өмір қарбалас.
Түбін тауып, соған балта шабу керек.
neoman
Толықтай келісемін. Өте әдемі пікір!!!

Шынымен, соңғы кезде толып кеткен суицид туралы хабарларды доғару керек. Терең депрессияға кеткендерге суицид дегеннің бар екенін еске салудың қажеті жоқ.

Ал суицид туралы ойлана бастағандарға Әбіләкімнің мысалы пайдалы болар.
Aizhantabyn
мдаааа… иманды болсын. (((

Суицид жасау үшін қандай ерлік керек екен?
Менімше, көп жағдайда адам морально қиналғанында қол жұмсайды өзіне. Қоршаған ортаның да әсері зор.
ауыр тақырып…
VKM
Шынымен суицид туралы шуласа, жақын арада біреу өзіне қол жұмысайды… байқадым(
Алла деп жүру керек
gunner
Ия, соңғы жылдары оқушылардың суицидке баруы жиілеп кетті. Қазақстан жас балалардың суицид көп жасайтын елдердің бірі.
Arhun
Осы қазақтардың суйцыда туралы ойласам, есіме эскимос суйциды есіме түсіп кетеді
Ол жерде сондай жағдайы өршіп тұр екен Енді бізгеде сол жетіп тұр ма екен7
madlen
арты қайырлы болсын!
satibaldi
Қазір саннан сапаға өту заманы (атап айтқанда, Қазақстанның Әскери Доктринасында, мобильділікке айрықша басымдық берілген). Ендеше, психикасы тұрақсыздардан арылып, тек сапалы адамдар қалдыру мақсатында — суицидке шешім қабылдап, сенімсіздеу болып отырғандарды "өле қал!" деп итермелеп жіберетін call-орталықтар, сайттар мен ақпараттарды көптеп жариялау керек.
gunner
Алдында Познердің бірінші каналындағы бағдарламасында қонақ осындай пікір айтып еді, «Позекең» қонаққа наезд жасап неше түрлі сұрақтың астына алып, сіздіңше ауру адамдарды да емдемеу керек қой сонда деп сұрақ қойған еді. Сіздің ойыңызша да ауру адамдар да сапасыздар қатарына жата ма? Емдеу керек па жоқ па?
Gastarbaiter
Моралдық жағын айтқан сияқты негізі. Инвалид боп жүріп, халыққа сен екеумізден он есе көп пайда әкеліп жатқандар бар ғой.
neoman
Психологиялық әлсіздердің бәрін осы тәсілмен қырып тастасаң, сапаға өтетін сан қалмай қалады

Негізі мына әңгімең — далбаса, қалжыңдатып келтірсең де. Адамдардың сапасы олардың психологиялық тұрақтылығына байланысты емес.
satibaldi
Қалжыңның титтей де жұрнағын көріп тұрғаным жоқ. Шын бүйректен шыққан толғау: тек өрескел ату, дарға тарту және мысықжеккенге айдау әдістері ғана суицидиалды көңіл-күйдегілерден, діндарсымақ міскіндерден, сектанттар мен басқа да албастылардан елді тазартуға мұрындық болмақ!
satibaldi
Суицидке шешім қабылдап, сенімсіз болып жүргендерді итермелеп жіберу үшін әлеуметтік жарнаманы да көбейту керек: көшеде баннерлер, плакаттар, пошта жәшігіне — буклеттер.
Мысалы, бақыттан шаттанып күліп тұрған қыздың фотосы, астына:
«Махаббатың сені тастап кетті ме? Сен олардың барлығын тастап кет!».
Немесе:
«Мен шешім қабылдадым, енді банк — жер сипап қалд!!!».
Кешенді шаралар өз жемісін көп ұзамай бере бастайды деген сенімдемін.
Zere
Суицидке адам қатты күйзеліс кезінде барады көбіне. Ал ондай күйзеліс кез-келген адамның өмірінде болуы мүмкін. Жәй өмірде ол өте батыл, әрі көңілді болуы мүмкін, бірақ өмірінде қара жолақ өтіп жатыр делік. Ал теледидардан дәл сол мезетте өзіне қол жұмсағандар жайлы айтылып жатыр, барады да басы жұмыс істемей тұрғанда асыла салады.
boztorgai
махаббатың сені тастап кетті ме? сен олардың барлығын тастап кет!
жас отандықтардың жұмысы сын көтермейд
оЧм, пионер! ты в ответе за все:)
19852407
Бізде (Батыс Қазақстан) жыл басынан бері 99 суицид тіркелген екен. Сытырашшно енді! Қаладағы да, даладағы да қазіргі гу-гу әңгіме осы суицид төңірегінде боп тұр...(( www.uralskweek.kz/default.aspx?command=article&article=888
19852407
Өткен аптада екі күнде «мхтта жолы болмаған» екі жігіт кетті… түсінбим сондайларды