Жапония күнделігінен: Kujukushima аралдарына сапар

1 сағат жүріп, Сасебо қаласына келдік. Ол енді Huis Ten Bosch қалаcынан да әрі орналасқан. Нагасакиге кері барып, Сасебоға арнайы шығуға уақытты құртатын болғандықтан, осы маршрут ең қолайлы болған сияқты.
Қысқаша мәлімет.Sasebo (жапоншаSasebo-shi) Нагасаки префектурасында орналасқан.2009 жылы басылған деректер көзі қала халқының 252,698, ал тығыздығы 1 шаршы шақырымға 694 адам келетінін айтады. Жалпы аумағы 364 шаршы шақырым. Жергілікті табиғат өзінің көркемдігімени танымал. Қала құрамына Сайкай Ұлттық паркінің бір бөлігі кіреді.
Қаланың алғашқы тасы 1902 жылы 1 сәуірде қаланыпты. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде бомба атқылауынан көп зардап шеккен. Шайқас ақталған бейбіт заманда негізгі әскери құрылымдар АҚШ қарамағында өтіп, сол жерде база жасақталған.
Қаланы ұзақ аралай алмадық, вокзалдан Kujukushima аралдарына жеткізетін автобусқа билет алдық та, солай қарай тартып кеттік. Уақытымен келген экспресс автобус тар көшелермен жарты сағат жүріп, жүрген сайын биіктеп келе жатқан тау жолына қалдырып кетті. «Әрі қарай 1 шақырымдай жаяу көтерілеміз» деді Жанна.
Сайкай Ұлттық паркін құру 1949 жылдары сол кезде қала әкімі Masasuke Nagata – ның бастамасымен ойластырылған.Қазіргі парк территориясы бұрынғы Жапон Императорлық Теңіз Әскери флотының орнында пайда болыпты.Бұл жер стратегиялық зона болып есептелген, фотолар түсіруге тыйым салынған, жат жерліктерге кіруге, көруге рұқсат берілмеген. Кейін Жапон Әскерлерін таратқан соң (қай жылдар екенін білмеймін), Nagata әкім жергілікті экономиканы көтеру үшін қаланы туристтерге тартымды етуді қарайластырып, арнайы топты жасақтайды.Бұл топ осы паркті ұтымды етіп құруды алға мақсат етіп жұмыстанған, олардың ерен еңбегі арқасында Сайкай Ұлттық паркі 1955 жылы 16 наурызда толықтай реттеліп, ашылған.Бұл Жапонияда ашылған 18-парк.
Сайкай Hirado, Kujukushima және Gotō деген ірілі-уақтылы 400 аралдан тұрады.

Осылардың ішінде танымалы — Kujukushima аралдарына автобустан түскеннен кейін де тау басына қарай жүру керек. Ентіктік, бір-бірімізге қарайтын шама да болмады, әр жерде «800 метр қалды», «400..200 метр қалды» деген тақтайшалар бар. Күн аздап ысып та кетті.Бұл жерге көтерілгенше күн тас төбеде болды.
О! Бұл жердің кереметтігін сөзбен жеткізу қиыын, көру үшін көз керек, көз!!! 99 аралдан құралған парктің осы бөлігінде «Последний самурай» фильмінің кейбір эпизодтары түсіріліпті.


жоғарыдағы екі сурет мына жерден алынды:




Жанна ерінбей көтеріп әкелген штативін орналастырумен әлек болса, мен табиғаттың соншама әдемілігіне көз тойдырумен болдым. Күннің кесірінен дұрыс ракурста фотолар шықпады, дегенмен барымен базар, қолдан келгенді жасадық.Біз арнайы орынға келгенде еш адам болмады. Кейін бірнеше адамдар жай ғана қарады да, басқа жолға түсіп кетті. Қысқасы, алаң біздікі болды.

Осы жерде шағын демалыс болды

Қалай ұзақ көтерілсек, солай тез түстік те, мына жерден такси ұстап Сасебо аквапаркіне кеттік.

Жапон саяхатында барлық суреттер дерлік Жаннаның камерасымен түсірілген.
Бөлісу:

8 пікір

Karakyz
Қалай ұзақ көтерілсек, солай тез түстік те,

қалай түсінсем екен?:))

Тап таза мұнтаздай, ойыншық әлем сияқты екен. Лас жерлер бар ма осы Жапонияда?)
Altygradus
тауға көтерілген ұзақ қой:) Төмен түскенде оңайырақ болды, сосын қайтарда кішкене жолды кестік, біраз жеріне қысқа жол табыла кетті
Gulistan
Көтерілуіміз ұзақ, ал төмен түсуіміз жылдамырақ болды.
Altygradus
@Gulistan жоғарыдағы суреттер десеңші, әйтпесе бүкіл сурет сол жақтан алынғандай боп қапты. Қайран еңбегім ай:((
аквапаркке қарай такси шақыру бір проблема болды, айфон батарейкасы отырып қап, содан зоопарктегі ресепшн қыздарына плз плз такси шақырып беріңіздерші деп өтінуге тура келді:)
Gulistan
@Altygradus — айтқан назың орынды. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
boztorgai
керемет
өз еңбектеріңе таңба басып жүрсеңдерші
Gulistan
Таңба басу керек, бірақ сурет авторы Жанна,Altygradus.Келесіде ескеремін.
Altygradus
соны жасауға ерінемін мен, негізі ана @Aizhantabyn сияқты жасау керек сияқты.