Матеметиканы оқып үйренудің жаңа технологиясы, тек ол ғана емес...

Талғат бауырымыз әлемге танымал технологияны қазақшалапты. Бұл әдістеменің үйренуге, білуге талпынған жастарға берері көппе деймін. Тек, үйренем деушілерге ғана емес үйретем деушілерге де өте тамаша құрал. Интерактивтік әдістемесі мен бейнеролик үйроетушісіне көп болып қолдау керек сияқты. Лекторлық талантпен қоса шешендік ерекшеліктері бар небір керемет мұғалімдердің бар екеніне сенімім мол. Сабақтың ұғымды да нәрлі өтуіне көп қосмшада факторлар керек емеспе? Олай болса, көп болып қолдайық ағайын! Толығырақ мына жерде
Бөлісу:

25 пікір

izbasar
Сілтеме неге тастамағансың? Қостанайлық Талғатпа?
KILYZAMAN
Зер сала қарасаң табасың…
madlen
Ия, сол Талғат.
KILYZAMAN

әттең орысша екен, Талғат сияқты азаматтарымыз аман болса әлі ақ осындай роликтерде қазақша сайрай бастар.
IT_PORTAL_OBRAZOVANIE
KILYZAMAN
Білім саласындағы жаңа технологиялар
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
толық нұсқасы
talgatjez
Иә, қазіргі уақытта интерактивті технолгоияларға көп көңіл бөлініп жатыр. Соңғы 3-4 жылда көпетеген мектептерге интерактивті тақталарды орнатып қойыпты. Биыл мұғалімдердің интерактивті тақтамен жұмыс істеу қабілетін тексеру үшін екі рет комиссия келді. Бір, өкініштісі, кей мұғалімдер: Маған электронды тақтадан бұрынғы өзіміздің қара тақтам артық дейтін көрінеді. Шынымен, жасы үлкен мұғалімге ондай технологияны үйрену қиын. Активборд түгіл, антивирус орнатып, екселде дұрыс жұмыс істеудің өзі үлкен мәселе.
Қысқасы, мұғалімдердің арасына комп. технологияларды игерген жастар қосылса игі.
KILYZAMAN
Қысқасы, мұғалімдердің арасына комп. технологияларды игерген жастар қосылса игі.
-келісе тұра, қара тақтаны аңсайтын мұғалімдердің көбісі керітарпалар шығар деген күдігім бар. Себебі тыңдаушыларына бірнәрсе үйретемін деген мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керекқой. Көрнекті материалдар іздеп(жасап) әлек болудың қажеті бомай қалады емеспе жаңа технологияға құштар болса?
talgatjez
Ізденетін мұғалімдерді көрдім семинарлардан. Жасы 55 тен асқан бір апай мұғалім бізбен google дан пайдалы сілтемелер мен бағдарламалармен бөлісіп отырған. Ондай мұғалімдер өте сирек кездеседі. Құштарлықпен қатар адамның физикалық қабілетін де ескерген жөн шығар. Ондай жасқа келген мұғалімге жаңа технолгоияны меңгеру қиын шығар.
VKM
Математиканы амалсыз оқушы едім, мен гуманитариймін негізі.Бірақ Талғаттай мұғалім болса, математик болатын ба едім)))
satibaldi
Сталиндей елбасың болғанда, зымыран да ұшыратын едің.
VKM
satibaldi, сіздерде бақшада бүгін кислотный жауын жауды ма, ызалы сияқтысыз:)
satibaldi
Адресный помошь дегенді естігем, бірақ адресный дәл бақшаға жауатын жауын…
KILYZAMAN
Ештен кеш жақсы деген бар емеспе? Флаг Вам в руки :-) Талғатжанның ұсынып отырған технологиясы оқу құралың :-)
satibaldi
Сен бәрібір Жамбыл Жабаев бола алмайсың.
VKM
ой, аға, мен уже высшая математиканы, финансы, экономика, логистика… оқып қойдым)
KILYZAMAN
Логистиканы деймісің… Жарайсың!!! Қызыметің(жұмысың) қай салада?
VKM
Деловое администрирование, менеджмент
talgatjez
Бізге осылай үйреткенде бәріміз математик болушы ма едік?
KILYZAMAN
Бізге осылай үйреткенде бәріміз математик болушы ма едік?
— есесіне, келешекке сен барсың бауырым!(шуть шүт артистік, дикция, шешендік болса болды қалғаны өзіңде бар :-) )
madlen
шуть шүт артистік, дикция, шешендік
ol da jetedi Talgatta :)))
konvict
Америкалық Рон Кларк деген мұғалімге арналған киноны көріп па едің. Міне, соныкы өнер нағыз
talgatjez
Естуім бар. Қайдан табуға болады екен?
konvict
Неттен қарап көр. Торрентері бар шығар. Менде болып еді. Кейін дискі құртылып кетті