Бұл - джаз, балақан:)))
Бүгін Донецк облыстық филармониясында әлемдік масштабтағы музыкант әрі композитор Дэвид Фризеннің(АҚШ) концерті өтті.
Дэвид Фризен — американдық джаз контрабасшысы. Жас кезінде фортепиано мен гитарада ойнаған, ал контрабасқа әскерлік борышын өтеу кезінде ауысыпты.
Концерт-дәріс өте жоғары деңгейде өтті. Дәріс дейтін себебім, музыкант композияциялар арасында өз өмірінен ұзақ-ұзақ сыр шертіп отырды. Арасында көрермердердің де сұрақтар қойып отыруына мүмкіндік болды. Жалпы, байқағаным, джаз-концерті кезінде көрерменмен байланыс өте күшті екен.
Контрабасты фортепианомен сүйемелдеген 18 жасар Пол туралы айтпау мүмкін емес. Ойнағаны, жүректі суырып алады екен. Ал саксофонда Полдың әкесі ойнады. Екеуі де Дэвидтің шәкірттері болып саналады.
Өнерді бағалағандары ма, әлде Дэвид Фризеннің анасы Украиналық болып шыққаны әсер етті ме, әйтеуір халықтың ықыласы, енді, ерекше. Әр әуеннен кейін тік тұрып қол соғады. Концерт біткен соң да, қайта-қайта қол соғып, кетпей тұрып алып, музыканттардың қайта ойнауына тура келді.
Қысқасы, өкінбеймін. Сүйреп алып шыққан Жандосқа мың алғыс!)))

Керемет, бір концертті түгел бір күйші-композиторға арнайтын. Барлық өмірі, күйлерінің шығуы, орындалуы, нұсқалары, таспаға, нотаға түсіргендер туралы айтатын. Нарын оркестрі орындайтын сол күйлерді.