Башмақай дайын , балақай! :)

Соңғы уақытта тоқымам туралы жазбай кеттім. Сол тоқитын жіп жоқ ©)). Ауылдан алып келген жіптеріме көйлек тоқып қойдым.(Біреуі сатылған, екіншісі тур хД) Қазір қол боооос. Содан жанымыздағы «Гулжан» со-дан жіп алдым кішкене. Ол жіпті мен Шымнан әлдеқайда арзан бағаға сатып алар едім, бірақ іш пысты, тоқыманы сағындым))). Сөйтіп, қысқасы алған кішірек ақ жіптен мынадай башмақай (пинетки) тоқыдым.


Пинеткидің қазақшасы башмақай екенін енді біліп отырмын. Башмақай — жаңа туылған сәбилерге арналған аяқ-киім.Оны ілгемен де, спицамен де (қазақшасын білмедім)тоқуға болады. Баланың терісі сезімтал болғандықтан, оны жүннен иірілген жіптен н/е синтетикалық жіптерден тоқуға болмайды. Мүмкіндігінше мақта өнімінен иірілген жіптен тоқу керек. Тоқылуы өте жеңіл, фантазияға ерік беріп неше түрлі етіп сәндеуге болады.
Бөлісу:

74 пікір

Economist
Қандай сүйкімді! Еркеқыз, қолыңыз алтын екен!
qisyq
Мамам немересіне осындай тоқып беріп жүр:)
Zere
Қандай күшті! Жарайсың!
satibaldi
Бітті, мен — сендікпін!!!
serjan
Сені ала қояр ма екен!
AKY
Ыххахаха))) Неге алмайды екен?
serjan
Сен өзің алар ма едің?
AKY
Осындағы талай қыздарға ботаник биологтардан гөрі проктологтың Сатыбалды сияқтылардың ұнайтынын жасырмай-ақ қояйын:))))
alisha
Иә, ғұламаға айналу бақытынан ешкім де бас тартпаса керек-ті…
serjan
Осындағы қыздардың атынан сіз сөйлейсіз бе?
биологтарға тіл тигізбей ақ сен ұнамайсың десеңізде аспан айналып жерге түспес еді.
Aizhantabyn
ботаниктер ешкімге ұнамайтыны рас қой
serjan
Сен бүкіл адамзаттың атынан сөйлеп тұрсың
AKY
Шамданып қалдыңыз ба))) Бірақ расымен солай, қыздар келіп төрелігін айтсын:))
@Zilola, @Aikona, @Sammita, @ushkin, @monti, @Zere!!! Тағы кім бар еді, бірдеме деп жверіңдерЧ, а то таланып қалатын болдым))))
serjan
Болды қойдым, сенікі дұрыс, шашыңды жайып отыра кеттің ғой.
AKY
Как-раз таки қазір шашымды тастай ғып түйіп отырм.
ushkin
Не десем екен?) Ыстық ықыласпен «Ық-ық» деймін да)))
Zilola
қыз болған соң еркелейді, тәлпіштенеді, кейде дажы ырбыңдайды.
бір ашуыңызды беріңіз енді :)
serjan
Қандай көркем мінез!
AKY
Зи, мен сені ол үшін шақырғам жоқ қой))))
alisha
«Шақырмағанға барма, шақырғаннан қалма» деп отыратын атам… сосын үндемеуге тура кеп отыр)))
AKY
Сен онсыз да осындасың ғой))) Айта бер;)))
alisha
Сержан сері артық кеткендігін мойындады ғой))) Шынымды айтсам, ботаник танысым жоқ екен /жігіттерден/…
AKY
Жоқ енді, ботаниктің де ботанигі бар ғой! Ондай болса, әңгіме басқа))
serjan
Жарайды енді мен артық кеткен сияқтымын.
sammita
мен түсіндім не үшін шақырғанды. Общым, @serjan қазнеттегі қыздардың басым көпшілігі проктолог мырзаны жақсы көреді @AKY дұрыс айтаД.
AKY
Уот, міне, біздің адам!:))))
Zilola
ер адамдардан бір саты төмен екеніңді айтсаң ризаааа болып қалады да :)
Алдап отырып, өзін төмендетіп жібересің :)
AKY
«Төмендеттім» деме, ойбай! ))))
Zilola
бастысы бірінші басу сөзім әлсіз жеріне майдай жақты ғо, ендігісі бәрібір :)
KILYZAMAN
Белді ауылдың беделді келіні болатынақ қыз екенсің Еркетай!
satibaldi
Солай-солай, ауылдың сипаты біздің ауылға келіңкіреп тұр…
KILYZAMAN
Белді ауыл -елді ауыл, берекесі ынтымағымен бірге жүреді!
satibaldi
Ақтан аузымыз босамаған, кешірерсіз — арылмаған елміз, Желмаяның өзі Асан қайғыны түнде лақтырып кетіп, қашып келген құтты мекен біздікі.
Erkekyz
Рахмет барлықтарыңызға! :)
Gulistan
Еркеқыз, мен шәкіртің болайыншы?:) Бір инемен тоқуды үйренгім кеп жүр. Мынауың шедевр!!!

ПыСы: Сатик, сөзден гөрі, әрекетке көшсеңші:)
Erkekyz
Әрине.) Тек видео сабақтар жасай алмай жүрмін. Фотоға түсіріп көрсетсем бе екен тоқылуын? Ойланып көру екен екен.
Zilola
Құдай-ай, не деген сұлу носки мынау. Мен алайыншы Рай
Қолың дерт көрмесін!!! (түрік сериалының пайдасы :))))
Erkekyz
Сатылып қойды жаңа ғана)), саған тағы тоқып беремін. Түстерін айтсаң болды.
Delvara
егер ренжемесен айтшы, мынау қанша тұрады?
Delvara
керемет әдемі екен, экранға шұқшиып 5 минуттай қараааап отырмын.
AKY
Райхана, жарайсың!!! @TERISKEY, @blackbeard қайдасыңдар?))
AKY
@konvict!
konvict
Лібәәә!!! Сіздің шақырғаныңыз маған келмеді. ((((((
Сындым мына тоқымаға да, @Erkekyz-ға да. Әбілдің, Сатыбалды алдымды орап кеткенін қарашы. (((((((((((( Әкәрәки Райхан Сатыбалдыға қарайтын болса мен інімнің машинасының астына түсемін
Aizhantabyn
башмақай супер!

Ар жағындағы сандыққа қараумен болдым. Біздің үйде жалғыз сандық қалды. Әжемнің. раритет болған соң и то))) СОдан, жұрттар әлі қоладанады екен ғой деп отырмын)
Сен Гүлжанның жанында тұрасың ба? Мен де алыс тұрмайм же, кездесейік онда))))))))
AKY
Мен де алыс емес едім Гүлжаннан:(((
qisyq
Сен алыссың, Хохландиядасың.
Aizhantabyn
да ну нафиг! Астананың қыздары бәрі бір жерде екен ғой… Капец )))))))))))))))))))
AKY
Барғасын нету керек ощм.
Aizhantabyn
өте мөте нету керек)))
Erkekyz
Астаналық керекшілердің көбісі «Встречада» тұрады екен ғой.)) Шынымен кездесу керек екен.)
TERISKEI
кездеу керек — нені кездемекшісіз,@Erkekyz?:)))
Abilakim
Мынаны көріп отырып бала болғың кеп кетеді екен)))) Керемет, сүйсінбеске шарам жоқ
TERISKEI
@Erkekyz, мен… мен… (@VKM, кешірші)...:)))))))))
Күшті еңбек! Тамаша! Ырысбек!
Altygradus
@Erkekyz, мен… мен… (@VKM, кешірші)...:)))))))))
уахахаха уууф:)өлтіресіңдер бір күні:)))))))

ЕРкеқыз супер әдемі. Мынау енді әдемі, бірақ әлі жүрмейтін кішкене балаларға сияқты:)
бұған қарағанда жүретін балаларға практичный варианты болса қатып кетер еді. мыс табанына тері жүргізілсе, онда мүлдем таптырмас нәрсе болатын сияқты. Өзі әдемі, әрі бала күнделікті киіп шауып жүре беретіндей:)
Erkekyz
ия, бұл жаңа туылған сәбилерге ғой. Шауып жүретін балаларға уже шұлық тоқу керек қалың жіптен. :)
konvict
@Teriskei мұндай болмайды. Екіжүзділік қой мынау
VKM
Райхана, супееер. Рахмет.@TERISKEI кешірмим))))
konvict
@Teriskei-ді алып кетіңізші
Beytanis
Еркеқыз, нәпақасына келіссең ересек адамдарға байпақ, нымша, т.т. тоқисың ба?
Erlan
Әдемі көрінеді, біраз уақытпен, шыдамдылықты қажет етеді гой, Өнерің дами туссін!
Karakyz
Керемет! мастер класстар күтеміз енді))
«Гулжан» со-дан жіп алдым кішкене

Сен әлі Астанада екенсің ғой!
қолдарың бос болса жексенбі күні балетке барайық, Конгресс холлға ГАТОБ келіп жатыр ғой. Ромео мен Джульеттаны қояды.
sammita
Астанадан кетіп қалмады ма екен. Өткен демалыстарда «Гүлжан» СО-да кездестік Еркеқызбен:) Сонда қайтам деп жүрген.
Erkekyz
әлі жүрмін ғо)
sammita
Еркеқызбен кездестім дей берейінші, а то атын білмейді екем оның:))
TERISKEI
аты Райхан, Раааййхххаан!:))))
Maya
Қандай әдемі :-) Мен 4 бізбен (спицамен) тоқимын, ал ілгемен тоқып көрмеппін. Құрбым ілгемен ғана тоқиды.
Бірақ мен анандай гүлдерді істей алмаймын, ондайларды анама істетемін. Негізі көңіл бөлсең бәрін де үйренесің ғой, ал мен анама сеніп салғырттық танытып жүрмін. Мүмкін Райдан үйренермін а???
Gastarbaiter
Ох, Райхан егізім болса, сені рекомендер едім.))))
madlen
Еркеша, сен қандай күштісің :))))