Жақсылықта бір-бірімізге жәрдемші болайық!

«Кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, күдіксіз Аллаһ оны көреді!»
«Зілзала» сүресі, 7 аят

Ренжімеңіздер! Копи-паст екендігінде сөз жоқ! Бірақ жақсы хабарды тезірек өздеріңізбен бөліскім келді. Мен үшін сүйінші сұрауға лайық жаңалық! Енді, иншаллаһ, біздің ауылдағы абыржып, қиналып жүрген имамның қабағы жадырап, қатын-баласы ешкімге қарап жәудіремейтін болды. Осы кеше ғана ауылға барып келгенімде «Сауда-саттық жасасам да, тірлігімнің бір реті келсе, осы жаназадан пұл алуды доғарар едім!..» дегенін естіп едім. Аллаһ тілегін қабыл етіпті. Өйтпегенде ше, ауылда мешітке аяқ басатын да, садақа беретін де жандар саусақпен санарлық. Қанша "өзі үшін", «діні үшін» қызмет етсе де, имам да адам. Оның да бала-шағасы бар. Енді осы тақілеттес кісілерге сіздің және біздің орталықтандырылған садақа/зекет қорына төлеген қаражатымыздың шетінен жалақы тағайындалатын болды. Осы істің басы-қасында жүргендердің барлығына Аллаһ разы болсын айта отырып, хат мәтінін назарларыңызға ұсынамын!

Қадірлі бауырлар!
Жақында ғана көптен бері сөз етіліп жүрген ҚМДБ (Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы) Зекет Қоры тіркеліп, өз жұмысын бастады. Зекет және садақаларды бір орталыққа шоғырландырып, оларды елімің руханиятын көтеруге қатысты іс-шараларға бағыттаумен айналысатын Зекет Қоры, қазіргі таңда қоғамда қалыптасқан көптеген мәселелерді шешуге тікелей атсалысатын болады.
Қоғамдағы діни сауаттылықтың төмен деңгейде болуының арқасында, көптеген жат діни ағымдар белсенділік танытып, халықтың санасын улауда. Ал, сан ғасырдан бері қаймағы бұзылмай жеткен дәстүрлі дінімізді одан әрі жүйелі әрі толыққанды насихаттап, түсіндіру жұмыстары көбінесе қаржы мәселесіне байланысты тоқырап қалып жатқаны белгілі. ҚМДБ Зекет қоры, міне, осы мәселені ел болып жұмыла шешудің оңтайлы тетігі болмақ.
Ел руханиятын басты нысан ретінде қарастыратын Зекет Қорының қаржысының бағытталатын іс-шараларының кейбіреуі мыналар:
— барлық елді мекендер мен ауыл мешіттерін имамдармен қамтамасыз етіп, олардың жалақысын төлеу,
— білікті діни мамандар жетілдіру,
— Ислам ғылыми-зерттеу орталығын ашу,
— дәстүрлі Ислам дінінің түрлі қырларын қамтитын сапалы әрі жан-жақты әдебиет дайындап, тарату,
— діни білім мекемелерінің саны мен сапасын арттырып, олардың инфрақұрылымын дамыту,
— дәстүрлі Ислам дінінің жүйелі, кешенді және ғылыми түрде насихатталуының инфрақұрылымын дамыту (мешіт-медреселер, БАҚ, қажылық мәселелері, халал индустриясы, исламдық қаржы т.б.).
Қордың басқарылуы, заманауи кәсіби басқару жүйесіне сай жүргізіліп, өз кезегінде халықаралық зекет қорларының үздік үлгілері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ҚМДБ Зекет Қоры Исламдық экономикалық жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі — „Уақф„ концепциясы негізінде қызмет етеді.
Осындай ұлы мақсаттарды көздеген ҚМДБ Зекет Қорына қолдау көрсетіп, еліміздің рухани ахуалына қызмет етуге қатысуларыңызды сұраймыз.
Қаражаттарыңызды жеке тұлға ретінде де, заңды тұлға ретінде де аударуларыңызға әбден болады. Екі жағдайда да ресми бухгалтерлік құжаттар толықтай ұсынылады.
Кез келген сұрақтарыңыз бойынша бізге хабарласуларыңызға болады.

Құрметпен,
Едіге АЛПЫСБАЙ,
ҚМДБ Зекет Қорының
Директоры
050016, г. Алматы
Маметова к-сі, 1Б,
Тел. +7 (727) 3976384
э-пошта: e.alpysbay@zeket.org.kz
www.zeket.org.kz
Бөлісу:

11 пікір

konvict
Оооо, керемет болыпты ғой. Жарайсың @timurrr. Дер кезінде жарияладың
Onlasyn
Имам болфйын деп пе едің?
Aizhantabyn
сонда бұрын олар «на чистом интузиазме» тіршілік еткен бе? Ужас қой.
Мынау жақсы болған екен.
timurrr
Дәл солай! Энтузиазм! Бәрі дей алмаспын, бірақ дәл менің ауылымдағы имамдікі энтузиазм! «Шығам!» деді имамдықтан. «Сыртта діни соқыр халықпен арпалысасың, мешітке келсең мына салафиттер отыр, „права качать“ етіп. Күн сайын түрлі қылық шығарып. КНБің жүр… Жалақы сірә жоқ! Бұрынғы күнім тәуір еді» деді маған. «Бірақ...» дейді. «Шығам дегенім болмас! Алланың сынағы ғой? Жауапкершіліктен қашқан боп саналам. Әйтпесе, қазір-ақ кетер ем имамдықтан» деді.

«Мынау жақсы болғанның» өзінде бұл іс енді басталып жатыр, Алланың қалауымен. Бірақ не факт, бүгін бұл қор құрылды, ертең имам жалақы алады емес! Бұл қордың өзі аяғына тұру керек. Сен және мен сияқтылар қайыр-садақа, зекет беру керек. Сондықтан ел-жұртқа айту жүрелік!
Onlasyn
Мешіттің алдындағы «маймылдарға» бергенше осыларға беру керек садақаны.
Aizhantabyn
неге маймылдар? Кейбіреулері шынымен мұқтаж ғой (((
timurrr
Onlasyn durys aityp otyr-au dep oilap kaldym…
Aizhantabyn
иә, Тимуррр. Әрине, ертең ақ жалақы алады деген емес, бірақ ештен кеш жақсы, шүкір)))
KILYZAMAN
Жақында ғана көптен бері сөз етіліп жүрген ҚМДБ (Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы) Зекет Қоры тіркеліп, өз жұмысын бастады. Зекет және садақаларды бір орталыққа шоғырландырып, оларды елімің руханиятын көтеруге қатысты іс-шараларға бағыттаумен айналысатын Зекет Қоры, қазіргі таңда қоғамда қалыптасқан көптеген мәселелерді шешуге тікелей атсалысатын болады...
-сонда осы уақытқа шейінгі Зекеттер мен бітірлер қайда кетіп жатты екен?