Сұрақ-Жауап.kz сайтында қосылған аздаған мүмкіншіліктер...

Салеметсіздер ма КерекИнфо сайтының қолданушылары!


Өзі бір қарбалас тіршілікті күй кешіп журмін. Келесі айдың 1-2-сі дипломдық жұмысты қорғау, азын-аулақ жұмыс т.б. жүрек соғу проблемасы шаршатып жіберді.

Алдымен Arhun ағамызға үлкен рахмет! Сайтымызға шын көңілімен өзіндік Логосын жасап бергеніне.

Кеше түнімен отырып Сұрақ-Жауап.кз сайтын жаңа нұсқасына жаңартып шықтық. Шетінен таныстырып шықсам қарсы болмайсыздар ойлаймын, қосар ой-ұсыныстарыңыз болса пікірде қалдырасыздар деп сенемін. Әр пікірге жеке-жеке жауап беруге тырысамын.

1. Ыстық. Кей қолданушылар бұл не деп сұрақ қойып жатыр. Яғни Ыстық батырманы шерту арқылы сіз қазіргі уақытта ең көп талқыланып жатқан немесе көрілген сұрақтардың тізімін көресіз.

2. Сұрақтарды маңыздылығына қарай көру. Ол үшін Сұрақтар батырмасын шертсеңіз астында менюлер ашылады.


3. Суб-Санаттар. Енді санаттың астынан сол санатқа қатысты сұрақты нақты көрсетуге болады. Ирархиялық түрде бағынышты болады.


4. Сұрақтардың қайталанып қойылмауына мүмкіндік жасау. Яғни сіз сұрағыңызды жазған кезде, сол сұраққа ұқсас сұрақтарды шығарып береді. Егер сіздің қойғалы тұрған сұрағыңыз көрсетілген сұрақтың ішінде болса, сонда өте салғаныңыз абзал!


5. Суб-Санатты таңдау. Алдын келісім бойынша Авто, Мото-да тұратын еді. Көп сұрақтардың санаты таңдалмай Авто, Мото-ға қатысы жоқ сұрақтар сонда қойылып кететін еді. Ал енді ол өріс алғашқы кезде бос болып тұрады, сіз дұрыс өріс таңдамайынша сұрақ қойылмайды.


6. Ілмектер. Ілмектерді ажырату үшін алдын пробел, яғни бос орын қалдырғанды қолданатын едік. Енді ілмектерді ажырату үшін үтір қолданамыз. Ілмектің не екенін @asaubota ағамыз жақсы айтып кеткен.

7. Жеке хат жолдау. Сайттағы қолданушыға жеке хат жіберу. Ол үшін қолданушылар бөліміне өтіп, қажетті қолданушыны тауып алып, соның бетіне өтесіз. Сонда Жеке хат жіберу батырмасын шерту арқылы сол кісінің поштасына хат жібере аласыз.


8. Спам, Фулдтармен күресу. Егер қойылған сұрақ немесе берілген жауап Спам деп қолданушылар белгілесе 5 жалаудан соң Сайт адині мен Модераторларына хабарлама барады. Біз ешқандай шара қолданбай, ол жалаудың саны 10-ге жетсе автоматты түрде сұрақ немесе жауап өздігінен өшірілініп тасталынады.


9. Сайттың статистикасы. Қазіргі кезде қанша қолданушы отырғандығы, қанша сұрақ, қанша жауап және қанша қолданушы тіркелгендігі туралы ақпарат бас бете көрсетілетін болады. Әр 1 минут сайын ақпарат жаңартылып отырады.


10. Сұрақ туралы. Сұрақ туралы толық көру үшін сұрақты ашпай, курсорды үстіне апарсаңыз сұрақ туралы толық ақпаратты көруіңізге болады. (1-белгі) Және де сұраққа қанша жауап алынғандығы, сұрақ қанша мәрте көрілгендігі туралы ақпарат 2-ші белгіде көрсетілген.


11. Сізге пайдалы болған сұрақтарды достарыңызбен бөлісе отырыңыздар. ;) Ол үшін мына белгілерді шерте отырсаңыз жеткілікті.


Әзірге жаңадан қосылған мүмкіншіліктердің тізімі осы. Ал алдын болған мүмкіншіліктер олар өз орындарында. Тағы айта кететін бір жайт бұл Beta нұсқасы қателіктер болуы мүмкін. Алдағы уақыттағы жаңартуда біраз жақсы мүмкіншіліктер қосылады деген сенімдемін. Сіздердің ой-пікірлеріңізді асыға күтемін, мүмкіншілігінше орын алған олқылықтар болса тез арада түзеп қоюға тырысамын.
Бөлісу:

16 пікір

asaubota
көптен кірмеп едім. сұрақ қою мәдениеті әлі өзгермеген екен. бұлай кете берсе форум болып кетеді :)
yerbol89
Енді модераторларға нақты тапсырма беруге болады. Фулд, спам орынсыз қуып кеткен сұрақ жауаптарды спам деп белгілеп кетсе болды, автоматты түрде олар өшірілініп турады. Енді жақсылап модераторлар көмек қолын соза тұрса, ары қарай аяғына тұрып кетеді.
asaubota
дұрыс сұрақ қою туралы бір бет жасап қойсаң жақсы болады
yerbol89
Дұрыс айтасыз. Істеп қоюға болады.
Delvara
Біраз өзгерістер енген екен. Жақсы.
Arhun
Біраз нақты, орнықты функциялар қосылған еке: сол үшін мыңда бір рахмет!
Өстіп керекті функциялары қосыла берсе, рейтингі әлбетте жақсылап көтеріледі
Сайт – потенциалды, демек келешегі зор; оның тұтынушыға пайдасы өте да зор.
Қысқасы, қазақ тілді сайттарды қолымыздан келгенше қолдап, шарықтандыруымыз керек
sammita
«көп көрілген» — «көп қаралған» десең ше.
Сосын әлгі «ыстық» дегенді аздап өзгерткен жөн сияқты. (горячие темы, горячие новости дегендей ғой негізі ия).
yerbol89
Өзгертіп қойдым. Бірақ сол ыстыққа келіп тіреліп қалдым. Қысқа бір сөз болса дұрыс болар еді. ия горячие темы дегендей болса қатып кетер еді! ;)
sammita
көп талқыланған сұрақтар, қызу талқыға түскендер дегендей балама сөздерді керекшілер тауып береді, көресің қазір:)
Ottegin
Сосын әлгі «ыстық» дегенді аздап өзгерткен жөн сияқты.

Толық келісемін, «көкейкесті сұрақтар», "қызу талқы сұрақтар", «тізесі шыққан сұрақтар», «ақсақал сұрақтар», «жауыр болған сұрақтар», «көзге сүйел болған сұрақтар», «шиқандай сыздаған сұрақтар» деп синонимдер мен идиоматикалық тіркестерді келтір беруге болады)))
sammita
оқ ты, нешетүрлі варианттар міне!
Zere
Дұрыс сол «ыстық» деген. Просто құлақ/көз үйренбеген. Кейін үйреніп кетеді.
Abilakim
мен де кірмей кеттім.
Қызым бермей жүр, не істейм? деген сұрақтар дым қызық емес тә…
Abilakim
Түзу жолға қойылса баруға тұратын бастама ғой
izbasar
Расымен қытымбақай сұрақтар қаптап кеткен сияқты. Ондай жабайы сұрақтар қоятын қолданушыларды өшіріп тастаған жөн.