Бүгін жатақханадағы соңғы күнім

Бір түрлі сезім. Кеткің келмейді, бірақ комендант «кет те, кет» қылып жатыр. Амал жоқ… Қызығы мен шыжығы көп жатақхана ғой бұл. Әр комнатасы ыстық мен үшін. Таласып жеген тамақ. Қантсыз, сүтсіз шәй. Қара нанның өзі. Қарын "әнұран" айтып шұрылдағаны.Кешігіп қалып балконмен кірген кездер. Өмірдің басқа бір белесіне өтіп бара жатқандай сезініп жатырмын өзімді…
Бөлісу:

18 пікір

Ahi
Ал, давай, мен шықтым(((
Onlasyn
Қашан келесің?
konvict
Жатақханадағылардың @Ahi-дасы қате ма екен?
Onlasyn
Оқу аяқталды ғой, баурем:)
konvict
Сонда Ахи мектепте оқи ма? Универлерде әлі аяқталмап еді ғой
Onlasyn
Кетіп жатса аяқталған да
konvict
Лібә, өзім оқымаған соң білмейді екенмін
Onlasyn
Қимай отырм Ахиды((
Zilola
мен сізді басқаша деп жүрсем, копи пастты сылып алып тастаса тура өзім сияқты екенсіз :)
TERISKEI
@Ahi да өзіміз секілді ғұмыр кешеді екен ғой:)))
Lyaila
Бұл қимастық сезімі біздің де бастан өткен… Каникулда үйге барғанда, көпке дейін жатақханамды кәдімгідей сағынғаным бар)) Сол кездері «Жатаханада тұрмаған студенет-нағыз студент емес!» деп ұрандатып жүретін едік…
sammita
Қызығы мен шығы
шығыны көбі рас енді:)
Ahi
Кетіп бара жатырып асығыс жазғам, дұрыстап қойдым!
Onlasyn
қайтып келдің ба?
Ahi
Жатақханадан кеттім ғой!
Onlasyn
мен сені жалпы кетті ма деп бір жылап алдым ғой:)
urimtal
таныс сезім… Һайырлысы, @Ahi!
edige
Альбомымда жатақханада 1 түйір нанға қарап отырған 7 жігіттің суреті бар еді… приколға түскен. «Аяз би әліңді біл...» дегендей соған қарап бір күліп аламыз бас қосылғанда. Үйінен келіп оқығандарда жатақханадағыдай қызықты күндер болмас білем