"Кариб теңізінің қарақшылары 4" қазақстандық прокатта рекорд қойды



«Кариб теңізінің қарақшылары: тылсым жағалауда» фильмі алғашқы бес күннің ішінде Қазақстанда рекордтық сома жинап үлгерді.

«Меломан» компаниясының мәліметтеріне сәйкес, "Қарақшылардың" төртінші бөлімі бес күнде 164 миллион теңге табыс тапқан. Бұл Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Осы уақыт ішінде туындыны 160 мыңнан астам адам тамашалапты.

Сонымен қатар, «Кариб теңізінің қарақшылары: тылсым жағалауда» фильмі, алдағы күндердің нәтижесі бойынша, Қазақстанның кинопрокат тарихында ең көп табыс тапқан туынды болуы мүмкін деп хабарланды.
Бөлісу:

46 пікір

gerakl
осыны біздің құпия сайтымызға да орналастырсаң :)
konvict
Осы уақыт ішінде туындыны 160 мыңнан астам адам тамашалапты.
Өткенде мен Алматыға бармасам 159999 астам адам тамашалайды екен ғой
qisyq
Сен сонда кем дегенде екі адам болдың ғой?
Астам деп тұр ғой.
Раздвоение личности.
konvict
Мен бармасам менің екі досым тамашалауы неғайбыл еді. КетЧ не үшін саған жауап жазып отырмын
qisyq
Scheschesse)))))))))))))))
Onlasyn
Өз басым осы фильмге еш қызыға алмадым.
Инфо үшін рахмет:) Баджа:)
patick
сондай қойна, түк қызық емес
Onlasyn
Шешесс, 800 теңге шығарып наққа… :))
qisyq
Өнерді түсінбейсіңдер…
Қажыдым…
konvict
Біз 1200ге кірдік. Қайран төрт жүз теңге
Abilakim
Торренттен күтеміз!
omarbirat
BDRip сапасын желательно :))
konvict
Торрентін тапқандар жекеге жіберіңдерші
omarbirat
Кинотеатрдан көріп қойған жоқсың ба?
konvict
Керек тастың ауырлығы жоқ
qisyq
Лібә, екі жүз теңгелік дискілер сенікі екен ғой.
konvict
Өзді-өзіме күлгеніме қарап қасымда отырғандар жаман көзімен қарап отыр.
qisyq
Үш кубик нейролептикпен бір апта терапия… Бәлкім екі… © Сатыбалды
konvict
Sceschesse!!! Кеттім кированың аяғына…
konvict
@blackbeard ойнағаны үшін деп сөз берем
Serzha
Кариб теңізінің теңіз қарақшылары 4
qisyq
Неге?
Serzha
пират — теңіз қарақшысы, жай қарақшы емес қо
qisyq
«Кариб теңізінің» деген тіркес тұрған соң «теңіз» деген сөзді қайталай бермейін дедім. Осыдан-ақ оның теңіз қарақшысы екені белгілі ғой.
edige
«Айнабұлақтық гопстопник» деп ойлағандар жоқ шығар :)
qisyq
Scheschesse))))))))))))))))))
konvict
Кариб теңізінің теңіз қарақшылары таңғажайып жағалауда
qisyq
Жақсы аударма екен.
omarbirat
"Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлері әскерде әскери қызметтерін атқарып жүр" деген сияқты ма, типі? :)
madlen
Су перілері болған жерлері қатты ұнады :)
Dzhuli
Джонни нағыз актерлік шебер!
Abilakim
Шебер актер, актерлік шеберлігі керемет дегеніңіз-ау шамасы
qisyq
Қабілетіңе қараймын да, таң қаламын.
huanysh
Кім көрді, қызықпа?
Ereke
Бір ақ мәрте көруге болады, алдыңғы киноларындай онша қызық емес, ең жақсысы кейін двдрип шыққанда көру керек
huanysh
рахмет онда соны кутем
madlen
@huanysh, кинотеатрдан көрген қызық қой. Үлкен экранда көр. А то дым қызық… :(
huanysh
өзім жалғыз барғым келмейді, отбасым қайын-жұртқа жібергем ) жер-сілкінісінен кейін ;)
nurbergen_makym
Осының жарнамасы жынД болТ енД. Сірә, әнебір трейллерінде айда жүретін Трансформерлердің де кассалық жиыны мықТ болатын шығар…
qisyq
Ия, жақсы кампания жүргізді. «Теңіз қарақшыларының» кеші ұйымдастырылды, барлық жерде жарнамалары ілінді.