Қайсылары көбірек жақынырақ?

Қай кездегі достарыңызбен көбірек араласасыз? Мектептегі ме универдегі ме?

Қайсылары көбірек жақынырақ?

Бөлісу:

56 пікір

Onlasyn
Жұмыстастар дегенді де қосып қою керек сияқты ма?!
asaubota
ондайларды қоспадым, оған қарасаң сайттастарды да қосуға болады. қазір мысалы достарымның көбісі сайттастар.
Onlasyn
Жөн… Ол жағын ойламаппын…
Zilola
Мен класстастармен де араласып тұрамын, бірақ олар менен алыста. Ал группаластармен бірге жұмыс істеген кезім де болды, көп кездесеміз.
Негізі группаластар жақсы ғо :)
alisha
группаластар деген өмірдің «ащы-тұщысын» бірге бөліскендер ғой енді… Бүгінде ең жақын достарым — группаластарым:) сыныптастармен де сағынысып қауышам;)
asaubota
кластастармен хабарласып тұрамын, бірақ бірге оқыған жігіттердей емес.
Ahi
Сыныптас екі досым бар, ол екеуінен асқан дос жоқ менде! Басқа да достар жетеді ғой, ал екеуінің орны айрықша! Жәй кластас ретінде емес, тамыр, бауыр, жан жолдас болып кеткенбіз!
alisha
Тікелей эфирден Сізді көріп жетіп келіп ем, масқара боп бұл әрекеттерімізден де ширктің белгілерін байқатып қойдық па деп…
Onlasyn
)))) "Өліп кетейін әртіссің" ©Қожа
Abilakim
Менде Ахи бауырымыз «Алладан жақын ешкім жоқ»деп ақырып жатыр екен деп қалып ем)))
alisha
Қайтейік, аузы күйген үрлеп ішеді:)))
asaubota
Ахиді мазақ қылуды қойыңдар. жалпы ешкімді келеке қылмайық.
alisha
Өз басым мазақ қылып отырғаным жоқ, шынымен де сондай оймен келдім…
Aizhantabyn
мен де мүлдем дос жоқ)
реалда сіңлімнен артық, анамнан артық подруга, інімнен артық дос таппадым))
Курсттастармен де, сыныптастарыммен де араласпаймын)
Ahi
Еее, виртуоз дер ме еді Сатекең)))
alisha
Айжан, сендей қыздың доссыз жүргеніне сенгім жоқ!!!
Aizhantabyn
мен өте бауырмалмын да, тап сондай кекшілмін))))

менің өмірім абсурд болып кеткен секілді…
alisha
мен өте бауырмалмын да, тап сондай кекшілмін))))
мен де өзімді соңғы кезде осындай қырымнан танып жүрмін…
Aizhantabyn
біреуі табиғатымнан, екіншісі «наживное»)))
edige
Сосын аюкаш па? :)
Aizhantabyn
жоға, дос жоқтан аюмен достасып жүрген «ауыш» емеспін)))

жай, адамға сенуден қалғанмын)
edige
Барлығы сенімсіз ба? Ужас қой…
айта салдың я…
Aizhantabyn
айта салмадым, рас айтам.

Таныстарымның көбі мені ашық, ақкөңіл деп ойлайды, бірақ күліп ойнап жүріп, жан жүрегімді ашпаймын. Қайта өзгенің сырын сақтап жүрем.
Erkekyz
Мен де тек анаммен ғана сырласамын.
А, тақырыпқа келетін болсам сыныптастарды таңдадым. Олармен жақынырақ екенмін, реалда да, агентте де.)))
sigma
Жалпы группаластар, өзіңмен бір мамандықта оқығасын болар, жақсы.
Әңгіме де жарасады, сол ИТтірлікпен шұғылданатын болғасын ба, темір-терсек әңгімесі қызад кездескенде.
Кластас енді бірі ойда, бірі қырда дегендей.
Ahi
Йә, негізі әңгімең кіммен жарасады, солмен дос боласың ғой. Біз дін біріктірмесе, басқа еш нәрсе біріктіре алмайды деген қағидамен жүрік сол)))
sigma
Дәлел, дәлел деп отырсыңдар ма сонда,

Ақи жақсы бала
Aikona
Менде қазір көбіне сайттас достарыммен көп араласам, группамен мүлдем кездеспеймін, кластастарыммен туған күн, тойда көріп қалам.
satibaldi
группамен мүлдем кездеспеймін
Группа сол күйі старостасымен көшеде жүред деЧ.
edige
Мен үшін екеуі де бірдей сияқты. Өмірде бірге парталас болмай достасулар да бар — «Заман достық».
Жоғарғы курста оқыған жан досым бар еді. Басы қырылысумен басталып достастық. Тойларға бірге шығып жүрдік. Ел "Ұқсамайтын егіздер" дейтін. Бөлек көрмейтін ешкім. Біріміздің сөзімізді біріміз жалғап, біріміз домбыра ұстасақ біріміз баян… Үйленгенде «жолдас жігіт» те болдық. Қызықты дәурен күндер өтті. Қадірін білмеген…
Өткен жылы қайтыс болғанда жүрегімнің жартысы үзілгендей болды. 1200 км жолды "қорлықпен" басып өтіп топырақ салуға үлгердім. Өмірдегі ең азапты сапарым сол екен. Өзімді қоярға жер таппадым…
«Дос, доссыз өмір бос» деп дұрыс айтылған.
/Ахи килікпеш, айып етпеш, сөз табасың ішінен білем./
Marat
Қазір группалас пен кластас араласып кетті. Группаластың кластасымен де немесе кластастың группаласымен де достасып кеткен жайымыз бар. Кәші қысқасы
sigma
82лерді де қалдырма енді бастағасын.
ushkin
Мен үшін группаластар жақын, өйткені, сыныптастар группаластарың сияқты бір нанды бөліп жеп, бір шәйді бөліп ішкен жоқ. Әсіресе, мен сияқты жатақханада тұратындар үшін группаластар сірә, жақын.Олар (группаластар) күні-түні қасыңда болатындықтан бауырыңдай боп кетеді…
konvict
Мен үшін сізден жақын адам жоқ
a63a1
Мен үшін — КарГТУ (Политех) 04-1 лер
omarbirat
Курстастар болып бір-бірімізге отбасымызбен қонаққа барып тұрамыз. Онда да жұмыс-жұмыс деп жүріп, үлкен мейрам, туған күндерде көрісеміз. Кластастармен одан да сирегірек. Ауылдағы кластастарыммен уапше, ойда-қырда кездесіп қалмасақ, араласу жоқ. Бастысы — бәрімен сәлем түзу, әйтеуір. Олармен араласып жүре беретін едім, 10-11 кластарда ауылға баруды сиретіп кеттім. Кейін барсам, менің приколдарым — басқа, олардікі — басқа. Одан қалса, өз араларында үш-төрттен бөлініп алып қуатынды шығарған. Қайсысына қосыларымды білмей, бәрімен тең дәрежеде араласқанды жөн көрдім. Студент болғанда ауылды тіпті ұмыттық.
konvict
Достарым группаластарым. Сыныптастар бітірген соң ұмытылды. Бірақ қолымыз @qisiq болса да, сәлеміміз түзу. Енді енді осында сайттастар арасынан достар тауып жатырмын. А, тағы бар, не сыныптас емес, не группалас емес достар.
balenti
Жалпы менім Шын дұрыс Достарым сыныптастарым, әлі күнге дейін күніге бір екі мәрте көрмесек сағынып отырамыз атанәлетті))))

@marat айтқандай, сыныптастарымның группаластары… анау мынау адамдар көп ее… бірде Русланның групаасының біреудін туган куні десем… «Онда не бар нақ» деп айтқан еее)))
asaubota
дос көп болған жақсы ғой. досы жоқ адамдар бар ғой. бір мысал айта кетейін. класта бір бала болды, көп көзге түспейтін, жақын досы да болған жоқ. 1-2 жыл бұрын сол звондап тұр, кездесейік деп. кластас болғасын көңілін қимай бардым. Ақтауда шетел компаниясында істейді екен, ақшасы да жақсы. көп сөйлейтін болған, сөздерінің бәрі мақтану. комплексі бар, дым көрмегені көрініп тұр. сосын мында бір екі қызым бар соларды шақырайын, бильярдқа барайық деді. шамалы бильярд ойнап, сосын отырдық әңгімелесіп. мен кеткім кеп барады, түрімнен де көрініп тұрған шығар. ана қыздар да кеткілері келіп отыр. бір кезде қыздардың бірі анаған айтты «сенің дым достарың жоқ сияқты» деді. анау «почему нет, вот Аршат...» деді де әр жағын айта алмай қалды. бір түрлі болып қалды шынымен. сөздері бос, істері понт екенін аналар да көріп отыр. тез кетіп қалғымыз келді…
edige
Аянышты екен :(
a63a1
Құдай басқа бермесін! Жаман болсын жақсы болсын достарың болғаны қандай жақсы
alisha
мынаны оқып отырып Абай деген сыныптасым есіме түсіп кетті… Білдей бір кәсіпкердің баласы… ақша бар, білім бар… дос жоқ… себебі оның қолынан біреумен дос болу келмейді…
Aizhantabyn
аянышты. Демек ол өзін толыққанды тұлға екенін түсінбеген. Әлі де біреуге бір нәрсені дәлелдеп жүрсе керек.

Менімше, егер адам өз өзімен гармонияда болса, көбіне достарға мұқтаж емес. ӘРине, тіпті жалғыз болса, керек қой дос деген, бірақ маған бір сүйіктім жететін. (туыс емес дос))))
Lyaila
Мүмкін, балалықпен достықтың қадіріне жете бермегендіктен болар, сыныптастарымнан тым алыстап кеттім. Тіпті, мектеп бітіргелі көріспеген жандар да бар… Ал, жалындаған студенттік шақтың қызығын бірге бөліскен группаластарыммен әлі күнге ым-жымымыз бірге)))
Delvara
Группаластарыммен араласып тұрамын, Осы алдағы айда кездесеміз бәріміз. Жан жақтан бәрі келейін деп жатыр, ал кластастарымды тіптен ұмыттым десем де болады.
saken
сыныптастарым жақын. Ауылда балғын балалық шақты бірге өткізген достарым болғандықтан. Студенттік шағым жатақханада өтпегендіктен, ауылдағы достарымдай жақын емес.

пЫсЫ: сыныптастарым өздері басқосып он бес жылдықты тойлап жатыр екен. Телефон арқылы ғана құттықтай алдым :(
zhazular
мен үйленгенде, ауылда қалған сыныптастарым келді. солар көтерді бәрін. әйтпесе мен ауылда 8-ші сыныпқа дейін ғана оқып, қалғанын Қаскелеңде тауысқам. Қалай қуандым десеңізші! Негізі ер жігітке сын болатын бір сәт, үйлену ма деп қалдым. Достарың көп болса, демек, авторитетіңнің де барлығы :) бала кездегі сыныптастарға жетері жоқ. алайда группаластардың да орны ерекше.
boztorgai
екі жағы бірдей
десем де тең ортасын таппай жүрім
VKM
сыныптастарыммен 1 жанұяның баласындай едік, жыл өткен сайын алыстап барамыз. Группаластарым кілең орыстар, баға үшін жанын береді, түк ұйымшыл емеспіз(
satibaldi
Мен қазір жылайм.
AKY
Класстастармен кездесіп тұрамыз, ортақ әңгіме — өткенді еске алу ғана. Ал группалас құрбыларым — ең жақын достарым. Одан бөлек жұмыстас, сайттас достарым бар. Жалпы, достарымның көптігімен мақтана аламын.
manshukn
Негізі, 1-2курста сыныптастармен араласып тұрасың, сосын байланыс азая бастайды екен. Бәлкім, әркім өз саласымен кеткеннен соң болар. Өйткені, универге келгеннен кейін араласып тұратынбыз. Сонда байқағаным, пікірлеріміз келіспей, әркім өзінікін дұрыс санап, кездесу соңы осындай түсініспеушілупен аяқталатын. Ал, универдегі достар жатақханадағы бір нанды бөліп жегенің бір бөлек, екінші жағынан олар сыныптастарыңа қарағанда пікірлес адамдар болап саналады. Сол үшін де группаластарым жақын.
araika
11 жыл бірге оқығандықтан, сол арқылы бір-бірімізді жақсы танитындықтан сыныптастарым жақынырақ. Ал араласуға келсек, тағы сол сыныптастар. Алайда соңғы кездері бөлектеніп барамын :)
meirzhan
Группаластар ғой.