Сат деп тұр ма, ал деп тұр ма?

Абай мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы жарнама плакаты. Орысшасы болмаса, мына жарнаманы көріп, екі түрлі ойға келдім: 1) не емледен қате кеткен, 2) не полис сатып алдауға шақырып тұр. Қосымша сыйлығымен де қызықтырып жатыр. Неғұрлым көп адамның құлақтарынан теуіп, бұлардың полистерін сатып берсең, қосымша сыйлық аласың.



Жоғарыда жазғаным қалжың ғой. Бірақ жалғау мен шылауды шатастырмай дұрыс жазудың маңызы осындайда біліне ме деймін.
Бөлісу:

14 пікір

konvict
Сурет көрінбейді
omarbirat
Енді қалай? Көріне ма?
konvict
Көре алмадым ақыры
AKY
Жалғау мен шылауды шатастырып ұржверетіндер осында да жетерлік.
konvict
Мен де көп шатысамын
edige
Полис сатып АЛДА барлығын деп тұр…
Алда барлығын шешессс… деп тұр
VKM
АЛДА емес, АЛ ДА шығар)
Ahi
Мүмкін сатып алда дегені сатыпалды дегісі келген шығар)
qisyq
Сен де қылжақтайды екенсің ғой...Тек шын айтып тұрмын демеші
Zilola
жалған полис сатып алдай алсаң, сыйлық саған тиеді дейді бұлар :)))
Dzhuli
@VKM коментін оқып бірақ түсіндім :)
Onlasyn
«Бастысы қазақша жазылды, мағынасынсссс» деген әңгіме ғой.