Жапония күнделігінен: Huis Ten Bosch-қа сапар
Нагасакиден басқа қалаларға жасаған сапарымыздың бастауы осы Huis Ten Bosch (голландша дыбысталуы: [ɦœys tɛn bɔsx]; ағылшынша: «House in the Woods», демек «Ағаштар арасындаға үй, Хаус Тен Бус») қаласы болды.
Нагасаки станциясынан поезбен 1,5 сағат жүре отырып, жоғарыда айтылған қалаға тұмсық тіредік. Әзірге жолдан көріністер:
Қаланың өзі:
Қаладағы зәулім сарайға келдік.
Сарайдың ішінде музей де бар екен:
Таңғы қала
Шаһардың тарихына жүгінсек, бұл жаңадан салынған мекен, шамамен алғанда 90-жылдар басында дүниеге келген. Келтірілген деректерге назар салса, жолы түсіп Голландияға барған Юсикуни Камитика есімді жапон азаматы европалық елдің сапасына таң қалғаны соншалық, сол Европаның бір бөлшегін өз елінде жасауға бекінеді. Сол оймен Кюсю аралының игерусіз жатқан бос аралыен мемлекеттен сатып алып,2.6 миллиард ақша жұмсай отырып, осы қаланы салған екен. Құрылысқа кеткен 200 миллион кірпіш тас кемемен Голландияның өзінен жеткізілген. Сызбаларға қарай отырып, Голландия еліндегі кейбір мәшһүр ғимараттардың көшірмесі де салынған. Тіпті су асты каналдар, канализация, қоқыс турбиналары- европалық стандартқа сай жасақталған.
Қалада көптеген дүкендер,қонақ үйлер бой көтерген. Толассыз келіп жатқан туристтер арасында европалықтар, жапондар мен көрші кәріс пен қытайың да бар.
Аты аталған азамат жеке бизнесін дамытып қана қойған жоқ, онымен қоса бүтіндей бір қаланы салып, халық игілігіне жаратты. Өз басыма қала қатты ұнады. Жапонияда емес, тура Голландияда жүргендей сезіндім өзімді. Қаланың бедеріне қарап, онда жай адамдар тұрмайтындай көрінді. Ең бастысы — қаланың орналасуы, бір жағы таулы қырат, бір жағы Жапон теңізімен жанасып жатқан бұғаз типті суқойма.
Huis Ten Bosch қаласындағы парк өзінің қызғалдақтарымен де танымал екен, оны көруге келесі күніміздің жартысы кетті.

қызық))) маған мына пост ұнады!!! жапония жайлы тағы бір қырын білдік!!!