Ырыс жайлы аңыз
Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік-жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ әсілі жәй қонақ емес еді.Жер бетіндегі жан -жануардың тілін меңгерген ғалым адам болатын. Ауыл сыртынан ұлыған қасқырдың"қонақтың атын жеймін дегеніне" үй иесінің иті "Қонағымның атын жер болсаң сені адамдарға ұстап беремін" деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса" Бұл ауылды таң ата жау шабады" деп тайып тұрыпты. Қонақ үй иесін оятып, дереу ауылдың көшуін сұрапты. Ауылды көшіріп болған соң, ертесіне ескі жұртқа келсе көнбей қалып қойған екі үйдің шаңырағы ортасына түсіп жатыр екен.
Жаңа қоныста түстеніп отырған қонақ «Бұл үйдің ырысы итінде екен-ау, бұйымтай ретінде осы итті сұрармын» деп ойлапты.Сол мезетте ит киіз үйдің туырлығын иіскепті.Қонақ «ырыс туырлыққа ауды, туырлықты қалаймын „деп ойлап отыра беріпті.сол оймен отырғанда сол маңайда жайылып жүрген жетім тоқты келіп сол туырлыққа сүйкеніп өтіпті. Бұйымтайын сұраған үй иесіне “маған анау қара тоқтыны сойып, етін түгелдей асып беріңіздер. Тек бір шартым бар. еттен менен бұрын ешкім ауыз тимесін» депті. ауылдың бір жігіті тоқтыны әп-сәтте сойып тастайды. Бәйбіше еті толығымен қазанға салып асып енді әкеле бергенде үй иесінің ерке ұлы жүгіріп өтіп бара жатып бастың құйқасынан жұлып жеп үлгеріпті. ет үстінде ауыл иесі "Қадірлі қонағым, сен кеше ауылда ажалдан аман алып қалдың сырыңды айтшы«депті.Сонда қонақ»Сізге ырыс қонған екен, сол ырысыңыз ауылды асырап отыр. Ырысыңыздың иесі итіңіз екенін сездім, соны қалаймын ау деп ойлағаным сол еді, итіңіз туырлықты иіскеп ырыс туырлыққа ауысты. Туырлықты қалайын деп отырғанымда, оған тоқты сүйкенді.сол тоқтының етін жеп ырысты болайын деп ойлаған едім, оны мына балаңыз бірінші жеп үлгерді.ырыс енді осы балада. Құдайдың оң назары түскен пендесі екенсіз" деп сөзін аяқтапты қонақ.
Сурет мына жақтан алынды. Олардың қайдан алғанын білмеймін.

Абайлаңыз, бауырым! Ана жаратындар дәл сіз сияқты алдымен күпірлікте айыптап алады, кейін барып іске кіріседі. Сондықтан күпірліктің не екенін білмей жатырып өзгенің үстінен үкім етіп қайтесіз.
Бірақ рас олар ет жемейдіОсыны айтамын. Оның етті бірінші болып жеуін.
дегенінен -ақ қонақтың діннен де хабары барын жобалап отырмын.
Қалжыңсыз айтсам, басқа біреудің ырысына сұқтануға болмайды деп түсіндім мен. Үй иесінің маңдайына ырысты болу жазылған да, қонаққа оны алып кету бұйырмаған екен. Бұрын оқымаппын :)
Аһi, сен өзі кімсің? Дым түсінбедім. Әңгімең ерегіс іздеген есі ауысқан адамдікі сияқты.