«МАЛ БАҒУ ҮШІН МАЛ БОЛУ КЕРЕК»

Бұл қазақтың аталы сөзін ауыл шаруашылығы саласын басқарып отырғандарға қаратып айтуға болады. Себебі мал бағып көрмеген, бақша егіп көрмегендер ауыл шаруашылығы саласын қалай басқара алады? Соңғы уақыттары осы тектес азаматтар ауыл шаруашылығы саласын басқаруға үйірсек болып барады. Осындай теріс тенденцияның белең алуынан ауыл шаруашылығымыз кері кетіп барады. Кезінде мал бас саны жағынан әлемдегі алғашқы бестікке кірсек ендігі жағдайымыз шетелден мал сатып алатын жағдайға дейін құлдырады. Сондықтан мал бас санын көбейту үшін, яғни мал шаруашылығын дамыту үшін бұрынғы кездердегідей мал бағып өскен, тәжірибесі мол азаматтарды ауыл шаруашылығы саласы басшылығына әкеліп, ал қазіргі басшыларды мал бақтыру үшін «Ауылға дипломмен» бағдарламасы бойынша жолдамамен жіберу қажет. Әйтпесе ауыл шаруашылығы саламыз 20 жыл бойы дамымағаны осылай дамымай қала бермек.
Факті керек пе міне ресми мәліметтер: еліміз ет өнімділігі жағынан әр жылы төмен деңгейде қалып келеді, яғни 1990 жылмен салыстырғанда етке өткізілген малдың орташа тірі салмағы 12,3%-ке төмендеді және бүгінде 310 килограмды құрап отыр, ал әлемдік стандарт көрсеткіштері 500-520 килограмды құрайды.
Шетелден әкелінген мал басы мен осы малдан алынған ұрпақ республикадағы етті мал шаруашылығының асыл тұқымды табынының негізін құрайды.
Өткен жылы ет бағытындағы ІҚМ герефорд және ангус тұқымдарын АҚШ-тан (Солтүстік Дакота штаты) 1991 бас және 400 бас ІҚМ герефорд тұқымын Канададан әкелді.
Жүйесіз мал жайылымы есебінен 26,4 млн. га жайылым тозған.
Мал шаруашылығы саласын дамытуға негізгі кедергілер:
1. Өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасына және көлеміне кері әсер ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндірудің ұсақ тауарлылығы.
2. Жақын туыстық шағылысуға және генетикалық құндылығының төмендеуіне әкелген селекциялық-асылдандыру жұмыстарының қалыс қалуы және жүйесінің болмауы;
3. Азық базасынң төмендігі, 1 шартты басқа бүгінгі таңда 24 азық өлшемінен келсе, қажеттілік 32 азық өлшемін құрайды. Сонымен қатар, азықтандыру рационы шырынды азықтардың болмауы есебінен құнарланбаған. Осы себепті, ауыл шаруашылығы малдарының генетикалық әлеуеті толық негізде көрінбеуде;
4. Жайылымдық алқаптардың жүйесіз қолданылуы олардың тозуына әкелді;
5. Жайылымдарды суландыру жөнінде тиімші шаралардың болмауы;
6. Арнайы етті тұқымды малдардың санының аз болуы және асыл тұқымдық ұяның қуаттылығының аз болуы. Бүгінде елімізде олардың жалпы саны 122 мың басты құрайды немесе 1990 жылмен салыстырғанда 2,5 есе аз. Ал тұқымды малдың үлесі 5,6% құрайды, 1990 жылы бұл көрсеткіш 43% құраған.
Шабындық алқаптардың шаруашылықтар арасында бөлініп кетуіне байланысты оларды қолдану жүйесі бұзылып, құрылымдық жағдайы өзгеруде және олардың тозуы байқалуда. Лиманды суарылатын шабындықтар алқабы 1991 жылдан бері 20% азайған, ал осы кезеңде жақсартылған шабындықтар 2,5 есе кеміді. Лиманды суарылатын және жақсартылған шабындықтардың өнімділігі күрт азайды. Алайда соңғы жылдары суланатын алқаптардың көлемі күрт азайып барады.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде жайылымдар тозып, шөлге айналуда және мал азығы базасын қалыптастыруға кері әсер етуде. Елді мекендерден шалғай орналасуы және басқа да себептермен жайылымдар қолданылмай келеді.
Шөлейт және шөлді жерлерде малды жүйесіз бағу нәтижесінде олардың көбі тозған. Тозған жайылымдар қатарына көпжылдық шөптер жайылымдардың біржылдық және улы шөптерге ауысқан алқаптар да жатады.
Бүгінгі таңда 188,4 млн. га жайылым алқаптан 70 млн. га қолданылады. Бұл 1990 жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Сонымен қатар, қолданылатын жайылым алқаптардың жартысынан көбі тозған.
Мал басын толық мал азығымен қамту үшін 30 млн. га жайылымды 3,5 мың бұрын қолданылған құдықтарды қалпына келтіру есебінен қолданысқа енгізу қажет. Бұл ретте, шахталы құдықтарды қалпына келтіру нақты жобаларды жүзеге асыру есебінен жүзеге асырылуы тиіс.
Азық өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бүгінгі 2,5 мың гектар жердегі азық дақылдар аумағын қолданылмайтын жерлерді шаруашылық айналымына енгізу есебінен 5 мың гектарға жеткізу қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көбі бос жатыр…

(Жалғасы келесі санда)

Батырхан Аязбаев
Бөлісу:

5 пікір

edige
Жер сор. Су басқа уақытта басып қалады, суару уақытында "қасқалдақтың қаны". Дранаждарды құрып үлгермей сатып үлгерген басшыларға көңіл қалды.Мамандығымен болғандардың ақыры корупция. Ары кеткенде боксерлардың әкім мен парламент, министрлікке бара алу ықтималдығы басым. Қаншалықты миы солқылдаса соншалықты іскер болады
Beibarys
Димаш ағамыз кезінде 20 млн.ға дейін жеткізген қойларымыз қайда кетті. Билік басына әлде қасқырлар келді ме екен, малдарды қырып салатындай. Шетелден мал сатып алу деген не масқара…
Zilola
кешірім өтінемін, өзіміздің Шымкенттік (Солайдағы)Бейбарыссыз ба?
Жылқылар не болып жатыр ауылда?
boztorgai
мен де кешірім өтінем:
калдыкыз шымкенттік па едің
бәсе, немага һозбикча якшы гапрлашад десем
Zilola
қашан гәпләштім? мен үнемі қазақша жазамын ғо :)
Жамбылдамын