Досымжан Таңатаров гастрөлдік сапармен Қызылордада болды
Бүгін қазақ эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы драма театрында жеке концертін өткізді.
“Қызылорда-мен үшін ерекше, мен үшін биік. Репертуарымда қызылордалық сазгерлердің бес әні бар, бұл- менің Қызылордаға жақын екендігімнің нышаны” деп, кешті “Ерекше” әнімен бастады әнші. Концертте Б.Есебаев, Ж. Кеңесханов, О.Бигелдиев, С.Лұқпанов әні мен сөзіне жазылған “Сүйгенім”, “Анашым”, “Әке жыры”, “Ақ көйлекті қарындас”, “Айшуақ”, “Жүрегім нені сезесің”, “Жүрек сыры”, “Қимаймын сені басқаға”, т.б. әндері орындалды.
Сондай-ақ “Сағыныш”, “Ғұмыр” топтары, жас әнші Ж.Өтегенов те өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
“Концерт өте қызықты әрі көңілді өтті. Досымжан Таңатаров ән айту барысында өзінің басынан өткен қызықты сәттерімен де бөлісті. Досымжанға шығармашылық табыс тілеймін” дейді қызылордалық көрермен Шолпан Абуталипова.
Қазақ эстрада жұлдызы Д.Таңатаров “Осыған дейін Солтүстік өңірлерде, Ақтөбе, Қарағандыда болып, гастрөлдік концертін Шымкентте аяқтаймын” дейді. Кеш соңында әнші “уақытын бөліп, шынайы өнерді бағалап, жақсы қошеметпен бағасын берген талғамы жоғары қызылордалық тыңдармандарға” алғыс білдірді.

мүлдем ұнатпаймын. Өнерсіз емес, бірақ жұлдыз деуге де болмайды ғой…
Мынандай клипі бар:
ақтаудан не атыраудан кейінгіқалаЖұлдыз дегенді көрінгенге теліп, биіктете беруге болмайды ғой. Әнші дегеннің өзі көп, орындаушы деу керек…
* * * * * * *
Қазіргі көп әншілерді тыңдап отырып оның өмірінен менікі жақсы екеніне көзім жетеді… «Жыламашы махаббатым сен» деп еңірейді біреуі. Оның ғашығы уже асылып қалған шығар ана жыласқа
"Өткен күндер елес, Оралатын емес" деген әндері болушы еді кезінде. Жеңісхан, Жолбарыс, Алтынбек дегендерді тыңдағанша Досымжан мен Саятты тыңдағаным мың есе артық.
на на на на на на на на
на на на на на на на на… деген әні қоңыр дауыста ұнады