Сәбет әскерлерінің билері

Бала кезімде армиядан келген ағамның фуражкасын тастамай киіп жүретінмін. Үстімде — әскери болмаса да жасыл түсті жейде. Братандармен шөпке бара жатқанда, тас жолдан өткен әскери көліктерге арбаның үстінде тұрып алып честь беріп тұратыным есімде. Мектепке де бармаған кезім ғой :)) Әскери нәрселерге қатты қызығатынмын. Сондағы армандап жүргенім — әскери қызмет істеп, офицер болу емес, жай ғана әскерге барып солдат болу еді.
Негізгі айтайын дегенім ол емес, мынау еді:
Сол кезде телебизірден көрсететін әскерлердің билері ұнайтын. Қазір де ұнайды. Типі мынандай:

Брейкдансшылардың баттлдарына ұқсай ма, қалай өзі :))

Матростардың билерінің орны бөлек еді:

Бұл видеода қызықтың бәрі 4:20-дан басталады. Брейкданс элементтерін байқағандай болдым өзім.

Ал мына видеода "Қара жорғаға" ұқсайтын жерлері бар сияқты. 1:03 қарап көріңдер:


Ал мына видео, жариялаушының сөзіне сенсек, Екінші Дүниежүзілік Соғыс — бізше Ұлы Отан Соғысы кезінде түсірілген екен:
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
матростар биі болмаған мектеп концерттері жоқ шығар сол кездерде :)
asaubota
фуражка, белдік, значоктар керемет байлық еді сол кездің балалары үшін

(15.23 Kb, 247x400)
omarbirat
Ол кездерде жасы жиырмадан асқан еркегі бар үйде фуражка болмауы сирек құбылыс еді :)
sigma
Сол сирек құбылыстардың орын алуына себепкерлердің бірі мен едім, бір нағашымның екі ұлының әскер бөрігін қоярда қоймай сұрап алғам, мектепке сол әскери бөрікпен келетінмін. Төрт оқығанша кидім ау деймін осы.
asaubota
ааа ия айтпақшы, көк бөрік бар еді ғо :)
asaubota
туған ағасы жоқтар армиядан келетін жақын ағайынының фуражкасын алдын ала «алып» қоятын еді өзі сияқты конкуренттерге жариялап.
Gastarbaiter
Яблочкоңда капуейраның элементтері де бар. Жалпы акробат болу керек сияқты)
Gastarbaiter
Балеттен көп қимылдар байқадым
omarbirat
Матрос билерінің алдыңғы екеуін балетшілер билеген, по ходу.
boztorgai
өткен 7 мамырда әскерилердің биі болды-ау дим
теликті түгел қарай алмадым