Мега Алматы! Керекшілермен реалдағы алғашқы танысуым.
Алдында Алматыға келетінім туралы пост жазып едім. Содан бейсенбі күні кешкісін автобусқа мініп тартып кеттім. Жолдың нашарлығы түнде ұйқымды бұзды. Көзімді бір іліндіре алсамшы. Жолдың жетпіс жеті атасынан бір қайырғым келіп кетті. Әрең дегенде Қордайға келіп жеттік. Сол жақтан бастап тегіс жол басталды да, бесікке тербелгендей қалай ұйықтағанымды сезбей қалыппын. Оянсам Алматы 48 шақырым деген жазудың қасынан өтіп барамыз. ішімнің қатты ашығаны-ай! Қордайдың асуына шыққанда табиғаттың әдемілігіне көз салып, ләззәт алғым келген еді… (((((
Терезенің оң жағынан асқақ Алатау көрінеді. Алматылықтар бақытты екен, күнде азанда Алатауды көре алатын. Таң ертең таза ауамен Алатаудың ғажап көрінісіне біраз уақыт қарап тұрсаң бойыңды қуат кернеп, шабытыңды оятады.
Құрығанда біз келген уақыт нашар болды ма, айнала «пробка». Қалаға кіргеннен Сайранға жеткенше 2 сағат кетті. Амалсыз Sheshesse! дедім(@qisiq «sch» деген дұрыс емес екенін қазір есіме түсті, себебі ол «ск» болып оқылады).
Біраздан соң керекке кірсем, @Teriskei хабарлама жіберіпті. Келгенде хабарлас деп. Хабарластым, кешкісін мегада жолықтық. @blackbeard, @Teriskei екеуі келді. Оған дейін осындағы өзге екі танысыммен кездескен едім. Танысуда олар да болды. Бір айта кетерлігі мен ыңғайсыз жағдайда қалдым. Осындағы приколды айтсаң, менің ескі таныстарым түсінбейді, жолдастарымызбен болған приколды айтсаң Қарасақал мен Теріскей түсінбейтін болғандықтан не айтарымды білмей дал болдым. Ақыры әңгіме ауаны біздегі білімге ауысып, аяқсыз қалды. Ескеретін жайт: Егер керекте біреумен кездесетін болсаң осындағы приколды білмейтін ескі танысыңның болмағаны жақсы екен.
Кейін 3Д кино көрдік. «Пираты карибского море». Айтпақшы, ішінде біздің қарасақал ойнайды екен. Көріңдер. @Ahi уішівөл! Киноны көріп біткенше нервің шыдамайды сенің.
Қысқасы, танысқаныма өте қуаныштымын. Екеуі туралы өз ойымды айтар болсам: керемет жігіттер екен. Қарасақалдың менімен жасты екеніне сену қиын секілді. Сақалы менен әлде қайда үлкен көрсетеді. Теріскей қарапайым жігіт екен. @VKM-ның құлағына алтын сырға.
Өкініштісі, @urimtal-мен жолығуға мүмкіндік болмады. @qisiq-пен танысып, сәлеміміз дүзу болғанда артық етпес еді.
Естелікке суретке түсіп едік. Фотоапараттың адаптерін үйге ұмытып кетіппін. Суреті кейінірек қоярмын. Бірақ сапасы нашар болды
Терезенің оң жағынан асқақ Алатау көрінеді. Алматылықтар бақытты екен, күнде азанда Алатауды көре алатын. Таң ертең таза ауамен Алатаудың ғажап көрінісіне біраз уақыт қарап тұрсаң бойыңды қуат кернеп, шабытыңды оятады.
Құрығанда біз келген уақыт нашар болды ма, айнала «пробка». Қалаға кіргеннен Сайранға жеткенше 2 сағат кетті. Амалсыз Sheshesse! дедім
Біраздан соң керекке кірсем, @Teriskei хабарлама жіберіпті. Келгенде хабарлас деп. Хабарластым, кешкісін мегада жолықтық. @blackbeard, @Teriskei екеуі келді. Оған дейін осындағы өзге екі танысыммен кездескен едім. Танысуда олар да болды. Бір айта кетерлігі мен ыңғайсыз жағдайда қалдым. Осындағы приколды айтсаң, менің ескі таныстарым түсінбейді, жолдастарымызбен болған приколды айтсаң Қарасақал мен Теріскей түсінбейтін болғандықтан не айтарымды білмей дал болдым. Ақыры әңгіме ауаны біздегі білімге ауысып, аяқсыз қалды. Ескеретін жайт: Егер керекте біреумен кездесетін болсаң осындағы приколды білмейтін ескі танысыңның болмағаны жақсы екен.
Кейін 3Д кино көрдік. «Пираты карибского море». Айтпақшы, ішінде біздің қарасақал ойнайды екен. Көріңдер. @Ahi уішівөл! Киноны көріп біткенше нервің шыдамайды сенің.
Қысқасы, танысқаныма өте қуаныштымын. Екеуі туралы өз ойымды айтар болсам: керемет жігіттер екен. Қарасақалдың менімен жасты екеніне сену қиын секілді. Сақалы менен әлде қайда үлкен көрсетеді. Теріскей қарапайым жігіт екен. @VKM-ның құлағына алтын сырға.
Өкініштісі, @urimtal-мен жолығуға мүмкіндік болмады. @qisiq-пен танысып, сәлеміміз дүзу болғанда артық етпес еді.
Естелікке суретке түсіп едік. Фотоапараттың адаптерін үйге ұмытып кетіппін. Суреті кейінірек қоярмын. Бірақ сапасы нашар болды
Negizi bloggerler tarihynda nawar kezdesu kormedim oz basym:))))
Пы.Сы. Sheshesse емес, scheschesse болады, себебі бұл Дәруішөлгенге көшіп келген немістердің тіліне орайластырып айтылған. Сондықтан scheschesse.