Қаражорға биін билей аласыз ба?

Қаражорға туралы полемикаға кірмей тек билей аласыз ба, билей алмайсыз ба соны айтыңыз.

Қаражорға биін билей аласыз ба?

Бөлісу:

27 пікір

omarbirat
Ішіп алғанда болмаса :))
edige
Жерді ұрып тұрып… :))))))))))
qisyq
Омар бырат пікірімен алдымды орап кетті:) Келісемін.
asaubota
ішсем де билемеймін. просто билемейм да :) ұят болмасын деп қолымызды кеуде тұсымызға жақын ұстап, екі жаққа теңселіп тұрамыз, кейде аяқтарды бір біріне жақындатып кезекпен кезек.
Gastarbaiter
RnB Хип Хоп элементтерін жасап билейтінім бар киімім мен атмосфера сәйкес болса.
Ал қара жорғаға мүлде билемеймін.
Жақын адамның тойы болса, АРшат сияқты теңселуім мүмкін.
asaubota
темекі тартатындармен бірге далаға қашып кететіндерденсің бе?
omarbirat
Мен ғана сондаймын ба десем :))) Бір кездері лезгинка билеп бір шаршап алатын едім. Қазір ол да қалды.
konvict
Лезгинка дегеннен есіме түсті, Халай билеуші ма едіңдер?
omarbirat
Жоқ, билемегенбіз.
qisyq
Дан дадан да, дан дадан деп басталғанда, костюмның қалтасын сипалап, темекі шығарып, оттығын шырт-шырт еткізіп жағып, сыртқа шығып бара жататын ба:))))))))))
Таныс жағдай.
VKM
үйреніп алмайсыңдар ма?
мен билеймін)
Gastarbaiter
Түк эстетичный емес қой)))) Қояншық соққан невротиктер сияқты. Адамдар қаншалықты нелепо көрінетінін білсе ңой сырттарынан қарағанда.
AKY
«жынды билейм» деп жауап берген сен бе:))))
konvict
Мен билей алмаймын. Үйрете аласыз ба?
Altygradus
Қаражорға туралы полемикаға кірмей тек билей аласыз ба, билей алмайсыз ба соны айтыңыз.
сақтықта қорлық жоқ? па Аршат:))))
Қара жорға билейм енді былай:)))
Erkekyz
Билей алмаймын, әншейін екі қолды белге таянып, иықты қимылдатпасақ.:)))
Gastarbaiter
иықты қимылдатпасақ.:)))
қимылдатудан бұрын қиқаңдату, ербеңдету деген етістіктер келеді)))
AKY
Былай ендііі… Онша қатырмаймын бірақ))
ushkin
Билеп көрмеппін. Қаражорғаны жаппай билеу керек болған жайт әлі кездеспеді менде. Өйткені, шыны керек, тойға өзді-өзі боп барып көргем жоқ)(Әлі кішкентаймын :)) Тек бір рет сабақта қаражорға билегенбіз. Самал Дәрібай деген ұстазымның сабағында. Ех, шіркін, сонда Риза мен Қайсар ғой деймін ұмытпасам, осы группаластарым қаражорғаның түбін түсірген. Қызығып қарап қана отырғанбыз…
chimaq
chyndyghy kerek .bilei almaimyn,biraq uirenip aluym kerek bolyp jur,korsem qytailarda uirenip alypty…
Erlan
буын сыртылдатамыз ))
Milzhyng
Билей алмайды екенмін. Бірақ билегім келеді қара жорғаны.
sammita
жұмыстағы қимылдарымыз Қаражорғадан асып түспесе, кем түспейді:) Ал былайынша үйрену туралы ой келіп көрмепті әзірге.
a63a1
Достарыммен кішкене қызып алғанда болмаса, ал былай лібә, бырат, біз билемейміз ғо ваще
edige
Ертеректе жолдастар бірігіп отырыста ортаға ақшы тастап, орамал алып билеуші едік.
Казір сол сыртқа ыңғайланып… Қазанның басын ыңғайлап…
ken
bizbike
Сонда бұны да қырғыздардан алыппыз ба? Очм оларды өзімізге қосып алу керек қой. Жалпы бізге олармен таласқан жөн емес, бір халықпыз ғой.
ken
әйтеуір қырғыздардікі ютубке соңғы екі-үш жылда салыныпты. біздікі одан ерте салынған екен. қырғыздардыкі қазақтардыкінен көшірілген болса керек. тіпті мәтіні де ұқсап тұр. бірақ қырғыз ұлттық биі деп жазыпты.
оларда да қаражорғамания болып жатқанға ұқсайды.