ПІКІР ЖАЗУ - ҚУУ ЕМЕС ШЫҒАР
Қазақ блогшыларының арасында неше түрлі «иттер» қалыптасып келе жатыр. Үруде кәнденнен кем емес. Тістеуде төбетті шаң қаптырады. Қорқаулығы қасқырды жұмыссыз қалдырардай.
Сыңарезу, топас, білімсіз, өтірік жынды, тәкәппар, тоңмойын т.б…
Біреудің жазғанына өтірік қарсы шығып, бара-бара өз өтірігіне өзі сеніп, сол үшін ит қырқылжың болып, қасындағы сасық «союзниктерін» жинап, «давай, бәріміз жабылайықтыққа» салынып, қара терге түседі. «Жеке жеңістің» жолында жанындағыларды жайпап, көршісін көрге тығып, «көңілге қарауды» к… тке сүртуден тайынбайды. Онысын, “әркім өз пікірінде” критериіне жауып, теліп, балап, көрсоқырлығын одан арман үдетіп, дамытып, арынын арттырып болады. Шармамайды да, әсте талмайды…
Жә, жаңағы сыңарезу, топас, теріс, пайдасыз пікірінің зияны бір өзіне болса нем кеттілікке салынуға болар еді ғой… Қорқыныштысы сол, ондай сыңарезу, топас, теріс, пайдасыз, антиқазақи, білімсіз пікір сымаққа біреулердің еріп, сеніп, мойындап, иіліп кетуінен сақтанбайтыны…
пікір жазу — қуу емес шығар…(әсіресе дін мәселесінде)
Бір жақсы адам мені Исламға әкелді, оның айтуымен кітаптар оқып, сайттардан уағыздар тыңдап, көбіне орыс тілінде, тек Алла деп жүргенмін.Енді міне, бітпейтін қарсылық,ұрыс… Сонда кім шындықты айтады? Кімдікі дұрыс, ал? Бітпейтін дәләлдер, цитаталар… Басым қатып кетті…
Мүмкін басым пікірлер жарияланатын мақалалардың сапасына сай келетін болар.
ық-ық…
Сабыр жоқ, сыйластық та жоқтың қасы. Бәрінің өзінің ғана «ақылды» екенін дәлелдеп әлек. АЛ біздер, қарапайым қазақтар (не практикующие мусульмане) басымыз ауырып, кімнің сөзі дұрыс, кімнің қандай мақсатта жазып жатқанын білмей әлек.
Көп мұсылмандар (нағыз мұсылмандар деп оқыңыз) еш уақыт жеке басқа көшіп, ауыр сөз айтып, көп айтыса бермейді.
Бауырым дегеннен әрі кетпейтіндер қайда екен? Жұмсақ мінезді, ашық көңілді біреу пайда болса жақсы болар еді.
Тақырыпқа пікір жазғанда оны бір қатып қалған қағида деп қабылдайтындарға таң қалам.
Мәселен, бүгін мен бір пікірде болуым мүмкін, ал ертең (көзім ашылып, кітап оқып не болмаса басқа себеппен) мүлдем өзге пікір білдіруім таң емес. Сол себеп, мені емес, пікірімді қаралауға болады. Қате болса, жұмсақ түрде (айқайсыз, сыйластықпен) түсіндіруге тырысқан юзерлерге респект дер ем)))
Мен осы блогосферада 3 жылдан астам жүрмін. Небір пікірлер оқыдым, небір сөздің астында да қалдым. Алайда аларымды алдым да, басқасын ұмытып та кеттім. Постардан бұрын, дәл осы пікірлерден үйренерім көп болды.
Сосын сіз өзіңіз журналистсіз ғой. Сіз журналист ретінде өте объективті болуыңыз керек деп ойлаймын. Ұнаған нәрсемді ұнатамын, ұнамайтыныңызға пост арнау дұрыс емес.
Анау алай жазды, мынау былай жазды деп емес, флуд көп жаздық деп күрескен жөн.
Мәселен өзіңіздің "Көп әйел алушылық — еріккендік емес" деген постыңызда Алтыградусқа
дейсіз. Сонда сіздің меніңше (!) дөрекі айтылған осы пікіріңіз маған міндетті түрде ұнауы мүмкін бе? Жоқ. Яғни, бұл менің сіздің сөзіңізге қатысты жеке пікірім. Оған ешкімнің қатысы жоқ.
Менің жеке пікірім бар, оны өзім қаламасам, біреудің күштеуімен өзгерте алмаймын.
Пікір туралы айтысып қажеті жоқ, ол қыртқан әңгіме.
Ал пікір басқа, флуд басқа, Ақзере дұрыс айтады. Қатып, қасарысып та қалмау керек, бірақ шектен тыс мылжыңдамау да қажет. Алтын орта керегі бізге. Флудқа қатысты түзелуді өзімізден бастайық.
Пы.Сы. Мен бастап кеттім, байқаған шығарсыздар.
Гаста кешелі бері жанымның нәзік сезімдерін ерекше түсінетін болып жүрсің…
Мен пост емес, сол постың астына өзің жазған пікір туралы айттым, неден қателестің?
Қуу деген бар, оған флудты жатқызсаң, келісуге болар еді. Бірақ, сен пікірге тиісіп отырсың.
Менің саған кеңесім (қабылдасаң қабылда, қабылдамасаң өзің біл), алдымен этика аясына сай өзіңнің пікірлеріңді бір қарап шық (әсіресе қыз балаларға арнағандарыңды), сосын оларға анализ жаса жоғарыдағы жазбаңа сай.
Пікіралуандығы болғаны жақсы, бәріміз бірдей я «шірктеп», я «уішівөлдеп» отырсақ, бұл сайттың я мәні, я мазмұны болмас еді.
Қысқасы, қуу дегеніміз — флуд, адамның жеке пікірінің түк қатысы жоқ.
кешір, не деген таяз түсінік, не деген көрсоқырлық! не деген қуу! демек, сені қазақ үшін қоғамдық оң пікір туғызудан гөрі, сайттың сымбаты алаңдатады екен ғой. кешір, егер саған ойын сауық, жеңіл әңгіме керек болса, мен білмедім ғой… қатты айтсам кешірім өтінем…
Мен алдымен түзелдім, сосын түзелген жоқпын демедім ғой, бар болғаны түзелмей тұрып та ешкімнің ақысын жеген жоқпын деп айттым. Сосын менің еркектік деңгейімді сен анықтамай-ақ қойшы.
көрдің бе, сенің өзіңнің «жазуым керек» деген талабың бар, сонда неге ол талап өзгелерде болмауы тиіс!?
Пікір таластыр, әңгіме жоқ, бірақ өзіңнің ойыңды айтуын айтып алып, өзгелердің аузын аштырмауға тырыспасаңшы.
Ал этика, ол этика, қазақтың жігітісің, өзің Алла деген пендесің, сабырлы, салиқалы мұсылмансың, сондықтан қыз балаларға "әйтпесе, күл-паршаңыз шығып кетуі мүмкін" деп сөз айтқаның жараспас дегенім ғой. Өзіңе дұрыс болса, айта бер, себебі ол сенің «жазуым керек» деген талапқа сай пікірің.
Бірақ, өзгелерді шектеме. Пікір айтуда. Қууда емес. Пікір айтуда.
онда неге шыр-пыр болып отырсың? әлде «сасық союздікке» жақындығың бар ма еді? :) шыныңды айтшы… :) а?
сабырлылық пен сабырсыздық мұсылманға да, мұсылман емеске де тән. ол мінезден. әрине, көп жағдайда сабыр сақатаған абзал, жақсы, ұтымды. алайда жаңағыдай төмен деңгейдегі әңгімелерді төске өрлетіп отыра беру де тым ашықауыздыққа жатпай ма?
бәрібір өз пікірлеріңде қаласыңдармаған бәрібір ғой, тек жігіт басыңмен қыз балаға айтқаныңды мысал қылып келтірдім.
Қозғайтын сен бе? Әлде кім? Сосын неге қорқасың ба сұрақ тастап отырсың? Оған қандай негіз бар?
Содан?
«Сасық союз» дегенің кім? Мынау, мынау, сен де сондайсың деп көрсетсеңші.
Мұныңа қосылам.
жігіт басыммен кімге не айтып жүргенімді атты өзіңнің жауабыңмен қайтарғым кеп тұр :)
«Соданыңды» да созып аларсың өзің. себебі, сұрақтың жауабын менен жақсы білесің.
жә, жарайды, айтқан өзің емес пе едің. мылжыңдамайық… ұят болар… көп қыртуды жақсы көресің ғой, сонда да тыйыл енді…
Менен кем қалмайды екенсің, бесінші қауымдастықтан емессің бе?
пысы: «жындыға жындыша, алқашқа алқашша сөйлесең тез түсінеді» мысал үшін алынды…
жақсы, дем ал! тура мағынасында. мен де демалайын. шаршап келдім түсірілімнен… кешкі уақыт дегендей…
Сосын, елдің алдында былжырап кеттік, тақырыптан да ауытқып, келесі пікірталаста жекеде жалғастырайық. Бұған бұл жерде жауап жазбай-ақ қойсаң да болады.
жала жауып құтылғың келеді, ә? :) әй, әлсіз бауырым-ай! :))) (сол жағына тым ауып кеткенді мүсіркеп күліп жатқан смайлик)
ал енді мына коментті оқыңыз, жазған sakenspb қуу ғой.таза қуу… құранна нмысалдар келтіру үшін
ғұлама болу керек дегенді кім айтып жүр оған?
немесе мынау: Onlasyn Ahi жауап береді
қайтара бетпақтық, яки қуу, дәлелсіз сөйлеу.
Onlasyn :) жындының сөзі, былайша айтқанда.Тере берсе осындайлар көп.
Аhi-дің жазғандарынан кейде қисын нышандарын көріп жүрмін…
немесе "ііііі"- деп қоя салатын пікір деп
көтіненкері тартатындар тақырыпқа қатыссыз жазып, сөзіне жауап бере алмаған кезде орын алатын нәрсе!Пікір туралы сендердің пікірлерің көпшілікке қызық болып тұрғаны шамалы…
Тау мен тасты су бұзар,
Ер арасын ку бұзар деуші ма еді?)
satibaldi bauirimiz bosanu kalay boltynin biletndeisn goi na…