Маусым айында көрсетілетін отандық екі фильм
Қазақстандық кинотеатрлар маусым айында “Қазақфильм” түсірген екі кинофильмді көрсетеді.
Сламбек Тәуекелдің “Жерұйық” драмасы 2 маусымнан бастап көрсетіледі. Фильмде Қазақстан халықтарының достығы сипатталады, өткен ғасырдың 30-жылдарынан соң орын алған жұт кезіндегі елдің жағдайы суреттеледі.
Туындының сипаттамасында “Бұл фильм – қазақстандық кәрістер, түріктер, шешендер, күрдтер және өзге ұлт өкілдерінің қиын-қыстау кезеңде, өздерінің қайғы-қасіреттеріне қарамастан, құшақ жая қарсы алған қазақ халқына деген алғысы” деп көрсетілген.
“Жерұйық” фильміне Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалин, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес секілді актерлар түскен.
Жас режиссерлар Тимур Қасымжанов пен Төлеген Байтөкенов түсірген “СуперБаха” фильмі де осы жазда (25 мамыр делініп отыр) ел назарына ұсынылады. Басты рөлдерде Санжар Байымбетов, Төлепберген Байсақалов және Ерболат Төлегенов ойнайды. Туындыда бас кейіпкерлердің адам сенгісіз қасиеттер бере алатын эликсир ойлап тапқаны суреттеледі. “СуперБаханың” жанры “комедиялық комикс” деп жарияланды.
Бұдан өзге осы жылы “Қазақфильм” оннан астам туындыны елге таныстырамыз деп отыр. Олардың арасында Әмір Қарақұловтың “Адам сенгісіз махаббаты”, Егор Кончаловскийдің “А-ға оралу”, “Тоқтар Қарсақбаевтың “Әткеншек” мелодрамасы бар.
Ақпарат көзі

(Қарабалина дей салшы)
Айтпақшы СуперБаханың режиссері Ахат Ибраев сияқты еді…
Енді болмағанда арқа сүйейтін аға қалмады-ау деп түңілейін деп тұрғанда, жарық күндей жарқ ете қалған өзің болдың ғой…
— Осы дос болып жүрген қаншама келімсектер қазақтың жері мен малын тартып алғандықтан ашытққа ұшырамадықпа?