Қауымдастықтарға модераторлар тағайындаймын



Сайттағы офттоп, флудты азайту мақсатында қауымдастықтарға модераторлар тағайындаймын. Әзірше @Ojdan мен @aues Ғибратты әңгімелер қауымдастығына администраторлар болып тағайындалды. Басқа қауымдастықтарға админ немесе модер болғысы келгендер маған жеке хатпен хабарлассын.

Админ және модерлер посттардағы қателерді, ілмектерді, суреттерді жөндеп, пікірлерді де қадағалап отырулары тиіс.
Бөлісу:

25 пікір

Khan
37-жыл қайта оралды десей :)
satibaldi
… Сәкен,Ілиясты,
Бір-ақ түнде ап кеткен,
"Үш әріппін" десеңші.
Құсалықпын десеңші… © Табылды Досымов.
asaubota
тәртіп болмаса болмайын деп тұр. жұрт басқаның пікірін сыйлауды білмейді, мазақ қылу, кекету көбейіп бара жатыр. пародия посттарды да мазақ қылу деп түсінемін. әзілдесудің де әдебі бар ғой.
Ahi
Сайлаймын дегеннен гөрі тағайындаймын деген дұрысырақ болатын сияқты!
asaubota
түзеттім, рахмет :)
a63a1
Кандидатурамды ұсынсам Жұрт мазақ етеме деп ұялып отырмын)
satibaldi
Админ мырза, маған өз қауымдастығымды берсеңіз.
satibaldi
Блог екен ғой, кешірерсіз. Онсыз да өзімдікі екен.
a63a1
жеке блогтарға ше?
Khan
@Ojdan мен @aues Ғибратты әңгімелер қауымдастығына администраторлар болып тағайындалды

«Эротикалық әңгімелер қауымдастығы» ашылып жатса, модераторлықты маған бересің бе. Шымкенттік газеттерде жасаған еңбек өтілім бар еді.
sigma
Діни тақырыптарда жазған (ождан мен ақиға ұнамайтын) посттарым кететін болды -ау
Khan
сол посттарың қайсыбіреулерге маңызды деп ойлайсың ба? :)
sigma
Маған маңызды,
Ojdan
@asaubota, рахмет
asaubota
тексеріп көрші, барлық мүмкіндік бар ма екен?
Ojdan
пікірлерді де қадағалап отырулары тиіс.
Былай ма?
asaubota
қалай ол былай ма деген? :)
Ojdan
Пікірлерді қалай өшіреді?)
asaubota
астында жоқ па Өшіру деген?
Ojdan
жауап жазу,өшіру дегендер жоқ
түзету ғана
monti
кім артық кеткенін біліп, ұялып қаған жағдайда пост/пікірді өшіретін функция болса
админ оған қалай қарайсыз? ;)
balzaminka
Модераторлар сайланғанын білмеппін, жеті айдан бері еш өзгеріс көрмей тұрғаным
Abilakim
ішки жақсы жарасады екен)))қанды ішті ғой жеті ай бойы