ҚАБЫРҒАМ АУЫРЫП ЖҮР АПА...

Сәлеметсіз бе апа! Мен тағыда өзіңізге хат жазудамын. Уайымдамаңыз, менде бәрі жақсы.Жұмыстан келе сала жазып отырмын бұл хатты. Есіңде ме апа, бала кезімде аттан құлап мына жерім ауырып жүр дейтінім. Енді мен ол жердің қалай аталатынын білемін. Қабырға деп аталады екен. Апа, мен Ислам діні жайлы көп кітаптар оқып жүрмін. Әйел адамды Жаратушымыз Адам атамыздың қабырғасынан жаратқан екен. Апа, келініңізді Сіз, ол Сізді көрмеседе әр жұма шелпек пісіріп Құран оқимыз! Апа, соңғы кезде келініңіз жиі ауырып жүр. Біресе ауа жетпей қалады, біресе құса береді, енді бірде басы айналады. Апа, сірә сен немерелі боларсың…
Бөлісу:

7 пікір

a63a1
Сәлеметсіз бе апа! Менің басым ауырып жүр
TERISKEI
Апа, сірә сен немерелі боларсың… — ооо! Қандай керемет! Әке атын арқалар күн алыс емес деші,құттықтай берейін бе, иншАлла!
Abilakim
Біріншіден, мен заңды 2008дің 1 тамызында Әке атанғанмын, заңсыздары жүрген шығар…
екіншіден, әрбір жазбадан жазушының не мен секілді жазғышбектердің жеке басына қатысты жағдай іздеу шарт емес
TERISKEI
айым сорри,Әбеке, жаман ойым болған жоқ :(((
Abilakim
Жаман ойыңның болмағанын білемін, менің айтпағым… менің анам тірі Алла оған және барлық туыстарыма ұзақ ғұмыр берсін! Бәріңізге осыны тілеймін.
Кейде ұшқары ойлаудың қажеті шамалы
sammita
әңгімең көп осы сенің.
Сәлеметсіз бе апа! Мен тағыда өзіңізге хат жазудамын
о дүниеге хат жазуды естімеппін, соншалық екпінмен жауап беруің қызық екен.
Abilakim
Шырақ, мен бұны газет бетіне жариялайын деп отырғаным жоқ қой. Жауабыма айдалада отырып сенің таңырқағаның маған да қызық. "Қабірден хат" (Меломен тобы орындайды)дегендей әндер мен өлеңдерді күнде естіп жүрміз ғой. о дүниеге хатты жүрекпен жазғанымызбен белгілі бір мекен жайға жібермейтініміз анық. әйтпесе, Кеңсай,2 қатардағы 16 қабір деп жазып жатқан ешкім жоқ