Шаш төбелестіру

www.kerekinfo.kz/blog/suleymen26/2689.html#comment41059 мына жазбаны оқып есіме қай-қайдағы түсті. Мектепте (бастауыш кластарда) шаш төбелестіру деген болатын. көлемі төрт елідей қағазға өз шашыңның бір талын қоясың, сосын қарсыласыңның бір тал шашын оның үстіне қоясың көлденеңінен + секілдендіріп.сосын түкіресің әлгінің үстіне.«Мұқият қара» деп айтасың қарсыласыңа, ол үңіліп қарап тұрған кезде түкірікті бетіне жапсыра саласың.Сенің шашың жеңді деген сөз!
Суреттермен бөлісе алмағаныма кешірім сұраймын!
Бөлісу:

6 пікір

konvict
Өрт елі деген қанша? Сосын онша емес екен. Біреуді қорлау ғой, түкірігіңді бетке жағып
Abilakim
төрт елі болып түзетілді. Бала кезіңде қорлау дегенді білмейсің ғой. Соған мәз болатынбыз)))
Қазір ғой саналы түрде қорлаймыз
sigma
Жынды ойын ед.
Сосын үлкен балдар шақырып алып, көзінен түтін шығарғанын көрсететін :)
konvict
Көзден түтін шығаратындар үлкен болғасын ба, қолдың күйгені жанға онша бата бермес еді
serjan
Жиіркенішті әңгіме екен!!! әйтеуір той жүргізгенде айтып жүрмеші.
Abilakim
ағасы, ұлы сөзде ұяттық жоқ.Тышатын жеріміз бен құсатын жерімізді айыра алатын жасқа жеттік.
Балалықтан естелік айтуға болмайды демеші тек…