Бақытсыз Заңғар...

Заңғар бүгін үйленіп жатыр.Өмірінде бірінші рет.Бақыттан басы айналмаса да шат-шадыман болып күлетін күні еді. Күле алмайды бірақ. Жанар «отырмаймын» деп қиғылық салып жатыр. Себебі, мұны сүймейді екен. Сүймесе несі бар?! Бұл да оны сүймейді. Достары, ата-анасы үйлен дегенге сыртынан ұнатқан осы қызды алып қаша салды. Білмейді емес біледі бір-бірін. Үш ай болды танысқандарына. Басқа жігіті бар болса бар шығар… Достары «ауылға бір барса отырып қалады ғой» деген соң алып қашып еді.
Үйдің маңы абыр-сабыр. Көрші келіншек бауырсақ пісіріп жатыр. Інісі самаурынға ағаш жарып дегендей… Ағасы келді қаладан. Бұл осы Оңғар ағасының қолында оқиды қалада. Ағасы көндіріп қалар… Кезінде өзі де осылай үйлеген қу ғой. Бірақ, ойлағанындай болмады. Жанармен оңаша сөйлескен ағасы, қызды қалаға қайтарып жіберді. Бағана қорланып жылаған қыз енді қуаныштан жылап кете барды «Аудидің» артқы сидениесінде…
Заңғардың есіне ағасы Оңғар мен жеңгесінің жиі ұрсыса беретіні түсті. Бір себептен үйленбегені де дұрыс болған шығар. Үйге кіріп теледидарды қосты. көк жәшіктен" Бір жігіт үйленді жақында" деп зарлаған үш жігіт мұны мазақтап тұрғандай еді…
Бөлісу:

4 пікір

konvict
Scheschesse!!! Жанарыңсссс!!!:)))))
edige
Ел Заңғар — Лох демесін деген оймен "Қыз қыз емес екен" деген ангіме таратылды