Ақырзаман болса ең бірінші не істер едіңіз?


Америандық ғалымның айтуымен осы сенбі 21 мамыр күні ақырзаман болады дейді. Алматыда тоқтаусыз жаңбыр басталғалы, жер сілкінгелі білгішбектер 21 мамыр 2011 жылы болжаған ақырзаман болатын болды деп шулап жатыр.
Тіпті интернет беттерін ашып қалсаңыз 1- іздеудегі сөз де ақырзаман екен. Тіпті небір түрлі "өміріңізді ақырзаманнан сақтандырыңыз",- деген жарнамалар немесе "өміріңізді соңғы уақытында не істер едіңіз?" деген сияқты сұраунамалар көбейіп кетіпті.
Тіпті кейбір елді мекендер ақырзаманға дайындалып жатырқ деп хабар да таратып жатыр екен.
Дегенмен, осындай болжамдар адамдар өмірінде жиі айтылатын болжамдар қатарына жатады екен. Тіпті кейінгі жылдары әр бір жылы ақырзаман болады деп күтіледі екен. Ол даталарды мыннан көре аласыздар.

Сонымен, ақырзаман болатыны нақты болса ең бірінші не істер едіңіз?
Бөлісу:

73 пікір

konvict
Жақсылап тұрып бір ішетін едім
askerbek
не ішесің? у ма?
konvict
Құдайға шүкір бір Путинка
qisyq
Неғып ауырып отыр десем…
Zilola
ештеңе де істемеймін, өмірімнің соңына деуір уайым-қайғысыз жүргім келеді. Уайымдағаннан заман өзгермейді, өзім шаршаймын.
a63a1
Банк тонаймын ыхххх
Aikona
Өзім ауылға кетуші ем әке-шешемнің қасына.
Aizhantabyn
ALLAdan kewirim suraisyn da, eger rasymen bolsa…
Tuuf, jan, aitpawy osyndai angime. Denem titirkenip ketedi.

Uzaaaaak, mandi, ademi omir sureikwi )))))
Aikona
Иа ұзақ мәнді өмір сүргім келеді :)
sammita
қо, құрсын бүгін 5D көріп үлгерейін:)
2000 жылғы тамызда ақырзаман болатыны туралы әңгіме есімде еді. Осындай болжамдары мүлт кетіп жатқанда, сәуегейлер не деп ақталады екен (сілтемеде ондаған ықтимал дата тұр да).
AKY
Жүгір кинотеатрға:)))
Arhun
суретімді салып қана отырар едім
Осы ақрзаман /әне басталды, міне басталады/ деп, адамға сана кіргеннен беріп айтып келеді
Мена тая арада болатынына сенбеймін, бірақ күндердің күнінде болатынына сенемін Үйткені еш нәрсе шексіз емес
Тіпті мына ғалам да уақтыша…
sammita
Мена тая арада болатынына сенбеймін, бірақ күндердің күнінде болатынына сенемін
бәріміз солай ойлаймыз, пендешілік, үміт қо...)
Aikona
үміт-адам өлген соң да 5 минут өмір сүреді екен дейді.
zhazular
намаз оқып, кәлимә айтып үлгерсем, шіркін… жалпы бұл тақырып,«Суға ағып бара жатсаң не істер едің» деген сияқты екен :)қарманатын шығармыз…
Khan
Мен бір ғылыми дәлелденген нәрсе екен десем, Исус Христостың рекламасы ма бірдеме ғо.
Gastarbaiter
аман қалу жолдарын қарастырар едім.
AKY
О, тоба, айдалада қалғаным ба)))
VKM
Не де болса үйде, жанұяммен болсам)
Gastarbaiter
Терең бір шұңқырға таңдаулы адамдардың жинап, тығылып, киберпанктың ең үздік стилінде постапокалипсистік жаңа сідік сасымаған қоғамның алғышарттарын құраредім
saken
жоғарыдағы суреттегідей жағдай болса, ешқандай шұңқырға қашып құтыла алмаспыз.
Gastarbaiter
СаянҮштің планетасынан 15 соток жер алып қоям алдын ала. Әйгерім кеттік:)
AKY
Ғаста, шұңқырыңа барайнШ:)))
Nurzhol
Документтерді құшақтап сыртқа жүгірер едім)))

Бұны да әңгіме қып е мое. Болса болсын, ана жақтан бір-ақ шығамыз, не бопты.
AsanQaigy
Ақырзаманның қашан келетінін тек құдай біледі. Бола қалған күннің өзінде де, бұйырғаны болатын шығар. Сенбі күні әдеттегідей ажал Алладан деп, жұмысқа барамын.
sabalak
бір темекімді шегемде, кутіп отырам!
Qojeke
Ух, жер беті жемқор шенеуніктер, малдардан құтылатын болды деп қуанар едім :)
Gastarbaiter
Қазір өле салсаң да шенеунік малдардан құтыласың.
Gastarbaiter
Өлгісі келетін, өмір сүрудің мәні жоқ, өлем-өлем деп зайыпты алатын омыртқасыздарды тізіп қойып қазірден бастап арманын орындай беру керек сияқты.
tutamaz
tastandarw! adam parizdarin otep jurse, mandi omir surip jurse akir zaman kawan kelse de razy!!!
yeti
=))
Ақырзаман сол күні қай уақытта болады?
Қай уақыт екеніне байланысты… бірақ көбіне монитор алдында кофемен қарсы алатын шығармын, ол бар екенін ұмытып кетіп, келесі ақырзаманды есте сақтауды өз-өзіме мықтап тапсырып, ары қарай отыра беретін шығармын.
Aikona
:))) позитивный жауап кен. Бірақ, комптың алдында көп отыра бермеңіз :)
a63a1
Ақыр заман болатын болса тезірек уйленіп ұрпақ қалдыру керек екен
Aikona
хех сонан соң оны кім бағад? :)
a63a1
Бір бала дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады деген барғой, Сол бір жусанды талғажау етіп өмір сүрер! Біздің жусанымыз түгілі сәбізімізде бітіп қаладығой ол күні
a63a1
Ойваааааай ертен ақыр заман))) 20 екенғой бүгін
Aikona
ухаха*ха иа ертең уже :))))
konvict
Ақырзаман болса сенің ұрпағыңда ақырзаман тұзағына ілінеді
TERISKEI
мен 2 ракағат намаз қылып ап, Шығыс Қазақстан қайдасың деп тартып отырар ем (ощм @VKM-ні көріп қалу керек :))))))
Aikona
VKM күт мені десеңші :))
monti
@TERISKEI
@VKM-ні көріп қалу керек
хи/хи, ақырзаманды күтпей/ақ, ШҚО бара берсеңіз болмайды ма?)))
TERISKEI
ық-ық:))) Қазір дайындығым аз ғой, ал прям ақырзаман болады дегенде Алматы-Өскемен бағытында тартып отырамын, ық-ық:)))
monti
Қазір дайындығым аз ғой
қай жағынан аз? материал.?
саттың мына бір жазуы есіме түсіп тұр:
2007. қараша. солай.де сайты. егер ақырзаман болса, мен Бразилияға ұшар едім, бәрібір хаос болып жатыр, самолеттерге ешкім қарап жатқаны жо. мініп алып ұшып кетер едім
сол сияқты… самолеттер тегін, Өскемен бағытына ешкімге керек емес, бос болады ғой деп тұрсыз ғо)))
TERISKEI
ық-ық:))) Дайындығым аз дегенім — біршама нәрселерді қолға алған ем, соның соңына шығып алсам дегенім ғо, матер.жағынан емес, рухани түрде десем — болады! :)))
самолеттер тегін, Өскемен бағытына ешкімге керек емес, бос болады ғой деп тұрсыз ғо))) — ық, ық:))))) дәл солай!
Abilakim
ақырзаман болса оны аяқтап қайтесің? Тарта бер ШҚОға қарай.
ушел Аманжол по теміржол деп
monti
матер.жағынан емес, рухани түрде десем — болады!
рухани жағы неге осы бізді ойландырады екен а? бұлда болса есептің* бір түрі емес пе? әлде компекс?, неге біз, ештеме қарамай таза жүрекпен* жүрмейміз осы ә? :)
VKM
@TERISKEI, отырайық енді ақырзаманның болғанын күтіп.Негуманно ғой
TERISKEI
jaraydi, kutpey-ak bara bereyim be? Jelpildep jetip barsam…
Abilakim
мен интернет желісі үзілгенше «керекинфода» отыра берем, намаз оқимын дей алмаймын. Осыған дейін құлшылық қылмай бір күн құлшылық етіп не пайда табамын?
Abilakim
«21-ші мамыр Сендерге ешқандай да Брюс Уиллис көмектеспейді»деді…
Евангелие от Амандык, стих 101:3
yeti
Мүмкін емес! Брюске сенем.
Dzhuli
сүйіктіме хабарласып, сарғайып сағынғанымды, сағыныш сырларымды сусындырар сияқтымын…
TERISKEI
бұл да күшті вариант екен:)))
satibaldi
Ой лібә, типінақ бәрі сабырлы, ақыл тоқтатқан джентльмендер мен джентльвумендер бола қалғанын нақ! Шаштарыңды жұлып, ойбайлап, талып қалатын боларсыңдар нақ! Жедел жәрдем шақырсаңдар: «Барғанымызбен — мағынасы не?» деп, келмейтін болар.
Abilakim
Болса болсынш… ипотекамыз бітпей болса екен не болса да!
Gastarbaiter
кредитный отделден саған бір минус:))
neoman
Бұның бәрі түк емес қой. Бір танысыма өтіп кеткен рак деп диагноз қойып, бірнеше айда өлесің, дайындал деген. Соның басына нағыз ақырзаман түсіп еді. Марқұм, бір жылдай күтті. Бірақ үміт отын сөндірмей, жазылам деп сеніп, позитивно ойнап-күліп жүрді.

Біздің жағдайда, жүрттың бәрі қырылатын болған соң, жақсы көңіл-күймен қарсы алуға болады)))

Мен жинаған бүкіл ақшамды рахаттанып жаратар ем)))
Khan
Көп пе жиған тергенің?
neoman
Бір тойлауға жетсе болды емес пе?!
serjan
Ақырзаман болса не істесеңде бәрібір емес пе? оның несін талқылайсыңдар.
a63a1
Қарағандыда күн қатты шақырайып кетті, бұл белгіме?
qisyq
Алматыда соңғы апта боран көбейіп, күн райы бұзылып… анау күнгі жер сілкінісі ол бар…
Не то, не то…
Ақырзаман болса, тірі қалуға тырысар едім."Үмітсіз шайтан".
AKA
«Кей­де тезірек ақырзаман болса екен деп армандаймын… Алланың алдында кімнің қа­лай ТЕСТ тапсырғанын көргім ке­леді.» (а) Мен де осы пікірде боламын, кееейде…  Кәлимамды айтып өтсем, сосын жиған сауабым болса, ата-анама жазылса екен деймін… ақ сүтін ақтай алмасам, ең болмағанда осылай жасар едім, мүмкін болса...
omarbirat
«Кей­де тезірек ақырзаман болса екен деп армандаймын… Алланың алдында кімнің қа­лай ТЕСТ тапсырғанын көргім ке­леді.»
Тесттің жауаптарын сатып алған адам сияқты айтыпты ғой
AKA
 Сатирик қой, күнәдан ешкім ада емес…
DoktorD
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде, «Ағраф» сүресінің 187 аятында: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Аллаһтың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де» – деп Ақырзаманның қашан болатындығын жәй ғалымдар түгілі Аллаһ Елшісі (с.а.с) білмейтіндігін айтуда. Пайғамбарымыз (с.а.с) «Расында Қиямет жұма күні болады…» деген хадисінен Ақырзаманның жұма күні болатындығын ғана білеміз. Бірақ қай жылдың, қай айдың нешінші жұмасы екенін бір Аллаһтан басқа ешкімде білмейді де білалмайды.

2012 жылы ақырзаман болады деген сандырақтың қате екеніне жоғарыда келтірген Құран аятының өзі толық жеткілікті.Осыдан бірнеше жыл бұрын «ойбай 2000-шы жылы ақыр заман болады-мыс» деп, одан болмай 2002 жылға көшкен болатын. Биыл 2011 жылға аман есен жеттік. Ал, бос сандырақ, болады деп сөз шығарғандарға абыройсыздықтан басқа ештеңе алып келген жоқ. Енді жоғарыдағы деректерге көз салыңыз, 2012 жылы былай тұрсын 2014, 2018, 2019 тіпті 2036 жылдан ары деп көрсетілген бірнеше деректер бар. Бұдан адамзат баласы қанша зерттеп бүкіл өмірін сол жолда сарп етсе де ақырзаманның қай күні екенін дәлірек айталмайтынына көз жеткіземіз.

Ендеше Абай атамыз айтқандай: «Аллаһтың өзі де рас, сөзі де рас» – деп Құранда айтылғандай ақырзаманның қай күні боларын тек барлығын жаратушы Жаппар Ие ғана біледі.
Пікір түзетілген: 22 тамыз 2011, 12:33
Beytanis
Сонымен, ақырзаман болатыны нақты болса ең бірінші не істер едіңіз?


Нөу пәник.
Gulistan
Ол туралы білмегеніміз дұрыс болар. Сын сағаты кез-келген уақытта болуы мүмкін.
Пікір түзетілген: 22 тамыз 2011, 16:52