Сандық қолтаңба алдың ба?

Алмасаң тездетіп ал. Саған дейін 517513 адам сандық қолтаңба алып алды. Бұл деректі бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ашық кілттер инфрақұрылымы департаментінің директоры Айдос Сүлейменов айтыпты, БАҚ-қа.

«Қазіргі таңда Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар үшін 517513 электрондық сандық қолтаңба берілді. ЭСҚ көмегімен кез келген азамат www.egov.kz «электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтерді ала алады. Ал заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер www.goszakup.gov.kz порталында электрондық мемлекеттік сатып алуларға қатысуға толық құқыққа ие болады деді ол",- деп жазады менің әріптесім.

Айтпақшы сандық қолтаңба алу тегін. Әрі біраз нәрсеге қолайлы екен. Мен алып едім қазір рахат, бар нәрсені осымен шешіп жүрмін деп соғып жіберсең. Жоқ, біраз қолайлы екен.Өткенде ЦОН-ға жүгірмей анықтама алдым.Ақысы төленбеген.Сандық қолтаңбаның жақсылығын көріп, тегін -ақ жарнамалап отырмын)))
Бөлісу:

9 пікір

Zilola
Түсінсем бұйырмасын, бұны қайдан аламыз? Қандай құжат қажет, мен сияқты адамға ол керек пе?
VKM
Ербол, түсіндіріңізші, жақсы нәрсе болса, неге алмасқа?
meruert
Ербол, Бұл не? Анықтап түсіндірші.
sabalak
ЦОНның үйдегі бөлімшесі десейш.
Erbol
Ал түсіндірейін.Кештеу жауап жазғаныма айып етпессіздер.
Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦП) — сіздің қолтаңбаңыздың аналогы. Электронды мәліметтердің криптографиялық өзгеруі қорытындысында алынған символдар реттілігі. Сонымен біге бұл электронды құжатты растайтын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құрал.

Сандық қолтаңба орысша айтқанда цифровая электронная подпись арқылы электронды үкімет порталы ұсынатын қызметтерге үйде отырып-ақ, интернет арқылы қол жеткізіп, 1 мыңнан астам анықтамаларды алуға болады. «Электронды цифрлық қолтаңбаға ие болу арқылы сіз бірінші кезекте, өз уақытыңызды үнемдейсіз. Және электронды үкіметтің порталындағы қызмет түрлерін үйіңізде отырып-ақ пайдалана аласыз. Мысалы, зейнетақы аударымдары немесе жеке мүлкіңіздің бар жоқтығы туралы анықтаманы алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Интернет арқылы электронды үкіметтің порталынан санаулы минутта алып боласыз. Яғни интернет арқылы жіберген сұранымыңызды міндетті түрде өзіңіздің электронды қолтаңбаңыз арқылы растауыңыз керек. Мемлекеттік орган сіздің қолтаңбаңызды сәйкестендірген соң, сіз сұраған анықтамаңызды аласыз», — депті бір сұхбатында ҚР Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев.

ЭЦҚ алу үшін www.egov.kz сайтында өтініш толтыру, (толтыру кезінде өзіңізге жақын маңдағы кез-келген ЦОН-ды көрсете беріңіз)содан кейін маңайдағы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, операторға өзіңіздің жеке куәлігіңізді көрсетуіңіз қажет, сөйтіп, ЭЦҚ беруге өтініш бергеніңізді қуаттайсыз.ХҚО мамандары электронды қолтаңбаңызды почтаңызға жібереді.

Мәліметтер сайты жалпы ЭЦҚ туралы былай деп ақпарат беріпті. Электронды Сандық Қолтаңба (ЭСҚ) — электронды түрдегі құжаттарға арналған жеке немесе заңды тұлғаның электронды қолтаңбасы. Электронды Сандық Қолтаңба түсінігі алғаш рет 1976 жылы Уитфилд Диффи мен Мартин Хеллманның ЭСҚ деген жаңашыл технологияны жасау мүмкін екендігін айтқан кезден бастап пайда болды.

Қазіргі уақыттағы және бұған дейін пайдаланып келген дәстүрлі қағаз құжаттарға қойылатын қолтаңба қаламсаппен қойылып келген болса, ЭСҚ жүйесіндегі қолтаңбаңыз жеке басыңызды куәландыратын электронды құжат және әр бір жеке немесе заңды тұлғаға берілетін ашық кілт (сертификат) арқылы қойылады. Осы екеуін пайдалану нәтижесінде криптографиялық (құпия) ақпарат құралады. Электронды құжат ресми түрде жарамды құжат секілді күшке, маңызға ие болу үшін электронды сандық қолтаңба қажет.
qisyq
Ербол, а, Ербол, не бұл???
sigma
„Сандық қолтаңба„ қызық естіледі.

Ақтөбеде бір көшеде қазақша жарнама ілулі тұрыпты мәтіні мынадай. „Бір теледидар алсаңыз, бір сандық фотоаппарат тегін„
Осыны көргенде — „бір сандыққа қанша фотоаппарат сияды екен?„-деген ой келед еріксіз
a63a1
кадастрлық анықтама ала аламызба ЭҚ мен? ХҚО (ЦОН) да істейтіндер барма?