Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев әріптестеріне өздерін-өздері таратуды ұсынды


Жемқорлықпен күресті күшейтейік, болмаса тарайық(парламентті таратайық).Бүгін Парламенттің отырысында депутат Ирак Елекеев әріптестеріне осылай деп салды, деп жатыр БАҚ. Оны естіп алып орынды-орынсыз байбалам сала беретін менің кейбір әріптестерім бұл бекер емес, сайлаудан соң, жазға таман парламент тарайды дегендері шын болды дей бастады.Үдеп кетпесе болды.
Елекеев мырза қоғамның жегі құртына айналған жемқорлықпен күресте парламентшілер қол қусырып қарап отырмай, сайлаушылардың құқықтарын қорғауы тиістігін, қылмыстық синдикаттар қызметінің алдын-алу үшін құқық қорғау органдырына көмектесулері тиістігін айтыпты. «Егер де бұған қабілетсіз болсақ, онда қәнеки, тарайық, — депті И. Елекеев. Парламенттің араласқаны жөн-ақ. Менің айтайын дегенім бізде жемқорлықпен күрес дұрыс, оң бағытта жүргізіліп жатыр ма? Әлде…
Бөлісу:

12 пікір

alisha
Дауысым босқа кетпеген екен;)
edige
Онсыз да сайлау алдында таратуы керек. Ал ары қарай не болады? Қайта сайланады /халық дауысысыз/. Бір өзгеріс көрінбейді
nurbergen_makym
Лібә, бұларға Парламент ойыншық болды-ау, нақ.
a63a1
пәленшеңді пәленше етейін! Сценарий бойынша бәрі
sammita
меніңше Әлде…
Erbol
бәрі сценарий бойынша ма дегенім ғой.
sammita
оң бағытта жүргізіліп жатқан жоқ сияқты дегенім ғо:)
Erbol
Оған да келеді
a63a1
Депутат отыр партада екі қолы қалтада… Халық бірдеме сұраса ұқтап қапты патада иииикк ө_Ө
AsanQaigy
Иарк ағама келесі сайлауда міндетті түрде дауыс беремін. Жасасын Ирак!!!
nurbergen_makym
Иарк емес, Иорк де :)
Erbol
Иарк ағама келесі сайлауда міндетті түрде дауыс беремін.
Бізде жеке депутатқа дауыс бере алмайсың. Тек партияға, дұрысырақ айтсақ Нұр Отанға)))